"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Ақмола магистральдық желі бөлімшесі" филиалының Орталық жол зертханасы техникалық құжаттама бөлімінің бас маманы

463 359 - 483 754
Центральная лаборатория пути
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
47

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • жол шаруашылығы бойынша нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеу бойынша жылдық және перспективалық жоспарды қалыптастырады
  • нормативтік-техникалық құжаттарды, технологиялық процестер мен карталарды өңдеу бойынша жұмыс жүргізеді, жол шаруашылығы бойынша жаңа құрылғылар мен құрылыстарды пайдалануға енгізу кезінде құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қамтамасыз етеді
  • мердігерлік ұйым орындайтын нормативтік техникалық құжаттаманы әзірлеу, өзектендіру бойынша тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға өтінімдерді қалыптастыруға қатысады
  • жол шаруашылығы бойынша мердігер ұйым орындайтын нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеу, өзектендіру бойынша тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға техникалық ерекшелікті әзірлеуді жүзеге асырады
  • қызметін Дирекция үйлестіретін Компанияның филиалдары (бұдан әрі - Филиалдар) үшін енгізілетін жаңа озық технологияларды ескере отырып, жол шаруашылығы бойынша құрылғылар мен объектілерді пайдалану, күтіп-ұстау және жөндеу жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлеуді және қайта өңдеуді жүзеге асыратын мердігер ұйымдардың сапалы орындауын тексеруді жүзеге асырады
  • мердігерлік ұйымдар әзірлеген жол шаруашылығы бойынша құрылғылар мен объектілерді пайдалану, күтіп-ұстау және жөндеу жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және Компанияның мемлекеттік
  • жол шаруашылығының құрылғылары мен объектілерін пайдалану, күтіп-ұстау және жөндеу бойынша әзірленген нормативтік-техникалық құжаттарды Дирекцияның, Компанияның қатысты құрылымдық бөлімшелерімен, аффилиирленген акционерлік қоғамдармен және қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарымен келісу бойынша жұмысты ұйымдастырады (нормативтік-техникалық құжаттамаға өзгерістер мен ұсыныстар енгізу)
  • жол шаруашылығы бойынша әзірленетін нормативтік-техникалық құжаттардың мәтіндерін түзету және оларды белгіленген тәртіппен бекіту жөніндегі жұмысты ұйымдастырады
  • нормативтік-техникалық құжаттама мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады
  • Департамент бойынша нормативтік-техникалық құжаттарды мемлекеттік тілге аудару қызметтерін сатып алуға өтінімдерді қалыптастыруға қатысады
  • жол департаменті бойынша нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеу және қайта өңдеу жөніндегі жылдық жоспардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады
  • бөлім қызметкерлері қызметінің нәтижелілігін бағалау бойынша жұмыс жүргізеді (SAP бағдарламасында)

Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы: «Құрылыс» (Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы; Көпірлер және көлік тоннелі); Көлік құрылысы; «Көлік, көлік техникасы және технологиялары»; «Көтергіш-көлік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтарын техникалық пайдалану».
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл
  • Мүмкіндігінше: - темір жол көлігі саласында кемінде 4 жыл;

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр