«ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Дон теміржол станциясы (1 класс) бастығының орынбасары
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттері:
- Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша тексерулерді (кенеттен жүргізілетін) ұйымдастыру және өткізу, оның ішінде станцияның техникалық-өкімдік актісі (ТӨА) мен технологиялық жұмыс процесі талаптарының орындалуын, жүк және жолаушылар пойыздарын қабылдау, жөнелту және өткізу қағидаларының сақталуын, маневрлік жұмыстардың жүргізілуін, вагондарды тежегіш башмақтармен бекітудің дұрыстығын, станциядағы тежегіш башмақтар мен вагондарды бекіту құрылғыларының болуы, жарамдылығы және сақталуын, пойыздарды құрастырудың және вагондарды пойыз құрамына қосудың дұрыстығын, пойыздық және техникалық құжаттаманың дұрыс жүргізілуін бақылау.
- Пойыздарды қабылдау және жөнелту, маневрлік жұмыстарды жүргізу кезінде станция кезекшісі (ДСП), пойыз машинисі және станция қызметкерлері арасындағы келіссөздерді тіркеу құрылғысының жазбаларын тыңдау арқылы сөйлесулердің дұрыс жүргізілуіне тексерулер жүргізу, сондай-ақ вагондарды бекіту мәселелері бойынша Сигнализация және байланыс дистанциясы қызметкерлерімен бірлесіп бақылау жүргізу.
- Ұзын құрамды, ауыр салмақты, қауіпті және габариттен тыс жүктер тиелген пойыздарды, сондай-ақ пойыздарды дұрыс емес және мамандандырылмаған жолдармен өткізу тәртібінің сақталуын бақылау және қарастыру.
- «Документолог» электрондық құжат айналымы жүйесі (СЭҚАЖ), «E-Telegram» бағдарламалары арқылы кіріс және шығыс хат-хабарларды тіркеу, ішкі хат алмасуды тіркеу және өңдеу, электрондық құжаттардың жобаларын әзірлеу және рәсімдеу.
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
- Мамандығы: Тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалысты басқару және көлікті пайдалану (теміржол көлігі).
- Жұмыс тәжірибесі: Қызмет бағыты бойынша кемінде 5 жыл, оның ішінде өндірістік-техникалық бөлім бастығы лауазымында кемінде 2 жыл немесе
- станциялық/маневрлік диспетчер, класстан тыс, 1 немесе 2 класс станцияның кезекшісі лауазымдарында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр