«ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі» филиалының қызметтік көлік жүргізушісі
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
Қызметтік автокөлік құралын басқару және оның қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету.
Басшылықтың тапсырмаларына сәйкес қызметтік сапарларды уақтылы орындау.
Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидаларының талаптарын сақтау.
Көлік құралының, тасымалданатын жолаушылардың, құжаттар мен мүліктің сақталуын қамтамасыз ету.
Жолға шығар алдында автокөліктің техникалық жағдайын, жанармай, майлау және салқындатқыш сұйықтықтардың деңгейін, негізгі тораптар мен агрегаттардың жарамдылығын тексеру.
Автокөлікті таза және техникалық жарамды жағдайда ұстау.
Көлік құралының техникалық қызмет көрсетуі мен техникалық байқаудан уақытылы өтуін қамтамасыз ету.
Автокөліктегі ақаулар, жол-көлік оқиғалары және өзге де төтенше жағдайлар туралы басшылыққа дереу хабарлау.
Жол парақтарын, есепке алу журналдарын және белгіленген өзге де құжаттарды жүргізу.
Жанар-жағармай материалдарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету.
Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария талаптарын сақтау.
Қызметтік автокөлікті пайдалану мәселелері бойынша тікелей басшының тапсырмаларын орындау.
Еңбек тәртібін, қызметтік әдеп нормаларын және ұйымның ішкі нормативтік құжаттарының талаптарын сақтау.
Тиісті рұқсатсыз қызметтік автокөлікті жеке мақсаттарда пайдалануға жол бермеу.
Біліктілік талаптары:
Білімі:
Міндетті: орта, орта арнаулы (техникалық және кәсіптік).
Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар:
Жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе автокөлік жүргізушісі ретінде кемінде 1 жыл жұмыс өтілінің болуы.
Арнайы талаптар:
- Тиісті санаттағы жарамды жүргізуші куәлігінің болуы.
- Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидаларын білу.
- Автокөлік құралдарының құрылысын, техникалық сипаттамаларын және пайдалану қағидаларын білу.
- Автокөліктің техникалық жағдайын күнделікті тексеру және бақылау дағдыларының болуы.
- Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі талаптарын білу.
- Көлік құралдарын басқаруға медициналық қарсы көрсетілімдердің болмауы.
Қосымша талаптар:
Қосымша талаптар:
1. «В», қажет болған жағдайда «С» санатындағы жүргізуші куәлігінің болуы.
2. Автокөлікті қауіпсіз басқару бойынша практикалық тәжірибесінің болуы.
3. Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидаларын білу және сақтау.
4. Автокөліктің техникалық құрылымы мен пайдалану ерекшеліктерін білу.
5. Жол парақтарын және өзге де есептік құжаттарды дұрыс рәсімдеу дағдыларының болуы.
6. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі талаптарын білу.
7. Денсаулық жағдайы бойынша көлік құралын басқаруға жарамды болуы.
8. Жауапкершілік, тәртіптілік, ұқыптылық және адалдық қасиеттерінің болуы.
9. Қызметтік ақпараттың құпиялылығын сақтау.
10. Қызметтік қажеттілікке байланысты жұмыс уақытынан тыс кезде тапсырмаларды орындауға дайын болуы.
Қажетті білім дәрежесі
- Техникалық және кәсіптік білім беру
Ұқсас вакансиялар