"Ұйымдықтехдиагностика" қызметінің электржабдықтарды қалпына келтіру және жөндеу бөлімінің сынақ және өлшемдер жөніндегі электрмонтер

«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Инженерлік-техникалық орталық» Орал қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Ішкі іздеу
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
3000

   Конкурс туралы
  • Инженерлік-техникалық қызметкердің басшылығымен кернеуі 35 кВ-қа дейінгі, ал кернеуі 35 кВ жоғары электр станциялары мен электр желілерінде қарапайым сынақтар мен электр жабдықтарының параметрлерін өлшеуді өз бетінше жүргізу. Қорғаныс құралдары мен құрылғыларын жоғары вольтты сынау. Оқшаулау кедергісін, ажыратқыштардың жанасу кедергісін және тарату құрылғыларындағы жерге қосу контурларының кедергісін өлшеу. Ақаулы кабельді және әуе электр желілерін табу. Өлшеу штангалары арқылы ақаулы оқшаулағыштарды анықтау. Сынау және өлшеу кезінде қолданылатын жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу. Қуаттылығы 50 000 кВт-қа дейінгі турбогенераторларды және 50 Мвар-қа дейінгі қуаттылығы бар синхронды компенсаторларды сынау үшін жұмыс орындарын дайындау. Бастапқы техникалық құжаттамада сынау және өлшеу нәтижелерін құжаттау.

Талаптар:

Білімі: мамандығы бойынша арнаулы орта білім. 
Жұмыс тәжірибесі: мамандығы бойынша 1 жылдан кем емес.

Шарттар:
  • Әлеуметтік пакет;
  • жұмыс кестесі (8-сағ), Орал қ.