Алтынкөл станциясы бойынша "Кедентранссервис" АҚ филиалының вагондармен жұмыс істеу жөніндегі диспетчері
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Алтынколь станциясының жағдайымен танысады: вагондардың/контейнерлердің/контейнерлі пойыздардың қайта жүктеу астында болуы, сондай-ақ кең жолдарды бойынша бос вагондардың болуы, сонымен қатар қызмет кезегін тапсыратын ауысымның жұмысының нәтижелерімен;
- Алтынколь бас басқармасының қайта жүктеу орындарындағы, сондай-ақ Алтынколь станциясының терминалдарындағы жақын арадағы қайта жүктеу жұмысының жоспарымен танысады;
- Қоғам экспедиттелетін жүк, контейнерлер мен контейнерлі пойыздарды Алтынколь бас басқармасының қайта жүктеу орындарына, сондай-ақ Алтынколь станциясының терминалдарына уақытылы қайта жүктеуді оперативтік басқаруды жүзеге асырады;
- Қоғам экспедиттелетін контейнерлі пойыздардың Алтынколь станциясына келуін бақылауды қамтамасыз етеді;
- Вагондардың тұрып қалулары және т.б. бойынша ГУ-23 жалпы формадағы актілерді дұрыс және заңдылыққа сай толтыруды қамтамасыз етеді.
Біліктілік талаптары:
- Білім: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Сала бойынша мамандық: Көлік қозғалысын ұйымдастыру, тасымалдау және көлікті пайдалану (теміржол көлігі)
- Жұмыс тәжірибесі: кемінде 2 жыл мына лауазымдарда: Теміржол бөлімшесінің кезекшісінің көмекшісі/Теміржол бөлімшесінің кезекшісінің операторі/Тасымалдау бөлімшесінің кезекшісінің операторі/Станса кезекшісі/жүк жұмысы операторі/Жүк пен багаж қабылдаушы/Тауар кассирі/тасымалдау құжаттарын өңдеу операторы/поезд құрастырушы
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр