«KTZ Express» АҚ Бухгалтерлік және салықтық есеп департаментінің салықтық есеп және әкімшілендіру тобының бас менеджері

Жалақы көрсетілмеген
АО «KTZ Express» Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
46

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:

  • Қоғам бойынша белгіленген көлемде ай сайынғы, тоқсан сайынғы және жылдық корпоративтік табыс салығы (КТС) бойынша салықтық есептілікті (СЕН 100.00) ұсынады;
  • Қоғам және Қоғамның еншілес ұйымдары бойынша ай сайынғы, тоқсан сайынғы және жылдық КТС есептерін жасайды, тексереді және тапсырады, сондай-ақ ұсынылған салықтық есептіліктің дұрыстығына талдау жүргізеді және оларды «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы» АҚ-ға ұсынады;
  • Кейінге қалдырылған табыс салығын есептеуді жүзеге асырады;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қоғамның есеп саясатын халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес әзірлеу және оған өзгерістер енгізу жұмыстарына қатысады;
  • Жеке және шоғырландырылған қаржылық есептілік мәселелері бойынша аудиторлық компаниялармен КТС бөлігінде жұмыстар жүргізеді;
  • КТС бойынша бейрезиденттерге қатысты консультациялар береді, тексеру жүргізеді және есепке алуды жүзеге асырады;
  • Өз құзыреті шегінде есептілікті жасау барысында туындайтын мәселелерді шешеді;
  • Қазақстан Республикасының салық заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды салықтық есепте уақтылы қолдануды қамтамасыз етеді, растайтын сертификаттарды ұсынады;
  • Салықтық есепке алу әдіснамасы бойынша ақпаратты қалыптастырады және құрылымдық бөлімшелердің сұрауларына жауаптар дайындайды;
  • Қоғамның салықтық есеп саясатын әзірлейді және оның өзектілігін қамтамасыз етеді;
  • Қоғам жасасатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарттардың қолданыстағы заңнамаға және Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкестігі тұрғысынан дұрыс рәсімделуін тексереді.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
  • Мамандығы: Есеп және аудит; Экономика; Қаржы; Салық және салық салу.
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бағыты бойынша кемінде 4 жыл, оның ішінде қызмет бағыты бойынша басшылық лауазымдарда кемінде 2 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр