Лауазымдық жауапкершілік:
1. Оңтайлы баға параметрлерін анықтау үшін бағаны маркетингтік зерттеу және нарық конъюнктурасын талдау;
2. Бағаға әсер ететін сыртқы және ішкі факторларды (сұраныс, ұсыныс, маусымдық, реттеуші өзгерістер) бағалау және тиісті аналитикалық қорытындылар дайындау;
3. Прайс-парақтарды, тендерлік баға ұсыныстарын және шарттық талаптарды әзірлеуге және өзектендіруге қатысу;
4. Баға келісімдерінің сақталуын бақылау, жоспарлы және нақты көрсеткіштердің ауытқуларын анықтау және түзету шараларын ұсыну;
5. Баға шешімдерін қабылдау кезінде басшылықты және функционалдық бөлімшелерді (сатып алу, өткізу) ақпараттық қолдауды қамтамасыз ету;
6. Бағаларға сапалы талдау жүргізу үшін әдістемелерді, құралдар мен шаблондарды әзірлеу және жетілдіру;
7. Басшылық үшін баға талдауының нәтижелері бойынша тұрақты есептер мен презентациялар дайындау;
8. Нарықтық ортаның өзгеруіне уақтылы ден қою және серіктестіктің баға стратегиясын түзетуге бастамашылық жасау.Білім:
Жоғары кәсіптік (экономикалық немесе заңдық немесе техникалық) білімДағдылар:
-Қазақстан Республикасының заңнамасы, серіктестіктің өндірістік-шаруашылық және/немесе қаржы-экономикалық қызметін регламенттейтін серіктестіктің ішкі нормативтік құжаттары, экономиканы және тиісті саланы дамытудың басым бағыттарын айқындайтын мемлекеттік билік және басқару органдарының нормативтік құжаттары;
- Серіктестіктің өндірістік қызметінің бейіні, мамандануы және ерекшеліктері;
- Маркетолог қызметінің саласын реттейтін нормативтік-құқықтық және басшылық құжаттар, әдістемелік материалдар;
- Сала мен серіктестіктің техникалық, экономикалық және әлеуметтік даму перспективалары;
- 5) жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерінің уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларыҚосымша:
Өндірістік кәсіпорындарда жұмыс тәжірибесі жақсырақ.Білетін тілдер:
мемлекеттік және орыс тілдері лауазымдық міндеттерін атқару үшін қажетті көлемде