«Теміржолсу» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
- Қоғамның және оның еншілес ұйымдарының ақша ағындарын басқару процесін үйлестіру;
- Қоғамның айналым капиталын басқару;
- Қоғам компаниялар тобының Қоғам қызметінің түйінді қаржылық көрсеткіштері бойынша Қоғамның Жалғыз акционерінің болжамдарын орындауға бағытталған экономикалық саясатын айқындау және оны үйлестіру;
- Қоғамның еншілес ұйымдарының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін баға және тариф белгілеу саясатын сақтау, оның ішінде "ҚТЖ "ҰК" АҚ компаниялар тобының ішінде көрсетілетін реттелмейтін қызметтер бойынша саясатты айқындау;
- Қоғамның орта мерзімді даму жоспарын және Қоғамның еншілес ұйымдарының даму жоспарын қалыптастыру;
- бухгалтерлік және салық есептілігін жүргізу және уақтылы ұсыну;
- Қоғамның еншілес ұйымдарының қызметіне экономикалық талдау жүргізу;
- Қоғамның еншілес ұйымдары қызметінің сапалық және көлемдік көрсеткіштерін белгілеу;
- Қоғамның жеке және шоғырландырылған қаржылық есептілігін уақтылы қалыптастыру және белгіленген тәртіппен уәкілетті мемлекеттік органдарға және Қоғамның Жалғыз акционеріне ұсыну;
- "ҚТЖ "ҰК" АҚ-ның құрылымдық бөлімшелері мен еншілес ұйымдарының объектілерін ағымдағы жөндеу, сондай-ақ Қоғамның еншілес ұйымдары өндіретін теміржол инфрақұрылымына техникалық сервистік қызмет көрсету бойынша сапалық және көлемдік көрсеткіштерді жоспарлау;
- Қоғамның бухгалтерлік есебін ұйымдастыру.
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Көлік, көліктік техника және технология саласындағы мамандығы; логистика; тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану; автоматтандыру және басқару; электр энергетикасы; стандарттау, сертификаттау және метрология; экономика; менеджмент; қаржы; мемлекеттік және жергілікті басқару; маркетинг; есеп және аудит; құқықтану; халықаралық қатынастар; құқықтану; халықаралық құқық; ақпараттық жүйелер және/немесе техникалық/теміржол мамандықтары.
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 8 жыл, оның ішінде қызмет бейіні бойынша басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Ұқсас вакансиялар