Шарттық жұмысты қамтамасыз ету жөніндегі қызмет менеджері (15 грейд) «Көліктік сервис орталығы» АҚ шарттық жұмысты қамтамасыз ету және клиенттерге қызмет көрсету департаменті
«Көліктік сервис орталығы» акционерлік қоғамы Көкшетау қ.Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Әлеуетті клиенттерді іздестіруді жүзеге асырады, шарттар жасасу мәселелері бойынша келіссөздер мен хат алмасулар жүргізеді;
- Шарттар жасасу үшін клиенттерден келіп түсетін өтінімдерді қарайды;
- Бекітілген нысанға сәйкес шарттың жобасын қалыптастырады және клиентке қарау және қол қою үшін жібереді;
- Шартты қоғамның қатысушы құрылымдық бөлімшелерімен келісуді және оған қоғам басшысының қол қоюын жүргізеді;
- Үлгілік шарттардың есебін жүргізеді және олардың қолданылу мерзімдерін бақылайды, клиенттерді шарттарды қайта жасасу қажеттілігі туралы хабардар етеді;
- Шарттарды тіркеуді жүзеге асырады, 1С бухгалтерия бағдарламасындағы шарттар бойынша деректерді өзекті күйде ұстайды;
- Дәлелді жауаптарды дайындауды қамтамасыз ету үшін келіп түскен хаттарды қарауға қатысады;
- Қоғамның кірме жолдарының бірыңғай дерекқорын өзектендіру үшін ақпаратты дайындайды және береді;
- Т/ж жолдарының атаулары, олардың шекаралары, жалпы және нақты ұзындығы, т/ж жолы мен жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттардың болуы бойынша деректерді салыстыру кезінде қоғамның қатысушы құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп қатысады;
- Қызмет қызметіне қатысты есептерді дайындауға қатысады.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: Жоғары;
- Саладағы мамандығы: Көлік, тасымалдауды ұйымдастыру, көлік қозғалысы және пайдалану (теміржол көлігі), Экономика; Менеджмент; Маркетинг; Қаржы; Логистика; Құқықтану және/немесе теміржол мамандықтары;
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл жұмыс.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
Ұқсас вакансиялар