«Әскерилендірілген темір жол күзеті» ЖШС Ақмола филиалы Астана станциясындағы атқыштар командасының контент-менеджері
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
- Филиал қызметін ақпараттық сүйемелдеу, фото және бейнеконтент құру, іс-шаралар мен корпоративтік бастамаларды әлеуметтік желілер мен digital-алаңдарда жария ету, сондай-ақ медиа-жоспар және контент-бағыт бойынша есептілікті дайындау;
- Documentolog ЭҚЖ-да филиал қызметін ақпараттық сүйемелдеумен, контент-жоспарлаумен және медиаматериалдармен байланысты құжат айналымын жүргізеді;
- орталық аппараттың сұрау салуы бойынша филиалдың қызметін ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі есептерді, ақпараттық материалдарды, медиа-шолуларды және өзге де сұратылатын ақпаратты дайындайды;
- филиалдың фото, бейне және өзге де медиа материалдарын жариялауды, сақтауды және жүйелеуді үйлестіруді жүзеге асырады, сондай-ақ Серіктестіктің ішкі және сыртқы ақпараттық алаңдарында контентті уақтылы орналастыруды қамтамасыз етеді;
- қолжетімділікті уақтылы жаңарту мен қалпына келтіруді қоса алғанда, медиаконтентті жариялау және құру үшін пайдаланылатын корпоративтік аккаунттар мен жұмыс платформаларына қолжетімділікті бақылауды және сүйемелдеуді жүзеге асырады;
- филиалдың жарияланымдарын, фото және бейне материалдарын жүйелеу, есепке алу және жоспарлау үшін кестелерді, контент-жоспарларды және өзге де цифрлық құралдарды пайдаланады;
- филиал қызметкерлеріне фото және бейнеконтент құру, дайындау және орналастыру, сондай-ақ корпоративтік digital-алаңдар мен әлеуметтік желілерді пайдалану мәселелері бойынша консультациялық және ұйымдастырушылық қолдау көрсетеді;
- филиалдың іс-шараларын фото- және бейнетүсіруді ұйымдастыруды және техникалық сүйемелдеуді, сондай-ақ медиаконтент құру үшін жабдықты (смартфондар, тұрақтандырғыштар, микрофондар, жарық жабдығы және т.б.) пайдалануды қамтамасыз етеді;
- филиалдың фото, бейне және digital-контентін корпоративтік және сыртқы ақпараттық алаңдарда жүйелі жүргізуді және сүйемелдеуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ медиа материалдардың уақтылы орналастырылуын және өзектілігін бақылайды;
- фото және бейне түсіру, контентті монтаждау және жариялау процесінде туындайтын техникалық және ұйымдастырушылық проблемаларды диагностикалайды және жояды, ал қажет болған жағдайда медиаконтент құру үшін жабдықты жөндеуге немесе ауыстыруға бастамашылық жасайды.
- Білімі: жоғары немесе орта арнайы білім
- Мамандығы: Журналистика, медиакоммуникация, PR, жарнама және жұртшылықпен байланыс, графикалық дизайн, digital-маркетинг, SMM, визуалды коммуникация, Менеджмент; Маркетинг, Экономика; Қаржы; Есеп және аудит; Құқықтану; Халықаралық құқық; Әскери іс және қауіпсіздік; Құқық қорғау қызметі; Ақпараттық жүйелер; Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету; Математикалық және компьютерлік модельдеу; Көлік, көлік техникасы және технологиялары (вагондар, локомотивтер және электр жылжымалы құрам); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (темір жол көлігі); Логистика, Автоматтандыру және басқару.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр