«КТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС – «Алматы» «КТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Алматы пайдалану локомотив депосы ТЧЭ-28 Пайдалану цехы Алтынкөл ст. Айналым депосының кезекшісі
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
2) Аусымға түсу кезінде депо бойынша кезекші аусымды өткізіп беруші депо бойынша кезекшіден мыналармен танысуы тиіс:
поездық және маневрлік жұмыстардың тәуліктік жоспарымен, соның ішінде локомотивтерді поездық емес жұмыс түрлеріне беру жоспарымен, жедел поездық жағдаймен және локомотивтерді жөндеу мен техникалық қызмет көрсетудің барлық түрлеріне қою және олардан шығару бойынша жоспар-тапсырмамен;
3) Поездық және маневрлік жұмыстардың тәуліктік-аусымдық жоспарын локомотив бригадаларымен қамтамасыз ету;
4) Барлық жөндеу түрлерінде, техникалық қызмет көрсетуде және уақытша резервте (УРЛ) тұрған локомотивтердің, сондай-ақ жұмысты күтудегі локомотивтердің болуымен және жай-күйімен;
5) Локомотивтерді техникалық қызмет көрсетуге қою, жанармай құю және одан шығару жоспарымен немесе кестесімен;
6) Сумен жабдықтау және электр күші шаруашылығы құрылғыларының, энергиямен жабдықтау және түйіспелі желі құрылғыларының жай-күйімен, тракциялық жолдардың, бұрмалық бұрылыстардың жай-күйімен; жаңадан түскен бұйрықтармен, нұсқаулықтармен, пойыз қозғалысының қауіпсіздігі және еңбекті қорғау материалдарымен танысу, ауысым басталар алдында барлық жұмыскерлерді алдағы жұмыс жоспарымен таныстыру;
7) Ауысым басталар алдында барлық жұмыскерлерді алдағы жұмыс жоспарымен таныстыру, рейс немесе ауысым алдында локомотив бригадаларына нұсқама жүргізу;
8) График, наряд немесе шақыру бойынша локомотив бригадаларының жұмысқа уақытылы келуін жеке бақылау, поездардың келуі бойынша тоқтатылған немесе кешіктірілген жағдайларда кезекті бригадаға оның жұмысқа келу уақытының өзгергені туралы алдын ала хабарлау;
9) Машинистердің «Машинистердің ескертулер кітабына» енгізетін жазбаларын тексеру және тиісті аралас қызметтерге беру, поездар қозғалысының қауіпсіздігіне қатер төндіретін барлық жағдайлар туралы белгіленген тәртіппен филиал басшыларын дереу хабардар ету;
10) Локомотив паркінің болуын, жай-күйін, локомотивтерді пайдалану жұмысы мен көрсеткіштерін, сондай-ақ басқа да белгіленген құжаттаманы есепке алудың жедел құжаты болып табылатын ТУ-1 нысанды үстел журналының (бұл журналды электрондық нысанда жүргізуге жол беріледі) белгіленген тәртіппен жүргізілуін қамтамасыз ету;
11) Локомотивтердің белгіленген жөндеу аралық жүрісінен асып кетуіне (перепробег) жеке жауапкершілік арта отырып, локомотивтерді жөндеудің барлық түрлеріне уақытылы ағытуды жүргізу;
12) Депо бойынша кезекші депо жолдарының бағыттамалы бұрмаларының, цехтардағы және депо аумағындағы депо құрылғыларының, жабдықтау құрылғыларының, қарау орларының, жабдықтау орындарының ақаусыз күйін жеке өзі немесе ауысым қызметкерлері арқылы бақылауды жүзеге асыруға және ақаулар мен оларды күтіп-ұстаудың белгіленген талаптарынан ауытқуларды жою бойынша қажетті шараларды қабылдауға міндетті;
13) Депо бойынша кезекші қатып қалуға және оқшаулама (изоляция) кедергісінің төмендеуіне бейім локомотивтердің жабдықтарын жеке өзі немесе ауысым қызметкерлері арқылы бақылауды жүзеге асыруға міндетті, бұл жабдықтар пайдалану локомотив депосы филиалының директоры бекіткен жергілікті нұсқаулықта белгіленген тәртіппен (қысқы кезеңде) жылытуға қойылуы тиіс.
Біліктілік талаптары:
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж