5-ші разрядты жалпы техникалық қызмет көрсету бөлімінің слесарь-сантехнигі

«Инкай» БК» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Вахталық әдіс
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
50

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

• Сумен жабдықтау және тұрмыстық кәріз жүйелерінің сорғы жабдықтарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету; • Тұрмыстық, тоңазытқыш және климаттық жабдықтарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету; • Бекітілген кестеге сәйкес жабдыққа техникалық қызмет көрсетуді орындау; • Ғимараттар мен құрылыстарды ағымдағы және күрделі жөндеуді орындау. • Шаруашылық және техникалық су беру желілерін, жылумен жабдықтау жүйелерін, кәріз жүйелерін монтаждау; • Құбыр тораптарын дайындау және дәнекерлеу, полипропилен (РР), поливинилхлорид (PVC), металлопластика және полиэтилен (PE) материалдарынан, болат құбыржолдарынан жасалған құбырларды монтаждау; • Тұрғын және өндірістік үй жайлардағы жылыту жүйелерінің құбырларын жөндеу және қызмет көрсету; • Сумен жабдықтау, тұрмыстық кәріз және жылыту жүйелеріндегі бекіту арматурасын жөндеу және қызмет көрсету; • Серіктестіктің ағынды-сорғылы желдету жүйелерінің ауа өткізгіштерін жөндеу және қызмет көрсету; • Тұрмыстық кәріз жүйелерін жөндеу және тазалау; • Жалпы техникалық қызмет көрсету бөліміне бекітілген аумақтарды тиісті тәртіпте ұстау және таза ұстау • Өрт сөндіру үшін су беру құбырларының тұтастығын және жұмысқа дайындығын бақылау; • Тұрмыстық, тоңазытқыш және климаттық жабдықтарды орнату; • Ауаны баптау жүйелерін жөндеу; • Орталық жылыту, сумен жабдықтау, кәріз, суағарлар, жылумен жабдықтау, желдету, ауаны баптау және сол сияқты жабдықтардың құбырлары мен жабдықтарын жұмысқа қабілетті күйінде ұстау • Жөнделіп жатқан жабдықтар және құбыр жолдарына, ғимараттар мен құрылыстарға ақау тізімдемесін жасау • Серіктестіктің ғимараттары мен құрылыстарын тиісті түрде ұстау, сондай-ақ пайдалану мерзімін ұзарту; • Қызмет көрсетілетін ғимараттарда, құрылыстарда, жабдықтар мен механизмдерде маусымдық дайындық жүргізеді. • Қызмет көрсетілетін ғимараттардың, құрылыстардың, жабдықтар мен механизмдердің техникалық жай-күйіне мерзімді тексеру жүргізеді

Білім:

Орта арнайы білім

Дағдылар:

• Қауіпсіздік техникасының және еңбекті қорғаудың, өндірістік санитарияның және өрттен қорғаудың ережелері мен нормалары; • Азаматтық қорғаныс, өндірістік және радиациялық қауіпсіздік салаларындағы ережелері мен нормалары; • Санитарлық-техникалық материалдар мен жабдықтардың түрлері мен қолданылу мақсаты; • Құбырлардың, фитингтердің және арматураның диаметрлерін өлшеу түрлері мен әдістері; • Қол құралдарын қолданудың мақсаты мен ережелері; • Орталық жылытудың, сумен жабдықтаудың, кәріздің және дренаждардың санитарлық-техникалық құбыр жүйелерін жөндеу принципі, мақсаты мен ерекшеліктері; • Санитарлық-техникалық жүйелердің негізгі бөлшектерінің түрлері, құбырларды қосу және құбырларды бекіту; • Бұрғылау және тесу әдістері; • Жөнделетін жабдықтың, агрегаттар мен машиналардың құрылымдық ерекшеліктері • Жабдықтарды, агрегаттарды және құбырларды монтаждауды жөндеуге, құрастыруға, сынауға және реттеуге және дұрыс орнатуға арналған техникалық шарттар; • Жабдықтарды, құбырларды, ғимараттар мен құрылыстарды жөндеу, құрастыру және монтаждаудың технологиялық процесі; • Жабдықтар мен агрегаттарды, құбырларды сынау қағидалары; • Ғимараттар мен құрылыстардың анықталған ақауларын жою тәсілдері; • Қолданылатын интрументтер мен жабдықтардың құрылымы, мақсаты және қолдану ережелері; • Жабдықты пайдалану кезінде және жөндеу процесінде тексеру кезінде ақауларды анықтау және жою

Қосымша:

* Сорғы жабдықтарының құрылысы мен жұмысы, сантехника негіздері, слесарлық іс, механикалық және электрлік құралдармен жұмыс жасау

Білетін тілдер:

* Орыс тілін білу (ауызша және жазбаша) –бастапқы деңгей; * Қазақ тілін білу (ауызша және жазбаша) – міндетті;