Сұрыптау цехының пошта жөнелтілімдерін сұрыптау учаскесінің сұрыптаушысы
Филиал АО Казпочта Информационно-логистический центр «ЮГ» Алматы қ.-
Атаулы заттарды қол қойғызып алу, компьютерлердің, «ӨЖЖ» (ПУС — Почталық есепке алу жүйесі) бағдарламалық жасақтамасының, технологиялық жабдықтардың жұмысқа дайындығын тексеру;
-
Пошта жөнелтілімдері мен ыдыстарын қабылдау, өңдеу, жөнелтіп жіберудің технологиялық процесін сақтау;
-
Пошта жөнелтілімдері мен ыдыстарын өңдеу, сұрыптау регламентін сақтау;
-
Ілеспе құжаттарды тексере отырып, сыртқы тексеру жүргізу, атаулы тексеру және қолхаттар жаза отырып, өндірістік учаскелерден пошта жөнелтілімдерін қабылдау тәртібін қамтамасыз ету;
-
Міндетті түрде теңгерімдік ведомостіні толтыра отырып, қабылданған поштаға өндірістік құжаттаманы қалыптастыру және тігу (тіптеу);
-
Қаптардың, қабықтардың, байламдардың, мөрлердің бүтіндігіне мұқият сыртқы тексеру жүргізе отырып, «Сақтандыру» қаптарын қабылдау. Қаптарды ашу, құнды хаттарды, бандерольдерді, шағын сәлемдемелерді, ұсақ пакеттерді алдын ала сұрыптау;
-
Пошта жөнелтілімдерін өңдеу бойынша барлық бұзушылық жағдайларына (толық көлемде түспеу, суланған күйде келуі, ішіндегі затқа қол жеткізу мүмкіндігінің болуы, ілеспе құжаттың болмауы және т.б.) ф.51 актісінің (Пошта ережелерінің 870-871 баптары), ф.30 хабарламаларының (Пошта ережелерінің 865-869 баптары) бұзылуын дер кезінде анықтау және ресімдеу;
-
Сұрыптау машинасында ұсақ пакеттер мен сәлемдемелерді сұрыптауды жүзеге асыру;
-
Қабылданған пошта жөнелтілімдерін Қазақстан Республикасы бойынша бағыттау жоспарларына сәйкес сұрыптауды, тіркеуді (жазып алуды) және жөнелтуді жүзеге асыру;
-
Кезеңішілік бақылау мерзімдері мен бағыттау жоспарына сәйкес ӨЖЖ (ПУС) бағдарламасында «Сақтандыру» қаптарын қалыптастыру, оларды өлшеу және БҚҚ-мен (ЗПУ — бекіту-пломбалау құрылғысы) тартып бекіту;
-
Бағыттау жоспарына сәйкес ӨЖЖ (ПУС) бағдарламасында қалыптастырылған «Сақтандыру» қаптарын қабылдау-тапсыру актісі бойынша жөнелтуге тапсыру. Поштаны бағыттау жоспарларындағы барлық өзгерістермен танысу;
-
Учаскеде пошта көлемі болмаған жағдайда, сұрыптау цехының басқа учаскесінің поштасын өңдеуді жүзеге асыру;
-
Цех, учаске бастығының, нұсқаушының, ауысым үлкенінің жекелеген тапсырмаларын орындау;
-
Жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін атаулы заттарды жауапты тұлғаларға сақтауға тапсыру. Жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін компьютерді, электр жабдықтарын өшіру және жұмыс орнында тәртіп орнату (жинау);
-
Пошта ережелерін, Қазақстан Республикасының халықаралық пошта алмасу орындарында халықаралық поштаны өңдеу ережелерін, Пошта байланысы қызметтерін көрсету ережелерін және филиал мен Қоғамның басқа да нормативтік құжаттарын қатаң сақтау;
-
Тастаматтарға ТПЖ (РПО — тіркелетін пошта жөнелтілімі) дұрыс өңделуін және тіркелуін қамтамасыз ету;
-
Пошта жөнелтілімдерін өңдеу нормативтерін орындау;
-
Кезеңішілік бақылау мерзімдерін сақтау;
-
Пошталық қауіпсіздік басқармасына (УПБ) пошта жөнелтілімдерінің қалдықтары бойынша есепті дер кезінде ұсыну;
-
Құндылықтардың, мүліктің, атаулы заттардың, қаптардың, жабдықтардың, компьютерлік техниканың сақталуын, хат-хабарлар мен телефон арқылы сөйлесулердің құпиялылығын қамтамасыз ету;
-
Пошта жабдығын оны пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың талаптарына сәйкес пайдалану;
-
Өзіне сеніп тапсырылған құндылықтардың сақталуына қауіп төндіретін барлық мән-жайлар туралы және ықтимал немесе анықталған тәуекелдер (тыйым салынған заттардың табылуы, өрт туралы және т.б.) туралы басшылықты дер кезінде хабардар ету;
-
Филиал, Қоғам басшылығының, өндірістік учаске, цех бастығының, нұсқаушының нұсқаулары мен тапсырмаларын дер кезінде орындау;
-
Пошта жөнелтілімдерінің сақталуын қамтамасыз ету;
-
Пошта ережелерін, пошта байланысы қызметтерін көрсету ережелерін, бағыттау жоспарларын, кезеңішілік бақылау мерзімдерін орындау талаптарын сақтау;
-
Техникалық қауіпсіздік және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау;
-
Іскерлік әдеп кодексі мен еңбек тәртібінің талаптарын сақтау;
-
Жұмысқа шығу графигін, тамақтануға шығу уақытын, демалысқа арналған үзіліс уақытын қатаң сақтау.
Талаптары:
- ДК еркін пайдаланушы
- жұмыс тәжірибесі қажет емес
Шарттары:
ауыспалы кесте
Қажетті қабілеттер
- - Дисциплинированность и ответственность
Қажетті білім дәрежесі
- Орташа білім
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Озат)
- Орыс тілі (Орташадан жоғары)
Ұқсас вакансиялар