Өндірістік оқыту шебері Өндірістік персонал "ҚТЖ" ҰК" АҚ филиалы - "Тараз көліктік оқу орталығы"

от 320 110
Филиал АО "НК "ҚТЖ" - "Таразский учебный центр транспорта" Тараз қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
119

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

1 Оқу орталығының күндізгі және қашықтықтан оқыту үшін оқу процесінің кестесін әзірлеуге қатысады
2 оқу орталығын күндізгі және қашықтықтан оқыту үшін жылдық сағаттық жүктеме туралы анықтама жасауға қатысады
3 Оқу орталығының күндізгі және қашықтықтан оқытуға арналған өндірістік бағдарламасын әзірлеуге қатысады
4 біліктілік емтихандарын ұйымдастыру үшін қажетті құжаттаманы жасайды
5 топ кураторларымен бірлесіп кіру және аралық тестілеудің өткізілуін, сондай-ақ тыңдаушылардың ағымдағы үлгерімі мен сабаққа қатысуы бойынша ай сайынғы мониторингін ұйымдастырады және бақылайды
6 оқу құжаттамасын (емтихан ведомостарын, қорытынды тестілеу ведомостарын, емтихан билеттерін, жиынтық ведомостарды, хаттамаларды) ресімдейді және оқытушылардың топтардың журналдарын толтыруын бақылайды
7 оқу процесінің кестесіне сәйкес апта сайынғы сабақ кестесін жасайды 
8 оқу орталығының тыңдаушыларының оқу сабақтарына қатысуын бақылауды және мониторингті жүзеге асырады
9 сабаққа қатысуды тексеру қорытындысы бойынша анықтама жасайды
10 бекітілген оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес тыңдаушылардың жұмыс табельдерін толтыру және тыңдаушылардың сабаққа қатысуы мен үлгерімінің оқу журналдарының толтырылуын тексеру жұмыстарын жүргізеді
11 куәліктерді даярлау, қайта даярлау, біліктілікті арттыру курстарын аяқтау туралы куәліктерді есепке алу және беру журналдарында тіркейді 
12 тыңдаушылар құрамы бойынша: қабылдау /оқудан шығару туралы, емтихан комиссиясының құрамы туралы, емтихандарға жіберу туралы бұйрықтарды тіркеу журналын жүргізеді
13 білім алушылар контингентінің қозғалысын есепке алуды және талдауды жүргізеді (қабылдау, шығару, оқудан шығару)
14 кәсіптік даярлау, қайта даярлау, біліктілікті арттыру курстарына жіберілген тыңдаушыларды тіркейді / ресімдейді
15 оқыту сапасын бағалау бойынша сауалнама жүргізеді( топ кураторымен бірлесіп), оқу орталығына оқуға келген "ҚТЖ "ҰК" АҚ қызметкерлерінің сауалнамаларын талдайды
16 локомотивті өз бетінше басқару құқығына (МВПС) алдын ала, теориялық сынақтар, Тепловоздар, электровоздар, ССП машинистері үшін машинист (ТУ-139) біліктілігін беру туралы актілерді ресімдейді
17 Астана қаласының жылжымалы құрам департаментіне Тепловоздар, электровоздар, ССП машинистеріне құжаттар пакетін жинақтайды және жібереді
18 оқу орталығының тыңдаушыларын оқытуды ұйымдастыру үшін қашықтықтан оқыту және тестілеу жүйесінде барлық қажетті жұмыстарды жүргізеді
19 көлік оқу орталығы директорының тапсырмаларын орындайды.
20 негізгі құралдар мен тауарлық-материалдық құндылықтарды жоспарлы түгендеуге қатысады.
21 қаржылық тексеру және аудиторлық тексеру барысында қатысады.
22 Тараз көлік оқу орталығында бұрын білім алған куәліктерден, ОО-да алынған сертификаттардан (жоғалғаны, бүлінгені бойынша) өтінішті пысықтайды.
23 Оқу орталығының келген тыңдаушыларымен нұсқама бойынша ТНУ-19 журналын жүргізеді.
24 ОО тыңдаушыларының хаттамасын, оқуын аяқтау туралы бұйрығын дайындайды, бұдан әрі қатысушы департаменттерге, құрылымдық ұйымдарға жібереді.

Біліктілік талаптары:

Білімі: жоғары, техникалық немесе кәсіби.  
Мамандығы: персоналды басқару, психология, экономика/қаржы, филология, әлеуметтану, Құқықтану, педагогикалық мамандықтар, теміржол мамандықтары, техникалық мамандықтар, логистика, менеджмент және/немесе бизнес-функциямен байланысты.
Жұмыс тәжірибесі:
Міндетті: қызмет бейіні бойынша кемінде 1 жыл 
Жақсырақ: қызмет бейіні бойынша кемінде 1 жыл, теміржол көлігі кәсіпорындарында - кемінде 6 ай.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр