"ҚТЖ "ҰК" АҚ-"Тасымалдау процесінің дирекциясы"филиалының 2-санатты ІЖҚ - 26 Достық пайдалану вагон депосы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі инженер-технолог
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алу, еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шараларды және кешенді жоспарды еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес әзірлеуге қатысады;
- Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша әдістемелік жұмыстарды жүргізеді, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарының бұзылуын есепке алады, оларды жою жөніндегі іс-шараларды жасайды;
- Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, электр қауіпсіздігі және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес білімді тексеру комиссиясының жұмысына қатысады;
- Еңбекті қорғау кабинетінің жұмысын және жоспарын, оны қажетті оқу және көрнекі құралдармен, оқытудың техникалық құралдарымен жабдықталуын, еңбекті қорғау мәселелерін насихаттауды бақылайды;
- Өндірістік жарақаттану себептеріне талдау жасайды және өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және олардың орындалуын бақылайды;
- Жұмыскерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің озық тәжірибесін зерттейді және жинақтайды, осы тәжірибені филиалдың құрылымдық бөлімшелеріне енгізуді ұйымдастырады, қарау-байқаулар, семинарлар және еңбекті қорғау мектептерін ұйымдастыру мен өткізуге қатысады;
- Еңбекті қорғау жөніндегі заңнамалық және өзге де нормативтік актілердің сақталуын, жұмыскерлерге еңбек жағдайлары бойынша белгіленген жеңілдіктер мен өтемақылардың берілуін бақылауды жүзеге асырады;
- Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жағдайына тексерулер жүргізеді; ғимараттардың, құрылыстардың, жабдықтардың, машиналар мен механизмдердің техникалық жай-күйін, желдеткіш жүйелері жұмысының тиімділігін, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлардың, жеке қорғану құралдарының жай-күйін зерттейді және олардың еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарына сәйкестігін анықтайды;
- Белгіленген талаптарға сәйкес еңбекті қорғау бойынша құжаттама мен есептілікті жүргізеді;
- Еңбек қауіпсіздігі бойынша анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
- Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру мен есепке алудың белгіленген тәртібінің сақталуын және еңбекке қабілетсіздікке байланысты зиянды өтеуді бақылауды жүзеге асырады;
- Уәкілетті мемлекеттік органдардың еңбекті қорғау жөніндегі нұсқамаларының орындалуын, тексеру кезінде анықталған бұзушылықтардың жойылуын бақылауды жүзеге асырады;
- Бұйрықтардың, хаттамалардың және өзге де ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттардың жобаларын әзірлейді.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
- Келесі салалардағы мамандықтар: Көлік, көлік техникасы және технологиялары (Вагондар, Локомотивтер және электрлі жылжымалы құрам); Тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану (теміржол көлігі); Электротехника (Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар); Автоматтандыру және басқару; Электр энергетикасы; Стандарттау, метрология және сертификаттау; Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау;
- Жұмыс тәжірибесі: ІІ санаттағы ұқсас лауазымда кемінде 2 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр