"Қазпошта" АҚ Алматы облыстық филиалы директордың бизнес жөніндегі орынбасары

«Қазпошта» АҚ Қонаев қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
7

Қаралған саны:
470

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • 1. Қадағаланатын құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері қызметтік міндеттерін орындау барысында өздеріне белгілі болған ақпараттың құпиялылығының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
    2. Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес бағынысты қызметкерлер мен филиалдың жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне жалпы басшылық жасауды және бақылауды жүзеге асыру;
    3. Қаржылық, пошталық, агенттік және өзге де қызметтер көрсетуден түсетін кірістер бойынша жоспарлы көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету, белгілі бір қызметтің ілгерілеуіне кедергі келтіретін себептерді анықтау және оларды жою бойынша шаралар қабылдау; тікелей бағыныстағы бөлімшелердің жұмысын ұйымдастыру және жүргізілген іс-шараларға мониторинг жүргізу. Әлеуетті клиенттерді тарту және қолданыстағы клиенттерді ұстап қалу, өңірдегі қызметтерді сату көлемін арттыру және белсенді сату саясатын жүргізу, клиенттермен қарым-қатынасты дамыту жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
    4. Нарық конъюнктурасын зерделеу, филиалдың даму перспективаларын айқындау және оң имиджін қалыптастыру мақсатында маркетингтік зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру және бақылауды жүзеге асыру;
    5. Пошталық, қаржылық, агенттік, карточкалық және өзге де қызметтер бойынша жоспарланған сату көрсеткіштерінің (кірістер, көлемдер) орындалуын бақылау және қамтамасыз ету. Жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелер ұсынатын сату жоспарының орындалуы туралы ақпарат пен есептілікті талдау, көрсеткіштердің орындалмау себептерін анықтау, оларды жоюға бағытталған түзету және алдын алу шараларын әзірлеу және олардың орындалуын бақылау;
    6. Ауылдық жерлерде пошта байланысы саласында бекітілген әмбебап байланыс қызметтерінің құнын субсидиялау шеңберінде уәкілетті органға мәлімделген көлемдердің орындалуын бақылау және қамтамасыз ету;
    7. Серіктестік қатынастарды дамыту және нығайту. Клиенттік базаны кеңейту бойынша жұмысты ұйымдастыру. Клиенттермен келіссөздер мен кездесулерге қатысу;
    8. Серіктестік қызмет бөлімінің қызметіне бақылауды жүзеге асыру, оның ішінде барлық төлем түрлерін қабылдау операцияларын бақылау, жазылым қаражатының сақталуын қамтамасыз ету және қаржылық, агенттік қызметтер көрсету кезінде белгіленген тарифтердің дұрыс қолданылуын бақылау;
    9. Қызметтерді сату кезінде клиенттерге қызмет көрсету стандарттарының қызметкерлер тарапынан сақталуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
    10. Жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелердің қаржы-шаруашылық қызмет бойынша шарттарды уақтылы жасасуын және шарттық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету.
    11. Жетекшілік ететін/есеп беретін құрылымдық бөлімшелердің жасалған шарттарға тұрақты талдау жүргізуін бақылауды жүзеге асыру, оның ішінде қолданылу мерзімі аяқталуға жақын шарттарды анықтау, олар бойынша мерзімін ұзарту туралы қосымша келісімдерді рәсімдеу немесе шарттарды қайта жасасу жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету;
    12. Мерзімді басылымдарға жазылу науқанын уақтылы және сапалы ұйымдастыруды бақылау және қамтамасыз ету, сондай-ақ оларды тарату жұмыстарын ұйымдастыру және жазылу науқанының тиісті деңгейде орындалуын бақылау;
    13. Жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелер иелік ететін жасалған шарттар бойынша контрагенттердің карточкаларын уақтылы енгізуді қамтамасыз ету;
    14. Ұзақ мерзімді активтердің, еңбек, материалдық және қаржылық ресурстардың ұтымды пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру;
    15. Қызметтің жетекшілік ететін бағыттары бойынша филиал бюджетін қалыптастыруға қатысу, оның орындалуын және қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру;
    16. Қызметтер бойынша тарифтерді жыл сайынғы жоспарлы қайта қарау жұмыстарына қатысу;
    17. Уәкілетті орган бекіткен өнім/қызмет бойынша тарифтік тор шеңберінде Қоғамның қаржылық мүдделерін және өнімнің/қызметтің табыстылығын қамтамасыз ете отырып, әрбір жасалатын шарт бойынша тариф мөлшерін белгілеу;
    18. Карточкалық бизнесті дамытуға арналған техникалық құралдардың: банкоматтардың, POS-терминалдардың, бағдарламалық қамтамасыз етудің және басқа да құралдардың тиісті жағдайда ұсталуын бақылауды жүзеге асыру;
    19. Қызметтерді сату кезінде тұтынушыларға қызмет көрсету деңгейіне қатысты құрылымдық бөлімшелерде жүргізілетін тексерулерге қатысу;
    20. Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес жетекшілік ететін қызмет бағыттары бойынша заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау және олардың орындалуына мониторинг жүргізу жұмыстарын ұйымдастыру. Жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша талдау жасап, түзету және алдын алу шараларын қабылдау.
    21. Қызмет көрсету процесіне тартылған филиал қызметкерлерін оқытуды және олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету;
    22. Кәсіпкерлік лицензиялар кешені (франчайзинг) моделін іске асыру шеңберінде сату арналары желісінің жаңа форматтарын енгізу және басқару;
    23. Сату арналары желісінің бекітілген стандарттарына мониторинг жүргізу. Сату арналары желісінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізу: бөлімшелердің орналасу орындарын дұрыс айқындау, бөлімше форматын дұрыс белгілеу, бөлімшелердің техникалық стандарттарға сәйкестігі, сату арнасы инфрақұрылымының сапасы. Сату арналары желісін дамыту: сату нүктелерін ашу, жабу, көшіру және жаңғырту жөнінде бастамашылық жасау;
    24. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, өзіне белгілі болған мемлекеттік, ведомстволық және банктік құпияларды, сондай-ақ құпия ақпаратқа жататын өзге де мәліметтерді жария етпеу;
    25. Филиалдың «ОЦО» филиалының Бухгалтерлік есеп және салықтық есеп басқармасына тиісті құжаттардың толық топтамасының, оның ішінде сатып алынатын қызметтер бойынша бағалау есептеулеріне қатысты анықтамалардың уақытылы ұсынылуын бақылауды жүзеге асыру;
    26. «Қазпошта» АҚ-ның даму стратегиясын іске асыру шеңберінде әзірленген филиалды дамыту бағдарламасын іске асыру. «Қазпошта» АҚ-ның даму стратегиясын жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралар мен жобалардың орындалуын бақылау және қамтамасыз ету;
    27. Филиал жүзеге асыратын бизнес-процестердің бағдарламалық сүйемелденуін жүргізуді, компьютерлік және ұйымдастыру техникасының, сондай-ақ байланыс арналарының жұмысқа жарамды күйде ұсталуын бақылау және қамтамасыз ету;
    28. Клиенттердің мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету бойынша бақылауды жүзеге асыру. Клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) қозғалыссыз шоттары бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және бақылау, қозғалыссыз шоттардан қаражаттарды есептен шығарудың және оларды жабудың уақтылығы мен дұрыстығын қамтамасыз ету;
    29. Филиал қызметкерлерінің еңбек және өндірістік тәртіпті сақтауын қамтамасыз ету. Филиалдың жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелерінің Қоғам басшылығының, Орталық аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің тапсырмаларын орындауын, есептілікті уақытылы ұсынуын, сыртқы аудиторлардың, ішкі аудит қызметінің және тексеру топтарының ұсынымдарын орындауын бақылауды жүзеге асыру;
    30. Филиалдың қаржы-шаруашылық қызметіне жүргізілген кешенді тексерулер нәтижелері бойынша әзірленген түзету және/немесе алдын алу іс-шаралары жоспарының жауапты қызметкерлер тарапынан орындалуын бақылауды жүзеге асыру және қамтамасыз ету;
    31. Филиалдың тиісті құрылымдық бөлімшелері жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібін регламенттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының және Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарының талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру, оның ішінде:
    а) ай сайын іріктеп жеткізілген тауарлардың мәлімделген техникалық ерекшелікке сәйкестігін салыстырып тексеру;
    б) ЭСЗ және АСФО жүйелеріне есептіліктің толық әрі уақтылы енгізілуін және ұсынылуын бақылау;
    в) сатып алу жоспарының орындалуын және оның орындалуы бойынша есептіліктің уақытылы ұсынылуын бақылау;
    32. Атқарушы органның, Қоғам басшылығының және Қоғамның хаттамалық тапсырмаларының шешімдері мен тапсырмаларын уақытылы орындау;
    33. Өз құзыреті шегінде Қоғамның жұмыс топтары мен комиссияларының жұмысына қатысу.

Талаптар:

  • Байланыс және/немесе қаржы, және/немесе экономика, және/немесе техникалық, және/немесе заңгерлік. "Іскерлік әкімгерлеу магистрі" дәрежесіның немесе басқару (менеджмент) саласында қосымша білімі болғаны дұрыс.
  • Мамандығы бойынша және/немесе "Қазпошта" АҚ қызметінің саласына сәйкес саладағы және/немесе болжамды жетекшілік етуге сай 5 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі, соның ішінде басшылық лауазымдарда 2 жылдан кем емес немесе "Қазпошта" АҚ төмен тұратын лауазымдарда 3 жылдан кем емес.

Шарттар:

  • Жұмыс аптасы бес күн, демалыс күндері – сенбі және жексенбі, күнделікті жұмыс уақыты (жұмыс күні, ауысым) 8 (сегіз) сағат, дүйсенбіден жұмаға дейін 9-00-ден 18-00-ге дейін, демалыс және тамақ ішу уақыты 13-00-ден 14-00-ге дейін