Маңғыстау стансасының вагондардың қозғалысын жылдамдығын реттеуші
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
Сұрыптау жолдарында құрамды тарату кезінде вагондарды тежеуді жүзеге асырады, ағытпалардың жолдарда тұрған вагондарға белгіленген жылдамдықпен жақындауын қамтамасыз етеді. Вагондардың дөңес бағытына қарай осаждалуын бақылайды.
Алдағы ауысымдағы жұмыс жоспарымен, сұрыптау паркінің қызмет көрсетілетін жолдарындағы жылжымалы құрамның орналасуымен (коммерциялық ақауы бар вагондардың, жүктің ығысуының, ағудың, жолға төгілген жүктің және т.б. болмауы) танысады. Ол үшін жол бойымен дөңес жағынан тақ емес мойнақ бағытына қарай жүріп өтеді. Бұл ретте қауіпті жүктері бар вагондарға ерекше назар аударады.
Сұрыптау жолдарындағы өту орындарының болуын, вагондардың тіркелуін, сұрыптау паркінің жұп мойнағындағы қорғаныш тежегіш башмақтарының орнатылуын тексереді. Бекітілген жолдардағы айырлардың, тежегіш башмақтардың жарамдылығын және олардың белгіленген нормаға сәйкестігін тексереді. Жарамсыз башмақтар немесе олардың жеткіліксіз саны анықталған жағдайда, оларды ауыстыру және толықтыру шараларын қабылдайды.
Башмақ тастағыштың техникалық жай-күйіне көзбен шолып тексеру жүргізеді, ауытқулар анықталған жағдайда бұл туралы 5-разрядты аға РСДВ-ға хабарлайды.
Кезекшілікті қабылдау нәтижелері туралы 5-разрядты аға РСДВ-ға хабарлайды, башмақтардың бар-жоғын, олардың жарамдылығын және осы жолға тиесілі екенін көрсетеді.
Құрамдарды тарату жөніндегі ауысымдық жоспарды орындайды, қызмет көрсетілетін жолдарға ағытпалардың келу кезектілігі және тежеу кезінде ерекше сақтықты талап ететін ағытпалар туралы нұсқау ала отырып, 5-разрядты аға РСДВ-дан тапсырма қабылдайды.
Дөңес жағынан жолдың бос екендігін, тежегіш башмақтардың бар-жоғын және алдағы ағытпалардың келуін ескере отырып, олардың жеткілікті мөлшерде болуын тексереді.
Құрамды тарату басталғанға дейін қызмет көрсететін жолдарда болуы, сондай-ақ тарату алдында қызмет көрсететін жолдардың тежеу позицияларының дайындығын тексеруі тиіс.
Дөңес бойынша кезекшінің хабарламалары мен бұйрықтарын, сондай-ақ пойыз құрастырушысы немесе маневрлік локомотив машинисі беретін сигналдарды мұқият бақылауы тиіс.
Таратылатын құрамды дөңестік тартым жолына шығару кезінде құрамдағы пойыз қозғалысының қауіпсіздігіне қатер төндіретін вагондардың (жүктің ығысуы, пломбаның болмауы, есіктің ашық болуы және т.б.) бар-жоғын дөңестік құрастырушымен бірлесіп көзбен шолып тексереді. Анықталған ескертулер туралы дөңес бойынша кезекшіге хабарлайды, ол оларды коммерциялық ақауларды тіркеу кітабына енгізеді.
Тежеу позицияларында вагондарды тежеуді жүзеге асырады.
Келесі құрамды таратуға жұмыс орнын дайындау үшін барлық тежегіш башмақтарды жинап, шпалдардың ұштарына бекітілген арнайы тақтайларға орналастырады.
Тежегіш башмақтарды тек арнайы айырдың көмегімен орналастырады.
Қызмет көрсетілетін жолда вагондар дөңес бағытына қарай осаждалған кезде байланыс колонкасының жанында болып, осаждауды бақылайды.
Дөңестен құрамдарды тарату арасындағы үзіліс кезеңінде 5-разрядты аға РСДВ-ның нұсқауы бойынша тежеу позициясындағы парктік байланыс колонкасының жанында РСДВ болуы тиіс. Бұл сұрыптау жолдарынан вагондардың дөңес бағытына өздігінен кетуі жағдайында тиісті шараларды қабылдау, сондай-ақ тежеу позицияларындағы тежегіш башмақтардың сақталуын бақылау мақсатында жүзеге асырылады.
Вагондардың қозғалыс жылдамдығын реттеушінің қызметтік міндеттерін нақты және бұлжытпай орындайды.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: орташа
- Саласы бойынша мамандығы : Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру.
- Еңбек өтілі: талап етілмейді
Қосымша талаптар:
Нормативтік және техникалық білімін тексеру үшін 2 жылда 1 рет аттестациядан өтеді.Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж
Ұқсас вакансиялар