"ҚТЖ "ҰК" АҚ филиалы - "магистральдық желінің Павлодар бөлімшесі"Екібастұз электрмен жабдықтау дистанциясы Ерейментау станциясының тартқыш қосалқы станциясының бастығы
- Құрылған күні:
-
16.06.2026
- Берілген өтінім:
- 1
- Қаралған саны:
- 111
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттері:
Тартқыш қосалқы станцияның жұмысына техникалық және шаруашылық басшылық ету
Поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және шекараларда электрмен жабдықтау құрылғыларын ақаусыз күйде ұстау қызмет көрсету.
Электрмен жабдықтау құрылғыларын ағымдағы ұстау мен жөндеуді уақтылы жүргізуді жоспарлау және ұйымдастыру.
Қауіпсіздік техникасы және белгіленген технология қағидалары бойынша қызмет көрсетуші персоналдың нарядтарын, жұмыстарды жүргізуге өкімдерін және нұсқамаларын ресімдеу;
Электрмен жабдықтау құрылғыларының жай-күйін тексеру, ток түсіруді тексеру арқылы үнемі бақылау, ұстау ережелеріне сәйкес ақаулықтарды анықтау және оларды жоюды ұйымдастыру.
Белгіленген техникалық құжаттаманы және есептілікті жүргізу;
Тауарлық-материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету;
Біліктілік талаптары:
Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), орта (кәсіптік, техникалық).
Саладағы мамандығы: Электр энергетикасы; темір жолдардың электр техникалық жүйелерін электрмен жабдықтау, пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу; салалар бойынша электр және электромеханикалық жабдық; темір жол жүйелерінің электр және электромеханикалық жабдықтарын техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу, Электр станциясының, қосалқы станция мен желілердің электр жабдығы, Басқа да техникалық мамандықтар
Жұмыс тәжірибесі: жоғары білім - электромеханик лауазымында кемінде 1 жыл; арнаулы орта - электромеханик лауазымында кемінде 2 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж