Зертханалық зерттеулер департаментінің директоры
«ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Атыраудағы филиалы Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттер:
- Зертханалық зерттеулер департаментінің менеджмент жүйесі құжаттамасының және Филиалдың интеграцияланған менеджмент жүйесінің талаптарын сақтау, сапа саласындағы саясат пен мақсаттарды іске асыруға белсенді қатысу; зертханалық зерттеулер департаментінің қызметіне қатысты қызметтік жазбалардың, өтінімдердің, актілердің және өзге де құжаттардың әзірленуін және орындалу барысын бақылау;- Зертханалық орталықтың даму стратегиясын айқындауға қатысу;- Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, алынған нәтижелерді ғылыми мақалалар түрінде жинақтау;- Ағымдағы және перспективалық жобаларды іске асыру үшін қажетті жабдықтар мен қосалқы материалдарды сатып алу үдерісін бақылау;- Ағымдағы шарттар бойынша жұмыстардың орындалу үдерісін тапсырыс берушімен өткізілетін бастапқы кеңестерден бастап ғылыми-техникалық кеңесте (ҒТК) қорғауға дейін бақылау;- Өндірістік бағдарлама бойынша жұмыс жоспарларын әзірлеуге, қойылған міндеттер бойынша жұмыс көлемін талқылауға қатысу, жұмыс бағдарламаларын, техникалық тапсырмаларды әзірлеуге қатысу, шешу жолдарын ұсыну, жауапты орындаушыларды айқындау, департаменттің әртүрлі зертханалары мен басқа департаменттердің өзара жұмысын үйлестіру;- Еңбек шартында және лауазымдық нұсқаулықта өзіне жүктелген міндеттерді орындау;- Өзіне жүктелген міндеттерді орындау кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының, Серіктестік Жарғысының және Серіктестіктің ішкі құжаттарының талаптарын сақтау;- Еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтау;- Тікелей басшының бөлімше қызметіне және жұмыскердің еңбек міндеттеріне қатысты өзге де тапсырмаларын орындау;- Лауазымдық нұсқаулықта көрсетілген уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін атқару;- Бөлімшеге жүктелген міндеттерге сәйкес бөлімшенің жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру;- Бағынысты жұмыскерлердің жұмысын үйлестіру, тапсырмалардың уақытылы және толық орындалуын бақылау;- Бағынысты жұмыскерлердің кәсіби дамуын жоспарлау, олардың міндетті оқытудан және бағалаудан уақытылы өтуін қамтамасыз ету;- Тапсырмалар мен нұсқаулардың нақты орындалуын, белгіленген көрсеткіштердің орындалуын талдау. Ауытқулар анықталған жағдайда (мерзімдер, міндеттер көлемі, орындалған жұмыстың сапасы бойынша) түзету іс-шараларын әзірлеу және іске асыру;- Өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларға сәйкес сеніп тапсырылған бөлімшенің тиімді жұмысын қамтамасыз ету;- Бағынысты жұмыскерлер үшін нәтижелілік пен тиімділіктің мақсатты көрсеткіштерін белгілеу және бекітілген мақсаттарға қол жеткізуді бақылау;- Қызметкерлер мен аутстаффинг персоналының EKS порталында орналастырылған бөлімше туралы ережемен уақытылы танысуын қамтамасыз ету;- Қызметкерлер мен аутстаффинг персоналының EKS порталында орналастырылған лауазымдық нұсқаулықпен уақытылы танысуын қамтамасыз ету;- EKS порталында бөлімше туралы ереженің және лауазымдық нұсқаулықтардың уақытылы әзірленуін қамтамасыз ету.
Талаптар:
- Высшее профессиональное образование по соответствующему профилю деятельности, наличие степени магистра, ученой степени по соответствующему профилю должности/менеджменту/ экономике/финансам/биологии и экологии/химии/МВА/IT/другое (желательно), наличие сертификата, выданного аккредитованной организацией по профессиональной сертификации бухгалтеров (для главного бухгалтера)
- Не менее 8 лет, не менее 5 лет желательно по профилю в национальных и/или международных компаниях и/или областях, соответствующих функциональным направлениям должности
- Не менее 3 лет в производственных/сервисных компаниях нефтегазовой отрасли
- Не менее 8 лет, не менее 5 лет желательно по профилю в национальных и/или международных компаниях и/или областях, соответствующих функциональным направлениям должности
- Қазақ тілін білу;- Әрбір зертхананың жүргізетін зерттеу түрлерін білу, олардың мақсаттары мен міндеттерін түсіну, зертханалардың түрлі департаменттермен өзара іс-қимыл жасау мүмкіндіктерін білу; техникалық тапсырмаларды, зертханалық зерттеу бағдарламаларын, ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарларын әзірлеу дағдылары; алынған нәтижелерді талдау, қорыту және ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша есептерді дайындау дағдылары; Сапа менеджменті жүйесін (СМЖ) енгізу мен қолдауды бақылау;- Зерттеулер жүргізу кезінде қолданылатын аспаптардың, аппаратуралар мен жабдықтардың жұмыс тәртібі мен пайдалану қағидаларын білу;- Техникалық құжаттаманы рәсімдеу тәртібін білу;- Серіктестіктің ішкі еңбек тәртібі қағидаларын білу;- Бөлімшенің қызметін реттейтін Серіктестіктің өзге де ішкі құжаттарын білу;- Заманауи технологияларды пайдалана отырып кен орындарын зерттеу мақсатында мұнайды, мұнай өнімдерін және химиялық реагенттерді зерттеу саласындағы отандық және шетелдік ғылыми жетістіктерді білу;- Түрлі департаменттермен өзара іс-қимыл жасау, техникалық тапсырмаларды, зертханалық зерттеу бағдарламаларын және ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарларын әзірлеу; алынған нәтижелерді талдау және қорыту, ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша есептерді дайындау; СМЖ енгізу мен қолдауды бақылау дағдылары;- Стандартты бағдарламалық қамтамасыз етуді меңгеру: MS Office (Word, Excel, Outlook, PowerPoint, Project), «Directum» электрондық құжат айналымы жүйесі.
- Тәуекелдерді басқару дағдылары;- Жұмысты ұйымдастыру, жоспарлау және шешім қабылдау қабілеті;- Келіссөздер жүргізу және персоналды басқару тәжірибесі;- Стандартты емес басқарушылық шешімдер қабылдау қабілеті;- ISO 9000 сериялы халықаралық стандарттарын білу;- ISO 14001 халықаралық стандартын білу;- ISO 45001 халықаралық стандартын білу.
Шарттар:
- Атырау қ.
- 5/2
Қажетті білім дәрежесі
- Магистр
- Ғылым кандидаты
- Ғылым докторы
- Техникалық және кәсіптік білім беру
Ұқсас вакансиялар
Бас бухгалтер
Степногорск күкірт-қышқыл зауыты - "SSAP" ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
05.06.2026 | 178
Сметалық бөлімі бастығы
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Павлодар қ.
01.06.2026 | 4643
1 060 000 - 1 060 000 KZT
Еңбек қорғау инженері
Степногорск күкірт-қышқыл зауыты - "SSAP" ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Степногор қ.
19.05.2026 | 310