"ҚТЖ» ҰК" - «Көпсалалы қызмет көрсету орталығы» филиалының Шымкент мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің инспекторы Арыс ст.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Жылдық, ай сайынғы жұмыс жоспарларын әзірлейді және МЕӨҚҚ-ға жібереді;
- Объектілер мен жылжымалы құрамға өрт-техникалық тексеру (ӨТТ: көктемгі, күзгі, мақсатты және жоспардан тыс) жүргізеді;
- Қызмет көрсетілетін аумақ шекарасында «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрылымдық бөлімшелері (ҚБ) мен еншілес ұйымдарының (ЕҰ) объектілері мен жылжымалы құрамының өрт қауіпсіздігі жағдайына мониторинг және талдау жүргізеді;
- «ҚТЖ» ҰК» АҚ ҚБ және ЕҰ шаруашылықтарын (көктемгі, күзгі), объектілерін және жылжымалы құрамын комиссиялық ӨТТ тексеруге қатысады;
- Көктемгі және күзгі комиссиялық тексерулердің, мақсатты және жоспардан тыс тексерулердің техникалық байқау нәтижелерін дайындайды;
- Қызметтік даярлық бойынша сабақтарға қатысады;
- Өрт сөндіру поездарының жарақтандырылуын (өрт техникасымен, өрт-техникалық жабдықтармен, жарақтармен және т.б.), жауынгерлік дайындығын, өрт-құтқару, дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтердің орындалуын және қызметкерлердің білімін, МЕӨҚҚ қызметін және өрт қауіпсіздігі нормаларының талаптарын регламенттейтін нормативтік актілердің орындалуын тексеруді (оның ішінде түнгі уақытта) жүзеге асырады;
- Жаңа өрттен қорғау құралдарын енгізу кезіндегі сынақтарға қатысады;
- «ҚТЖ» ҰК» АҚ ҚБ және ЕҰ-да өртке қарсы насихат жүргізеді;«ҚТЖ» ҰК» АҚ ҚБ және ЕҰ-да өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша кеңес береді;
- Өрт болған жағдайда қызметтік тергеп-тексеруге және материалдарды дайындауға қатысады;
- Объектілерді салу және реконструкциялау кезінде, «ҚТЖ» ҰК» АҚ ҚБ және еншілес ұйымдарының қызмет көрсетілетін аумақ шекараларында құрылыстары аяқталған жұмыс және қабылдау комиссияларында өрт-техникалық тексеруді ұйымдастырады және оған қатысады;
- Өрт сөндіру поездарының (бекеттерінің) төтенше жағдайларды жою бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) аумақтық органдарымен және Өрт сөндіру қызметінің бөлімшелерімен оқу-жаттығуларға қатысуын бақылайды;
- «ҚТЖ» ҰК» АҚ ҚБ және ЕҰ қызметкерлерінің қызмет көрсетілетін аумақ шекараларында өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен Қоғамның жергілікті актілері талаптарын сақтауын бақылайды;
- Жедел жоспарлар мен өрт сөндіру карталарының жобаларына сараптама жүргізеді, «ҚТЖ» ҰК» АҚ ҚБ объектілерінде және қызмет көрсетілетін аумақ шекарасындағы ЕҰ-да ӨЖ (Өп) түзетілуін бақылауды жүзеге асырады;
- Қызмет көрсетілетін аумақ шекарасында «ҚТЖ» ҰК» АҚ ҚБ және ЕҰ-ның өрт автоматикасы, өртке қарсы су құбыры жүйелерінің, жаңа ғимараттардың, құрылыстар мен жылжымалы құрамдардың есебін жүргізеді;
- Өз құзыреті шегінде өрт қауіпсіздігі саласындағы «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның жергілікті актілерін әзірлеуге және жаңартуға (өзектендіруге) қатысады;
- МЕӨҚҚ бастығының орынбасарына есепті кезеңдегі қызмет нәтижелері туралы есеп береді;
- МЕӨҚҚ басшылығына өткен күннің жоспарлары және ағымдағы күнге атқарылған жұмыстар туралы есеп береді;
- Істер номенклатурасына сәйкес құжаттаманы жүргізеді.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы дайындықтан өткен;
Орта (техникалық және кәсіптік), өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы дайындықтан өткен; - Мамандығы: Көлік, көліктік техника және технологиялары (Көтерме-көлік, құрылыс, жол машиналары және жабдықтары, Вагондар); Автоматтандыру және басқару; Құрылыс (Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы); Электр энергетика, көліктегі логистика, Темір жол жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету;Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
- Жалпы жұмыс тәжірибесі: өрт қауіпсіздігі жөніндегі лауазымдарда кемінде 2 жыл (жоғары), 4 жыл(орта).
Қосымша талаптар:
- Өрт-техникалық тексеру жүргізу, объектілерде және жылжымалы құрамда өрттердің себептерін тергеу, ДК-де, Word, Excel, PowerPoint, ЭҚЖ (электрондық құжат айналымы жүйесі) бағдарламаларында жұмыс істеу.
- Жобалық материалдарға, көлемдік - жоспарлау шешімдеріне, өртке қарсы тосқауылдарға, өрт автоматикасы жүйелеріне, ғимараттардың, құрылыстардың, жылжымалы құрамның электр-техникалық бөлігіне сараптама жүргізуін білген жөн.
- Нысандар мен жылжымалы құрамның өрт қауіптілігі тәуекелдерін есептей білу.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Колледж