«ҚазТрансОйл» АҚ Ақтөбе мұнай құбыры басқармасының технологиялық көлік және арнаулы техника цехының (ұзындығы 7-12 м) автобус жүргізушісі

«ҚазТрансОйл» АҚ Ақтөбе қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
9

Қаралған саны:
229

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • жұмыс басталар алдында міндетті түрде көлік құралын өзін-өзі тексеру бақылау қағазын (АҚ НК «ҚазМұнайГаз» жер көлік құралдарын қауіпсіз пайдалану ережесіне сәйкес №1 қолдану) толтырып және қол қойып тексеру. Жол бойында оған бекітілген техниканың сақталуын қамтамасыз ету, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін (тежеулер, рульді басқару, сыртқы жарықтандыру қауіпсіздік және дабылдама аспаптары) көлік жабдығының жарамды техникалық жағдайын тораптар мен жүйелерге назар аудару, сонымен бірге автокөлікте алғашқы медициналық көмектің дәрі қобдишасының, апатты тоқтау белгісінің, өрт сөндіргіштің, сырғып кетуге қарсы құралдың болуын қамтамасыз ету; 
  • бағдар бойынша жүру кезінде жылдамдық тәртібін, жолаушыларды тасымалдау ережелерін, бөтен жолаушыларды, жүктерді тасымалдауға тыйым салу талаптарын және жол жағдайын есепке ала отырып жол қозғалысы ережелерін сақтау;
  • механизмді тарқатуды талап етпейтін желідегі жұмыс кезінде туындаған ұсақ жарамсыздықтарды жою;
  • тұраққа қайтып оралған соң автокөлікті жуу және белгіленген орынға қою;
  • алғашқы құжаттарды толтыру ережелерін сақтай отырып, жол қағаздарын рәсімдеу;
  • ауысымды қабылдаумен және тапсырумен, өз жұмыс орнын, жабдықтарды, құрал-саймандарды, айлабұйымдарды жұмысқа уақытында даярлаумен және оларды қажетті жай-күйінде күтіп ұстаумен байланысты жұмыстарды орындауға;

Талаптар:

  • «В», «С» және «D» санаттағы көліктерді айдауға құқық беретін куәлік

Шарттар:

  • Ұжымдық келісім
  • Медициналық страховка

Қажетті білім дәрежесі

  • Орташа білім

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Озат)