«Әскерилендірілген темір жол күзеті» ЖШС Алматы филиалы Матай станциясының атқыштар командасының бастығы

408 044 - 427 435
Алматинский филиал ТОО «Военизированная железнодорожная охрана» Алматы облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
42

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:
  • Жүктерді күзету кезінде күзетшілер санының нормативін, сондай-ақ күзет сағаттарының көлемін орындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және бақылайды, тәуліктік ведомостерді және бағыт парақтарын есепке алуды және талдауды жүргізеді;
  • орындалған жұмыстар актілеріне және "ҚТЖ "ҰК" АҚ кәсіпорындарымен, аффилиирленген кәсіпорындармен басқа ұйымдармен күзет қызметтерін көрсетуге арналған салыстыру актілеріне уақтылы қол қоюға;
  • СК қызметкерлерінен көрсетілетін күзет қызметтерінің сапасын арттыруға ұмтылуға, станцияның парктерінде және поездардың жүру жолында жүктерді күзететін нарядтардың қызмет атқаруын жүйелі түрде бақылауға;
  • жүктердің сақталуын қамтамасыз ету, теміржол көлігінде белгіленген өткізу режимі мен тәртібін сақтау жөнінде жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыруға;
  • жүктерді алып жүру кезінде олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға;
  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ЕК жеке құрамымен нұсқаулықтардың барлық түрлерін уақтылы жүргізуге және оларды журналдарға тіркеуге міндетті. Жеке құрамды жұмыстың қауіпсіз әдістеріне оқытуды ұйымдастырады және жүргізеді;
  • бағыныстылардың қаза табуы мен жарақаттануының алдын алу жөнінде шаралар қабылдауға, сабақтар, оқу-жаттығу атыстарын өткізу, қару-жарақпен жұмыс істеу және арнайы құралдармен жұмыс істеу кезінде жеке құрамның қауіпсіздік талаптарын орындауын қамтамасыз етуге;
  • ЕК жеке құрамы арасында өндірістік жарақаттану мен жазатайым оқиғалардың алдын алу жөнінде қажетті шаралар қабылдауға, жазатайым оқиғалардың мән-жайлары мен себептерін тексеруге және қарауға қатысуға;
  • тасымалданатын жүктердің сақталмауы бойынша тергеп-тексерулер ұйымдастыруға, сақталмайтын тасымалдарға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға, құқық қорғау органдарымен, темір жол көлігі қызметкерлерімен бірлесіп белгілеуге және жүргізуге және сақталмайтын тасымалдарды жою және оларға жол бермеу жөніндегі ic-шараларды жасауға;
  • қызмет көрсетілетін учаскеде жол берілген жүктерді, коммерциялық ақауларды ұрлаудың себептері мен алғышарттарын анықтай отырып, есепке алуды және талдауды жүргізуді ұйымдастыруға міндетті.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы: Юриспруденция; Құқықтану; Әскери басқару; Әскери іс және қауіпсіздік; Құқық қорғау қызметі; Көлік, көлік техникасы және технологиялары (вагондар және вагон шаруашылығы); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану; Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару; Темір жол жылжымалы құрамдарын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша); Локомотивтер және Локомотив шаруашылығы; Электр және электромеханикалық жабдық; Құрылыс; Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; Өрт қауіпсіздігі; Электротехника (Радиотехника, электроника және телекоммуникация); Автоматтандыру және басқару; Ақпараттық жүйелер
  • Жұмыс тәжірибесі: ұйымның бейініне сәйкес мамандығы бойынша немесе темір жол көлігінде күзет қызметін ұйымдастыру бойынша қызметте кемінде 3 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр