«KTZ Express» АҚ бухгалтерлік және салықтық есеп департаментінің директоры – бас бухгалтері
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттері:
- Компанияның тоқсан сайынғы, жартыжылдық және жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілік пакетін белгіленген тәртіппен және нысанда қалыптастыруды және ұсынуды қамтамасыз етеді.
- Қоғамның жылдық жеке және шоғырландырылған қаржылық есептілігін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық есептілік депозитарийіне ұсынуды қамтамасыз етеді.
- Қазақстан Республикасының заңнамасында, Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарында (ХҚЕС) және Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде Қоғамның жеке, жиынтық және шоғырландырылған қаржылық есептілігінің қалыптастырылуын, толықтығын, дұрыстығын және уақтылы ұсынылуын қамтамасыз етеді.
- Қоғамның қаржылық есептілігін міндетті сыртқы аудитке дайындауды ұйымдастырады, тәуелсіз аудиторлық ұйыммен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді, құжаттар мен ақпараттың уақытылы ұсынылуын, сондай-ақ аудит нәтижелері бойынша басшылыққа арналған хатта көрсетілген ұсынымдардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді.
- Қоғамның жылдық қаржылық есептілігіне жүргізілген аудит қорытындылары бойынша басшылыққа арналған хатта көрсетілген сыртқы аудиторлардың ұсынымдарына және аталған хат бойынша басшылық түсініктемелерінің жиынтығына талдау жүргізеді.
- Қаржылық есептіліктің ажырамас бөлігі болып табылатын ескертпелерді, түсіндірме ақпаратты және өзге де материалдарды дайындауды қамтамасыз етеді.
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және компания актілеріне оларды жетілдіру қажеттілігі, Қоғамның бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы жүргізіп отырған саясатына ықпалы тұрғысынан талдау жүргізеді, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар дайындайды.
- Бухгалтерлік есеп, қаржылық есептілік және салық салу салаларындағы Қазақстан Республикасы заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың уақтылы қолданылуын қамтамасыз етеді.
- Бухгалтерлік есеп, қаржылық есептілік және салық салу мәселелері бойынша Қоғамның мүдделерін мемлекеттік органдарда, мемлекеттік кірістер органдарында, аудиторлық ұйымдарда, банктерде және өзге де ұйымдарда білдіреді.
- Қоғамның Салықтық есеп саясатын әзірлейді, өзектендіреді және оны Қоғамның филиалдары мен еншілес ұйымдарына жеткізеді, еншілес ұйымдардың салықтық есеп саясатының Қоғамның Салықтық есеп саясатына сәйкестігі тұрғысынан қаралуын және келісуін қамтамасыз етеді.
- Салықтық есеп жүргізу және салық заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша Қоғамның мүдделерін уәкілетті мемлекеттік және салық органдарында, қоғамдық ұйымдарда, Еуразиялық экономикалық одақта және басқа да ұйымдар мен мекемелерде білдіруді қамтамасыз етеді.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), кәсіби бухгалтер сертификатының болуы міндетті.
- Мамандығы: Есеп және аудит; Экономика; Қаржы.
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бағыты бойынша кемінде 7 жыл, оның ішінде қызмет бағыты бойынша басшылық лауазымдарда кемінде 4 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Ұқсас вакансиялар