"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Ақмола магистральдық желі бөлімшесі" филиалының Астана материалдық-техникалық жабдықтау базасының Нұр-Сұлтан станциясы материалдық қоймасының инженері

410 783 - 429 234
Астанинская база материально-технического снабжения Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
9

Қаралған саны:
67

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • АСМА жүйесінің жұмысын бақылайды;
  • Бригадир мен қоймашылардың өрт қауіпсіздігі, электр қауіпсіздігі және метрологиялық қамтамасыз ету бөлігіндегі жұмысын бақылайды;
  • Жоспарларды әзірлейді және орындайды, есептер ұсынады және метрологиялық қамтамасыз ету, өрт және электр қауіпсіздігі, сондай-ақ азаматтық қорғаныс жөніндегі іс-шараларды орындайды;
  • Металл сынықтары айналымы мәселелері бойынша жұмысты, оның ішінде оны қабылдауды, өткізуді және есептілікті қамтамасыз етеді;
    ХҚКО-ға бастапқы құжаттарды ұсынады;
  • ТИ-ны пайдалануды тіркейді, есепке алады және бақылайды;
  • Объектілерді өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етеді және олардың жиынтығын бақылайды;
  • ТЖ кезінде қауіпсіз өту схемалары мен маршруттарын дайындайды;
  • ӨҚ мен өрт сөндіру құралдарын есептен шығару мерзімдерін бақылайды, ақаулы актілер мен инвестициялық бюджетке өтінімдер жасайды;
  • Өрт-күзет дабылының жұмысын, сондай-ақ бөгде орындаушылар орындайтын оны жөндеу мен техникалық қызмет көрсетуді бақылайды.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
  • Мамандығы: Көлік, көліктік техника және технология; Вагондар; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (темір жол көлігі); Құрылыс (Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы);
  • Жұмыс тәжірибесі: өтіліне талап қойылмайды.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр