Теміржол тасымалдау цехының пошта вагонының бастытығы
Филиал АО Казпочта Информационно-логистический центр «ЮГ» Алматы қ.1) Келесі айға арналған жұмысқа шығу кестесімен ай сайын танысып отыру.
2) Тиеу жұмыстары басталғанға дейін пошта вагонын (ПВ) ЖЭ-мен бірлесіп қабылдау, жылыту және жарықтандыру жүйелерінің жарамдылығын, ішкі құлыптар мен бекіткіштердің дұрыстығын, жабдықтардың берік бекітілуін, вагондағы өртке қарсы құралдар мен мүліктің, оның ішінде медициналық дәрі қобдишасының болуын, жүйелерде судың болуын және арнайы сыйымдылықтардың көмірмен толтырылуын тексеру.
3) Жұмысқа шығу кестесіне сәйкес нұсқама журналына жеке қолын қоя отырып, рейс алдындағы міндетті нұсқамадан өту.
4) Рейс алдында міндетті медициналық тексеруден өту.
5) Жол парақтарының (14-нысан), бригаданың барлық мүшелерінің куәліктерінің (1-нысан), пошта вагонында тексерушілер болған жағдайда олардың куәліктерінің (2-нысан), атаулы заттардың, бұйрықтар мен өкімдердің көшірмелерінің, жол жүретін бригаданы тексеру кітабының және қажетті пайдалану материалдарының болуын қамтамасыз ету.
6) Бастапқы және соңғы пункттерде, сондай-ақ жол жүру барысында пошта жөнелтілімдерін пошта вагонына қабылдау, өңдеу және беру кезінде поштаны бағыттау жоспарын сақтау.
7) Поштаны пошта вагонына қабылдау, өңдеу және одан беру жұмыстарын сапалы орындау, поштаны сапалы өңдеу және пошта жөнелтілімдерінің бақылау мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз ету.
8) Пошта вагонының жол жүру барысында бригада қызметіне басшылық жасау.
Талаптар:
- Тиісті сала бойынша жоғары білім.
- Мемлекеттік және орыс тілдерін білу.
- Командада жұмыс істей білу және шешім қабылдау дағдысы.
Еңбек шарттары:
- Тұрақты еңбекақы.
- Ауысымдық жұмыс кестесі.
- Кәсіби оқыту мен даму мүмкіндіктеріне қолжетімділік.
Қажетті қабілеттер
- - Дисциплинированность и ответственность
Қажетті білім дәрежесі
- Орташа білім
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Озат)
- Орыс тілі (Озат)
Бағыттар бойынша сертификаттардың бар болуы қажет
- Көлік және теміржол
Ұқсас вакансиялар