«ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы Жолдарды күрделі жөндеу департаментінің бас менеджері (19 грейд)

Жалақы көрсетілмеген
"ҚТЖ" ҰҚ" АҚ "Магистральдық желі дирекциясы" филиалы Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
13

Қаралған саны:
94

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Қозғалыс қауіпсіздігі, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы қағидаларын, экологиялық талаптарды міндетті түрде сақтай отырып, жол шаруашылығы объектілерін жөндеу бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
  • жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызмет бойынша, жол қашықтықтарында (бұдан әрі - Жол қашықтықтары), НЖС жол бөлімдері, Компания филиалдары - РСП, Ағадыр ПЧМ жұмысын үйлестіреді;
  • Департаменттің негізгі қызмет бойынша шығыстар жоспарын, негізгі құралдарды күрделі жөндеудің титулдық тізімін қалыптастыру және түзету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
  • Департаменттің тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспарын қалыптастыру және түзету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
  • Департамент құзыреті шегінде уәкілетті мемлекеттік орган реттейтін магистральдық темір жол желісінің қызметтеріне тарифтік сметаны әзірлеуге және қорғауға қатысу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;                                                    
  • теміржолды күрделі, күшейтілген орташа, орташа және басқа да жөндеу түрлерінің жылдық, тоқсандық жоспарларын қалыптастыруды қамтамасыз етеді;
  • жұмыстардың орындалуын және жөндеу жүргізілгеннен кейін темір жол учаскелерінің пайдалануға уақтылы тапсырылуын бақылауды жүзеге асырады;
  • Жобалау-сметалық құжаттамаға және шарттық бағаға сәйкес жолды күрделі жөндеу бойынша жұмыстарды қабылдауды қамтамасыз етеді жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде технологиялық «толаскездерді» пайдалануға талдау жүргізуді қамтамасыз етеді;
  • орындалған жазғы-жол жұмыстарының көлемін есепке алуды бақылауды, жол жұмыстарының орындалуы туралы айлық, тоқсандық, жылдық есептерді жасауды жүзеге асырады,
  • мердігерлік ұйымдардың жолды күрделі жөндеуді, рельс тақталарын төсеуді орындауына күн сайын мониторинг жүргізеді, күн сайын Компания басшылығына ақпарат ұсынады.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
  • Мамандығы: Құрылыс (темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы); Көпірлер мен көлік тоннельдері;) Көлік, көлік техникасы және технологиялары; көтергіш-көлік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтарын техникалық пайдалану;
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 4 жыл, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде 2 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы