«KTZ Express» АҚ Портфельді басқару департаментінің менеджері
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттері:
- Бекітілген еншілес және тәуелді ұйымдардың (ЕТҰ) қызметіне талдау жүргізеді және осы талдау негізінде олардың қызмет тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлейді.
- Бекітілген ЕТҰ қызметінің сандық және сапалық көрсеткіштерін белгілеу мәселелерін келіседі және осы бағытта ұсыныстар дайындайды.
- Бекітілген ЕТҰ-лардың мәлімделген сандық және сапалық көрсеткіштерге қол жеткізу деңгейіне мониторинг және талдау жүргізеді.
- Бекітілген ЕТҰ-лардың негізгі қызмет көрсеткіштерінің (НҚК) орындалуына мониторинг және талдау жүргізеді.
- Бекітілген ЕТҰ бойынша корпоративтік шешімдердің уақтылы қабылдануын бақылауды және қамтамасыз етуді жүзеге асырады, сондай-ақ басқару органдары мен атқарушы органдар қабылдаған шешімдердің орындалуына мониторинг жүргізеді.
- Белгіленген тәртіппен бекітілген ЕТҰ-лардың басқару және атқарушы органдары шешімдерінің жобаларын келісуге қатысады.
- Департаментте іс жүргізуді жүзеге асырады.
- Қоғамның аппараттық кеңесінде берілген тапсырмалардың орындалуы бойынша апта сайынғы анықтамалар мен ақпараттарды келіседі және дайындайды.
- Қоғамның ЕТҰ-лармен, сондай-ақ акциялар пакеттері (қатысу үлестері) Қоғамның сенімгерлік басқаруына берілген заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша іс-шараларды әзірлеуге және олардың орындалуын қамтамасыз етуге қатысады. Бұл ретте акционердің (қатысушының) функцияларын жүзеге асыру және директорлар кеңестерінде (байқаушы кеңестерде) өкілдік ету арқылы жұмыс жүргізеді.
- Қоғам активтері портфелінің құрылымын оңтайландыру бойынша ұсыныстар әзірлейді.
- Қоғам басшылығының тапсырмасы бойынша Қоғам қызметінің аясын кеңейтуге және өсуін қамтамасыз етуге бағытталған жобаларды сүйемелдеу жұмыстарына қатысады. Атап айтқанда, бірігу, қосып алу немесе Қоғамның және өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы акциялар пакеттерін (қатысу үлестерін) өзгерту жөніндегі мәмілелерге (M&A жобалары) қатысады.
- Белгіленген тәртіппен Қоғамның және оның ЕТҰ-ларының үшінші тарап ұйымдарымен бірлесіп заңды тұлғаларды құруға немесе заңды тұлғалардың акцияларын (қатысу үлестерін) сатып алуға қатысуы жөніндегі келісімдер мен шарттарды әзірлеуге және келісуге қатысады.
- Бекітілген ЕТҰ қызметіне қатысты ақпараттарды (анықтамалар, есептер) дайындауды жүзеге асырады және оларды «ҚТЖ» ҰК» АҚ-на, «Самұрық-Қазына» АҚ-на және мемлекеттік органдарға ұсынады.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
- Мамандығы: Экономика; Менеджмент; Есеп және аудит; Құқықтану; Қаржы; Халықаралық құқық; Халықаралық қатынастар; Жерге орналастыру; Кадастр; Құрылыс; Сәулет; Бағалау; Мемлекеттік және жергілікті басқару.
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бағыты бойынша кемінде 3 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр