«ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Қандыағаш пайдалану вагон депосы» филиалының қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі ревизоры (Ақтөбе қаласындағы тіркелген штат)
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Қозғалыс қаупсіздігін ұйымдастыру және қамтамасыз ету бойынша жұмыстың барысы мен нәтіжелерін қарастыру, онын жай-күйін талдау, қозғалыс қаупсіздігін күшейту жөніндегі шараларды қабылдау, қозғалыс қаупсіздігі талаптарының қайталама бұзылуының алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды жүргізу (НДБ).
- НБД оқиғаларын тергеу жұмыстарына жедел түрде қатысу және ұйымдастыру, олардың алдын алу жөнінде ұсыныстар әзірлеу.
- Қозғалыс қаупсіздігі деңгейін арттыруға бағытталған жаңа техникалық құралдарды енгізу саласындағы жұмыстарды үйлестіру. Тексеру нәтіжелері бойынша бекітілген учаскедегі әрбір вагон депосында тоқсанына кемінде бір рет РБУ-8 нысанындағы ревизорлық нұскаулар кітабына жазбалар рәсімдеу.
- Тексеру нәтіжелері бойынша анықталған кемшіліктерді көрсете отырып.Қоғам филиалы басшыларына оларды жою жәнежұмысты жақсарту жөніндегі қажетті шараларды қабылдау үшін рапорт ұсыну.
- Депо цехтарын тексерубарысында анықталған бұзушылықтарды есепке алу және талдау жүргізу,сондай-ақ вагон шаруашылығында олардың алдын алу жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылау.
- Вагон шаруашылылығындағы депо цехтарын тексеру барысында анықталған бұзұшылықтарды есепке алу және талдау жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ олардың алдын алу жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылау.
- Есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейін жұмыс қорытындылары бойынша ЦД басшыларына жазбаша есеп ұсыну.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқү орнынан кейінгі).
- Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялары (вагондар).
- Жұмыс тәжірибесі: жұмыс бейіні бойынша кемінде 3 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр