"QazaqGaz Aimaq" АҚ Түркістан өндірістік филиалының маркетинг және талдау бөлімі бастығының орынбасары.

«QazaqGaz Aimaq» АҚ Түркістан өндірістік филиалы Түркістан қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
50

   Конкурс туралы

Құрметті ізденуші!

Біздің компанияға қызығушылық танытқаныңыз үшін рахмет.

Бос орынға жауап бермес бұрын конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және т.б. туралы ұсынылатын деректердің анықтығына ізденуші жауапты болады.
  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоғы туралы анықтама беру қажет.
  3. Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қадағалауыңызды сұраймыз.

Төменде сіз жарияланған бос орнымен таныса аласыз.

Міндеттері:

Газ тұтынушыларынан өтініштерді қабылдау бойынша жұмысты ұйымдастыру және бақылау, сондай-ақ олардың талаптарының уақтылы орындалуын қамтамасыз ету.

Түркістан облысы бойынша коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындармен газды бөлшек саудада өткізу және тасымалдау шарттарын жасасу жұмыстарын ұйымдастыру:

  • шарт жобасын сәйкестігі тұрғысынан талдау (қарау, келісу);
  • облыстың коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларымен жасалған шарттардың жиынтық тізілімін қалыптастыруды қамтамасыз ету және оны бухгалтерлік есеп бөліміне ұсыну.

Түркістан облысы бойынша халық пен коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындардың тұтынушылар санын, ағымдағы және перспективалық газ тұтыну көрсеткіштерін анықтау жұмыстарының нәтижелерін бақылау:

  • тұрмыстық тұтынушылар мен коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындар бойынша газ өткізудің жоспарланған көлемдерінің жиынтық тізілімін қалыптастыруды қамтамасыз ету.

Есепке алу құралдарының көрсеткіштерін уақытылы алу бойынша бақылау:

  • халық пен коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындардың газ есептеуіш құралдарының көрсеткіштерін уақытылы алуды қамтамасыз ету.

Түркістан облысы бойынша халық пен коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындардың өткізілген тауарлық газ үшін 100% төлем жасауын қамтамасыз ету бойынша бақылау:

  • газ үшін төлем және тұтыну туралы күнделікті есептің жоғары басшылыққа уақытылы қалыптастырылып, ұсынылуын бақылау;
  • тұтынылған газ үшін 100% төлемді қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралардың нәтижелілігін тексеру.

Түркістан облысы бойынша есепті кезеңдегі газ шаруашылығындағы газ шығындарын (түсу мен шығыс арасындағы теңгерімсіздікті) есептеуді бақылау:

  • авариялар, ұрлықтар, қайта іске қосулар және басқа да себептер салдарынан болған тауарлық газ шығындарының көлемдерін есептеуді бақылау және талдау;
  • газдың шығып кетуі мен ұрлануын анықтау және жою бойынша жедел түзету шараларын әзірлеу мен орындауды бастамашылық ету;
  • тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы объектілерде жоспардан тыс рейдтер ұйымдастыру.

Түркістан облысы бойынша газ өткізу процесінің көрсеткіштеріне мониторинг жүргізу, талдау және есеп қалыптастыру:

  • газ өткізу және тасымалдау жоспарларының орындалуы;
  • есепті кезеңдегі тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындар бойынша тұтынушылар саны мен көлемдері;
  • газ шаруашылығындағы газ шығындары;
  • газ тұтынушыларының қанағаттану деңгейі.

Газ жеткізілуіне мониторинг жүргізу және газ жеткізушінің шарттық міндеттемелерді сақтауын бақылау:

  • жеткізушілер шарттық міндеттемелерін бұзған жағдайда оларға талап-арыздар дайындау және осы талаптар бойынша есеп айырысулардың жүргізілуін бақылау.

Облыстың газ шаруашылығында пайдаланылатын өлшеу құралдарының тексеру, жөндеу және жарамдылығын тексеру кестелерінің орындалуын бақылау.

Өндірістік филиалдың (Түркістан облысы) өлшеу құралдарын мемлекеттік тексеруге және жөндеуге уақытылы ұсынуды бақылау. 

Талаптар:

Білімі жоғары кәсіби (техникалық, экономикалық немесе инженерлік-экономикалық) және бөлім қызметінің бейініне сәйкес мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл болуы тиіс.

Қажетті қабілеттер

  • - Коммуникабельность, ответственность, исполнительность, мобильность.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Кәсіби)