"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Көп функционалды қызмет көрсету орталығы" филиалының Шымкент станциясын есепке алу тобы бастығының орынбасары

от 503 670
Филиал АО «НК «ҚТЖ» - «Многофункциональный центр обслуживания» Шымкент қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
4

Қаралған саны:
32

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:
  • Есеп тобының жұмысын ұйымдастыруды және үйлестіруді жүзеге асырады;
  • бекітілген жұмыс учаскесі бойынша бастапқы құжаттаманы қабылдау және оларды өңдеуге дайындау бойынша есеп тобының жұмысын ұйымдастыруды және бақылауды жүргізеді. Бастапқы және өзге де құжаттарды ресімдеуде қателер анықталған жағдайда, құжаттар алынған күннен кейінгі 3 жұмыс күні ішінде қайтару себебін көрсете отырып, құжаттарды кәсіпорынға пысықтауға (толықтыруға) қайтарады. Бастапқы құжаттарды қайтару құжаттарды қабылдау және беру тізілімі бойынша жүзеге асырылады.
  • сыртқы ұйымдармен есеп айырысуларға байланысты шаруашылық операцияларының SAP RWP жүйесінде толық, уақтылы және сенімді көрсетілуіне жауапты болады;
  • Компанияның құрылымдық бөлімшесі қол қоюы үшін SAP RWP жүйесінде өнімдерді, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша шот-фактураларды қалыптастырады;
  • Компанияның филиалдары бойынша ЭСФ АЖ (электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі) жүйесінде электрондық шот-фактуралардың уақтылы және сенімді жазылуын (берілуін) қамтамасыз етеді;
  • филиалдар бөлінісінде қызметтер бойынша жіктей отырып, дебиторлық және кредиторлық берешек деңгейі туралы талдаманы (расшифровка) жүргізеді;
  • SAP RWP жүйесіне берешек сомасын теңгерімнен тыс (баланстан тыс) шотқа есептен шығару туралы ақпаратты енгізеді;
  • «Самрук-Қазына» АҚ есептілік пакетінің 13,14,16,26,27, 28, 29-қосымшаларымен дебиторлық және кредиторлық берешек нысандарын салыстырып тексереді;
  • бухгалтерлік баланстың 031, 035, 036, 038, 071, 201 (дебиторлық берешек), 251, 321, 270, 260, 300 (кредиторлық берешек) жолдары бойынша проблемалық берешектерге егжей-тегжейлі талдаудың талдамасын (расшифровка) жүргізеді.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары
  • Мамандығы: Бухгалтерлік есеп және аудит, Қаржы, Экономика.
  • Жұмыс тәжірибесі: тиісті жұмыс тәжірибесі кемінде 2 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр