Ішкі бақылау бөлімінің 1 санатты маманы

«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Алматы» магистральдық газ құбырлары басқармасы Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
6

Қаралған саны:
2912

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Филиалдың қаржы-шаруашылық қызметін тексеру және бақылау мақсатында бастапқы құжаттарды жинау, өңдеу және мониторинг жүргізу, олардың қолданыстағы заңнама талаптарына, ішкі нормативтік құжаттарға және Қоғам мүдделеріне сәйкестігін анықтау; бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша қабылданған Қоғам мен Филиал басшылығының нұсқамалары мен шешімдерінің орындалуын мониторингтеу; жоспарлы тексерулер бойынша іс-шаралар жоспарын және іссапар кестелерін дайындау; Қоғамның басқа функционалдық бөлімшелерінің қызметкерлерімен бірлескен іс-шараларды өткізу барысында өзара әрекеттесу; орнатылған нөмірленген пломбалардың сақталуын тексеру, олардың жоғалу және зақымдану фактілерін анықтау; тексеру рәсімдерін (жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер) құжаттандыру (хаттамалау), орындалған жұмыс туралы есептерді, негізгі құралдар мен тауар-материалдық қорларды түгендеу хаттамаларын қалыптастыру; Ішкі бақылау бөлімінде құжаттардың тиісті және уақтылы ресімделуін, құжат айналымын жүргізуді, тіркеуді, құжаттарды сақтауды қамтамасыз ету; жылға арналған қадағалау (бақылау) қызметтерін жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын тоқсандарға бөліп әзірлеуге қатысу; жоспардан тыс тексерулерге қатысу, қорытынды есептерді қалыптастыру және талдау, ұсыныстардың орындалуын мониторингтеу және бақылауды жүзеге асыру; Филиалда мемлекеттік қадағалау органдары мен жоғары тұрған ұйым тарапынан жүргізілетін тексерулерді тексерушілердің процессуалдық әрекеттерді сақтауын, олардың қорытындыларының негізділігі мен дұрыстығын бақылау мақсатында сүйемелдеу; Филиалдың ішкі бақылауын келесі мәселелер бойынша жүргізу:

    • Филиалдың құрылымдық бөлімшелері мен лауазымды тұлғалары өз қызметтерін жүзеге асыру барысында олардың қызметінің нақты құқықтық регламенттелуінің болуын тексеру;
    • Филиал қызметкерлерінің лауазымдық (қызметтік) міндеттерін объективті орындауына жеке мүдделіліктің ықпал етуі немесе ықпал етуі мүмкін жағдайларды анықтау;
    • Филиал қызметін регламенттейтін ішкі нормативтік құжаттардың, активтер мен міндеттемелерді бағалау әдістері мен тәсілдерінің Қазақстан Республикасының заңнамасына, белгіленген қаржылық есептілік стандарттарына, Қоғам мен Филиалдың мүдделеріне сәйкестігін айқындау;

    тәуекелдер бойынша ақпаратты жинайды және өңдейді; тәуекелдер тізілімін қалыптастыруға және өзектендіруге қатысады; іс-шаралардың орындалуын бақылайды (бөлім басшысының тапсырмасы бойынша); тәуекелдер бойынша талдамалық материалдарды дайындайды; Қоғамның Ішкі бақылау бөлімі туралы ережесіне және Қоғамның өзге де ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес басқа да қызметтерді орындайды.

     Талаптары:

    •  Жоғары кәсіби (техникалық, экономикалық немесе заңгерлік);

              Жалпы жұмыс өтілі кемінде 2 (екі) жыл.