"KTZ Express" АҚ құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Қоғамның заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауды құқық қорғау, мемлекеттік және сот органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс елдерде үйлестіру, ұйымдастыру және бақылау.
- Қоғам мүдделерін меншік нысанына қарамастан ұйымдармен өзара іс-қимылда ұсыну.
- Қоғам компаниялар тобы ішінде дауларды сотқа дейінгі реттеу бойынша шараларды қарау және қабылдау.
- Мемлекеттік, құқық қорғау органдары және прокуратура жүргізетін тексерістерді құқықтық сүйемелдеуді ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау.
- Компаниялар тобы бойынша проблемалық дебиторлық берешек деңгейін төмендету шараларын құқықтық сүйемелдеу және оның төмендеуіне қатысты нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізуді қамтамасыз ету.
- Жергілікті актілер жобаларына құқықтық сараптама жүргізу.
- Қазақстан Республикасы мен шетелдердің нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобының жергілікті актілерінің жобаларына ұсыныстар әзірлеуді ұйымдастыру, оларды өзектендіру және жетілдіру мақсатында.
- Қоғамның шартқа дейінгі және шарттық қызметін құқықтық сүйемелдеу.
- Қоғам компаниялар тобының қызметін құқықтық сүйемелдеу мәселелері бойынша бірыңғай әдістемені әзірлеу, жетілдіру және енгізу.
- «Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ және Қоғамның заңнамасына және жергілікті актілеріне сәйкес басшыларды, құрылымдық бөлімшелер мен еншілес ұйымдарды құқықтық мәселелер бойынша кеңес беру.
- Құқықтық қорытындыларды, талдамалық материалдарды, анықтамаларды, заңнамалық шолуларды дайындау.
- Кеңестерге қатысу, ауызша консультациялар беру, заңнаманы талдау арқылы құқықтық тәуекелдерді барынша азайту.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
- Мамандығы: Құқықтану; Халықаралық құқық; Құқықтану негіздері; Құқық қорғау қызметі.
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша жұмыс өтілі кемінде 7 жыл, оның ішінде кемінде 4 жыл – «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобының қызмет ауқымы, күрделілігі және кіріс көлемі бойынша салыстырмалы компанияларда және/немесе профиль бойынша басшылық лауазымдарда, сот-наразылық және шарттық жұмыс тәжірибесі, Уәкілетті мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау тәжірибесі, Құқықтық тәуекелдерді басқару дағдылары.
Қосымша талаптар:
Болғаны жөн:
- Заңтану магистрі, MBA, Phd және т. б. дәрежесінің болуы;
- Қызметтің жетекшілік ететін мәселелері саласында сертификаттардың болуы;
- Ағылшын тілін білу (жоғары деңгейде).
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Ғылым кандидаты
- Ғылым докторы