тамақтандыруды ұйымдастыру цехының технологі
«KMG EP-Catering» ЖШС Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
заңнамалық актілер, нормативтік құжаттар және қоғамдық тамақтандыру өнімдерін өндіру технологиясы бойынша әдістемелік нұсқаулықтарды білу;өндірілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің технологиясы;
барлық түрдегі тағамдар мен кондитерлік өнімдерді дайындау рецептурасы мен технологиясы, ұлттық тағамдарды дайындаудың ерекшеліктері;
қоғамдық тамақтандыру объектілерін ас үй технологиялық жабдықтармен, жиһазбен, ас үй инвентарымен және ыдыспен жабдықтау нормалары;
ас үй технологиялық жабдықтарының өндірістік қуаттары, техникалық сипаттамалары, конструктивтік ерекшеліктері және жұмыс режимдері, оны пайдалану ережелері мен жабдықты қабылдау тәртібі;
санитарлық және технологиялық талаптарды сақтай отырып, тағамдар, өнімдер, сусындардың ассортименттік тізімі; мәзірді құру әдістері;
тамақтандыру ұйымының қызметі бойынша арнайы лексика; қоғамдық тамақтандыру бойынша құжаттаманы рәсімдеу ережелері;
іс жүргізу стандарттары (құжаттарды жіктеу, рәсімдеу тәртібі және т.б.);
есептілікті құру әдістемесі; стандарттар мен техникалық шарттар, шикізат, материалдар шығыны нормалары, брак түрлері және оны алдын алу тәсілдері; адамдар арасындағы қарым-қатынас этикасы;
еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі, СанПиН ережелері мен нормалары;
ішкі еңбек тәртібі ережелері;
компьютерлік бағдарламалар: Word, Excel, Power Point, Internet Explorer; 1С КУФиБ Қоғамдық тамақтандыру, мемлекеттік тіл
Талаптар:
Технолог келесі лауазымдық міндеттерді орындайды:1. Өнім өндірудің прогрессивті технологиялық процестерін енгізуге және қызмет көрсету ұйымын жетілдіруге жәрдемдесу.
2. 5 разрядты аспаздардың шикізатты технологиялық нормалар мен бекітілген мәзірге сәйкес есептен шығаруын, есептіліктің уақытында берілуін бақылау.
3. Шығарылатын ас мәзірінің сапасын, тағам дайындау технологиясының сақталуын, шикізаттың нормаларын және дайын өнімнің шығуын, бекітілген мәзір, рецептура және технологиялық нормаларға сәйкес қажетті мөлшерде және ассортиментте уақытында өндірілуін бақылау.
4. Асханалар қызметкерлерінің санитарлық ережелер мен нормаларды, жеке гигиенаны, өндірістік цехтардың, жабдықтардың және инвентардың санитарлық тазалығын сақтауын қамтамасыз ету.
5. Шикізатқа өтінімдерді уақытында құрастыру мен ұсынуды бақылау, ұсынылған азық-түліктің шикізат нормалары мен бекітілген мәзірге сәйкестігін қамтамасыз ету.
6. Нормативтік-техникалық құжаттаманың объектілерде болуын және тұрақты жүргізілуін қамтамасыз ету.
7. Шикізаттың сапасын растайтын рұқсат құжаттарының (сертификаттар, ветеринарлық қорытындылар және т.б.) болуын қамтамасыз ету.
8. Тағамдар, кондитерлік және аспаздық өнімдер үшін жаңа рецептураларды әзірлеу және бекіту, сәйкес нормативтік құжаттарды рәсімдеу. 9. Ассортиментты өзгерту және жаңа тағамдарды енгізу бойынша ұсыныстар дайындау. 10. Шығарылатын өнім ассортиментіне сәйкес қажетті мөлшерде технологиялық карточкаларды дайындау.
11. Аспаздармен тренингтер өткізу және оларға аспаздық кеңестер беру.
12. Асхана қызметкерлерінің санитарлық кітаптарының болуын және медициналық тексерулерден уақытында өтуін тексеру.
13. Асханалардың санитарлық ережелер мен нормаларға, мемлекеттік стандарттарға сәйкес жұмыс істеуін қамтамасыз ету, СЭС, ветеринарлық бақылау, сертификаттау органдары және т.б. тексерулерінің нәтижелері бойынша ескертулерді жою.
14. Клиенттермен және әріптестермен қарым-қатынаста өте сыпайы болу.
15. Өндірістік процестермен байланысты жетекші технологтың тапсырмаларын орындау.
16. Жеке гигиенаны, еңбек қорғау және еңбек қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау.
17. Жұмыс берушінің барлық актілерін, соның ішінде ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтау.
18. Қызметтік және коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты жарияламау.
19. Осы лауазымдық нұсқаулыққа қайшы келмейтін басқа жұмыстарды орындау. 20. Ас үй технологиялық, тоңазытқыш жабдықтарының дұрыс пайдаланылуын бақылау, пайдалану ережелеріне үйрету.
21. 1С КУФиБ жүйесінде жұмыс істей білу
22. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің міндеттерін орындау шеңберінде қоғамдық тамақтандыру өндірістік цехы бойынша бюджет мақалаларын қалыптастыру
Шарттар:
Қажетті білім дәрежесі
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Озат)
- Орыс тілі (Озат)