Лауазымдық жауапкершілік:
1) уәкілетті мемлекеттік және бақылаушы органдарға белгіленген есептілікті дайындауды және уақтылы ұсынуды жүзеге асыруға;
2) Күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізуге, жаңа ғимараттар мен құрылыстар салуға, объектілерді реконструкциялауға және техникалық зерттеп-қарауға арналған шарттардың техникалық тапсырмалары мен жобаларын (оларды келісуді және орындалуын бақылауды қоса алғанда) әзірлеуге;
3) жобалау-сметалық құжаттамаға (ЖСҚ) кіріс бақылауын жүргізуге, сызбалардың толықтығы мен сапасын тексеруге, анықталған кемшіліктерді жою жөнінде жедел шаралар қабылдауға;
4) күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізуге, реконструкциялауға бөлінетін ақшаны бөлу жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыруға қатысуға және олардың мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргізуге;
5) ПТД жетекшілік ететін инвестициялық жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздемелер әзірлеуге;
6) ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен объектілерді салуға ЖСҚ-ға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуді ұйымдастыру;
7) бақыланатын қызмет түрлеріне рұқсат беру құжаттары мен лицензиялар алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға және бақылауға (өз құзыреті шеңберінде), мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарының лицензиялары мен нұсқамаларының қолданылу шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге;
8) мердігер ұйымдардың ғимараттар мен құрылыстарды салу, реконструкциялау, күрделі және ағымдағы жөндеу объектілеріндегі жұмыстарға жіберілуіне техникалық бақылауды жүзеге асыруға міндетті.
9) ТЖҚ жеткізушілерінің ұсыныстарының жобалық шешімдерге сәйкестігіне техникалық талдау жүргізуге, олардың функционалдық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын жоғалтпай материалдардың құнын және жұмыс көлемдерін негізсіз асыра бағалауды болдырмауға; т. б.Білім:
жоғары техникалық білім," құрылыс","Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс".Дағдылар:
1) кәсіпорынның рәсімдері мен стандарттарына сәйкес іске асырылатын және іске асыруға жоспарланатын құрылыс жобаларын бақылауды және техникалық сүйемелдеуді жүзеге асыру;
2) ҚР қолданыстағы заңнамалық және нормативтік құқықтық актілеріне қатаң сәйкестікте техникалық құжаттаманы қалыптастыру;
3) Өз құзыреті саласындағы мәселелер бойынша өкімдердің, нұсқаулықтардың, бұйрықтардың және басқа да ұйымдық-өкімдік құжаттамалардың жобаларын дайындау;
4) кеніштің ғимараттары мен құрылыстарын пайдалану, салу және жөндеу мәселелерін регламенттейтін ГОСТ талаптарының, қағидалардың, нормалардың, нұсқаулықтардың және басқа да нормативтік құжаттардың сақталуына бақылауды жүзеге асыру.Қосымша:
білуі керек:
1) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамалық және нормативтік құқықтық актілері;
2) Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының негіздері;
3) еңбек қорғау, өнеркәсіптік, радиациялық, экологиялық және өрт қауіпсіздігі салаларындағы заңнамалық және нормативтік құқықтық актілердің талаптары;
4) уран/тау-кен саласының ерекшеліктері және серіктестіктің өндірістік-шаруашылық қызметін регламенттейтін ішкі нормативтік құқықтық актілер;
5) құрылыс нормалары (ҚР ҚН) және қағидалар жиынтығы (ҚР ҚК), сондай-ақ ғимараттарды, құрылыстарды, инженерлік желілер мен жабдықтарды жобалауды, салуды, пайдалануға беруді регламенттейтін өзге де нормативтік-техникалық құжаттар;
6) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және инженерлік желілерге күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізу тәртібі мен қағидалары;
7) құрылыс саласындағы мемлекеттік және мемлекетаралық стандарттар, салааралық және салалық нормативтік құжаттар;
8) құрылыс өндірісін, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру негіздері;
9) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрттен қорғау жөніндегі қағидалар мен нормалар.
10) жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерінің уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары.Білетін тілдер:
мемлекеттік және орыс тілдері лауазымдық міндеттерін атқару үшін қажетті көлемде