«ҚТЖ-Жүк тасымалдары» ЖШС дамыту департаментінің директоры

Жалақы көрсетілмеген
«ҚТЖ – ЖҮК ТАСЫМАЛЫ» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
15

Қаралған саны:
76

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:
  • Серіктестіктің Даму стратегиясының жобасын әзірлеуді, сондай-ақ оған одан әрі өзгерістер мен толықтыруларды бақылайды;
  • Департамент жетекшілік ететін мәселелер шеңберінде темір жол көлігін дамыту саласындағы заңнамалық, нормативтік актілерге өзгерістер енгізу жобалары бойынша ұсыныстарды талқылауға қатысады;
  • Серіктестік пен Компанияны басқарудың тиісті деңгейлерінде құрылымдық бөлімшелерді, филиалдарды, өкілдіктерді, еншілес ұйымдарды құру, қайта құрылымдау, тарату, біріктіру жөніндегі құжаттардың жобаларын, сондай-ақ заңнамалық талаптар болған кезде уәкілетті мемлекеттік органдармен ұйымдастырушылық сүйемелдеуді бақылауды жүзеге асырады;
  • Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелерін, филиалдарын, өкілдіктерін және еншілес ұйымдарын құру, қайта құрылымдау, тарату, біріктіру жөніндегі жоспарларды іске асыру мәселелері бойынша Серіктестіктің және Компанияның қатысы бар құрылымдық бөлімшелерімен өзара ic-қимыл жасайды;
  • рұқсаттар (лицензиялар) беру мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара ic-қимыл жасайды;
  • Серіктестік қызметінің түрлерін кеңейтуге келісім алу мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарға қолдаухаттар дайындау процесін бақылайды;
  • Серіктестік қабылдаған стратегиялар мен мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мәселелері бойынша, сондай-ақ ішкі аудиттерді ұйымдастыру және өткізу және БАЖ жұмыс істеуінің басқа да мәселелері бойынша Серіктестік филиалдарының басшыларымен және жауапты тұлғаларымен өзара іс-қимыл жасайды;
  • Серіктестіктің МАЖ-ның халықаралық/мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкестігін бақылауды қамтамасыз етеді;
  • Департаменттің шығыстарын, оның ішінде қамтамасыз етуге байланысты шығыстарды ұйымдастыру мен жоспарлауды бақылауды қамтамасыз етеді; сәйкестігі (сертификаттық аудит, ішкі аудитке арналған іссапар шығыстары, Серіктестік қызметкерлерін сырттай оқыту)
  • Серіктестіктің желілік, өңірлік және желілік деңгейлерінде ішкі аудиттерді жоспарлауды ұйымдастыруды бақылауды қамтамасыз етеді.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
  • Мамандығы: логистика; құқықтану; экономика; менеджмент; қаржы; мемлекеттік және жергілікті басқару; маркетинг; инновациялық менеджмент; жобаларды басқару; іскерлік әкімшілік ету; халықаралық қатынастар және/немесе темір жол мамандықтары
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 6 жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде 4 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр