Инжиниринг департаментінің жетекші маманы (бұрғылау инженері) (аутстафф секторы)

«QazaqGaz Ғылыми-техникалық орталығы» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
6

Қаралған саны:
3805

   Конкурс туралы
Міндеттері:
* Ұңғымаларды салу бойынша жұмыстарды жүргізу барысында барлық авариялық жағдайлардың алдын алу және жою қызметтерімен өзара іс-қимыл жасау
* Жұмыс кестесін, өтінімдерді, нұсқаулықтарды, схемаларды және басқа да техникалық құжаттаманы жасау
* Өндірістік бағдарламаларды, жылдық жұмыс бағдарламаларын және бюджеттерді жасауға қатысу
* Ұңғыма құрылысына байланысты тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға конкурстар өткізу үшін конкурстық құжаттамаға техникалық ерекшелікті дайындауға қатысу
* Ұңғымаларды бұрғылау процесін Онлайн бақылау
* Жылдық жұмыс бағдарламасы бюджетінің жетекшілік ететін баптарын әкімшілендіру
* Ұңғыманы салу мәселелері бойынша үшінші тарап ұйымдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру және шарттар жасасу
* Жұмыстарды қамтамасыз ету және жүргізу бойынша мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардың шарттық міндеттемелерінің орындалуын бақылау
* Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі тұрақты комиссияға қатысу
* Тапсырыс берушінің өкілі ретінде мердігердің жұмысын бақылау және ұңғымаларды салуға қатысты мердігердің техникалық құжаттамасын тексеру жұмыстарына қатысу
* Ұңғымаларды салу кезінде практикалық көмек көрсету үшін іссапарларға шығу
* Ақпаратты, техникалық деректерді, жұмыс көрсеткіштері мен нәтижелерін зерделеу және талдау, оларды жинақтау және жүйелеу, қажетті есептеулер жүргізу
* Барлық анықталған кемшіліктер және оларды жою бойынша ұсыныстар енгізу туралы басшыны хабардар ету
* Еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған орта саласындағы заңнаманы, сондай-ақ ОЗТОС саласындағы стандарттарды, рәсімдерді, жоспарлар мен саясатты сақтау
* Еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтайды
* Өзіне жүктелген міндеттерді орындау кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының, Серіктестік Жарғысының және серіктестіктің ішкі құжаттарының талаптарын сақтайды
* Оған еңбек шартымен, бөлімше туралы ережемен және осы лауазымдық нұсқаулықпен жүктелген міндеттерді орындайды
* Тәуекелдерді басқару жөніндегі ішкі регламенттеуші құжаттардың талаптарын сақтайды және орындайды
* Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормалардың, ережелер мен нұсқаулықтардың, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы ішкі регламенттеуші құжаттардың талаптарын сақтайды
* Ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесі саласындағы серіктестіктің ішкі құжаттарының талаптарын сақтайды және орындайды



Талаптар:
Білімі: тиісті қызмет бейіні бойынша жоғары кәсіптік білім
Білім беру бейіні: техникалық (мұнай және газ кен орындарын жобалау немесе салу саласында/мұнай-газ дело)
Тиісті курстардан немесе кәсіби сертификаттаудан (бұрғылау ерітінділерінің технологиясы)өткені туралы сертификаттардың болғаны жөн
Жұмыс өтілі: кемінде 2 жыл, кәсіби ортада кемінде 1 жыл
Білім және дағдылар:
Техникалық терминология мен шарттарды білу және түсіну;
Келісімшарт жасасудың барлық кезеңдерін білу;
Талаптарды сақтау және аудит жүргізу процестерін білу;
Ұңғымаларды салу процесін көшпелі бақылау;
Ұңғымаларды бұрғылау және бекіту технологиясының негіздерін білу;
Өнеркәсіптік, өрт және экологиялық қауіпсіздік саласындағы нормативтік-техникалық құжаттаманы, оның ішінде заңнаманың талаптарын, стандарттарды және төтенше жағдайлардың алдын алу және қоршаған ортаға және персоналдың денсаулығына теріс әсерді азайту мақсатында рәсімдерді терең білу;
Ұңғымалардың конструкциясын жобалауды, технологиялық сұйықтықтардың параметрлерін білу;
Белсенділік, бастамашылық және өз бетінше жұмыс істеу қабілеті;
Дәйекті ойлау, жақсы ұйымдастырушылық дағдылар және уақытты жоспарлау қабілеті;
Шешуші сипат, талап етілетін өкілеттіктерге ие болмаса да, берік және сенімді болу мүмкіндігі;
Өзінің функционалдық міндеттері шеңберінде және осындай шеңберден тыс топта жұмыс істеу қабілеті;

Шарттар:
5 күндік жұмыс аптасы
сыйлықақылар, сыйақылар
әлеуметтік.пакет