Негізгі маман (метрология бойынша) АСКУЭ қызметінің АСКУЭ, метрология және байланыс басқармасы (жүктілік және босану демалысы кезеңінде)

«Алматы электр станциялары» АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
5

Қаралған саны:
252

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Коммерциялық есеп кешенінің жағдайын бақылап, оның зақымдану деңгейін талдайды.
  • Өлшеу құралдарының техникалық жағдайын тексеруге қатысады, олардың қауіпсіз жұмыс жүргізу талаптарына сәйкестігін анықтайды, қажет болған жағдайда белгіленген тәртіпте олардың пайдаланылуын тоқтату шараларын қабылдайды.
  • Өлшеулердің бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысады және тексеру нәтижелері бойынша бұйрық жобаларын дайындайды.
  • Тәуекелдерді анықтап, бағалайды, өз құзыреті шеңберінде елеулі тәуекелдер туралы тұрақты түрде хабарлайды.
  • Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу және оның қызметіне қатысты тәуекелдерді азайту шаралары бойынша ұсыныстар енгізеді.
  • Өз қызметіне қатысты жүзеге асырылған тәуекелдер туралы ақпарат береді.
  • Бекітілген тәуекелдерге жауап беру және басқару іс-шараларын жүзеге асырады және олардың орындалуы бойынша есепті тұрақты түрде ұсынады.
  • Өз қызметіне қатысты жүзеге асырылған тәуекелдер туралы ақпарат береді. «Самұрық-Энерго» АҚ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатында, ішкі құжаттарда, ISO 37001 стандарттарында және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауға, оларды сақтау мүмкін еместігі туралы тікелей басшыға хабарлауға міндетті.
  • Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы туралы ақпарат алған жағдайда, дереу Компания басшылығына, «Комплаенс» қызметіне хабарлауға немесе «ыстық желіге» жүгінуге, нөлдік төзімділік принципін сақтауға, мүдделер қақтығысына жол бермеуге міндетті.

Талаптар:

  • Сәйкес мамандық бойынша жоғары білім
  • Құрылымдық бөлімшенің мамандық профилі бойынша кемінде 3 жыл тәжірибе

Шарттар:

  • Жұмыс режимі дүйсенбі-жұма, 08:00-ден 17:00-ге дейін
  • Төленетін еңбек демалысы
  • Компания есебінен оқыту

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Озат)
  • Орыс тілі (Озат)