«ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Қызылорда стансасының теміржол стансасы бойынша кезекшісі
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Кезекшілікті қабылдау кезінде қолданыстағы жедел бұйрықтардың, ескертулердің, өтінімдердің болуымен танысады. Ауысымды Е-телеграм жүйесі арқылы қабылдайды.
- Станциядағы жағдаймен және өзінің функционалдық міндеттерін орындауға байланысты тапсырмалармен, бұйрықтармен және нұсқаулармен танысады. СЦБ және байланыс құрылғыларын басқару аспаптарының жарамдылығына, олардың түгендеу тізіміне сәйкес пломбаларының болуына көз жеткізеді, пойыздық және техникалық құжаттардағы жазбалармен танысады.
- Станция ауысымының бүкіл жұмысына жедел басшылық жасауды және пойыздарды өткізу мен өңдеуге қатысатын басқа қызметтердің қызметкерлерінің іс-қимылдарын үйлестіруді қамтамасыз етеді.
- Құрама бригадаларының, техникалық кеңсе операторларының, станция кезекшісі жанындағы операторлардың, МП-1, МП-2 парк кезекшілерінің, аға жүк қабылдап-тапсырушының, тауар кассирлерінің және жүк пен багаж қабылдап-тапсырушыларының жұмысын үйлестіреді және басқарады.
- Станциялық жолдарда қалдырылған құрамдардың немесе жеке вагондардың қажетті мөлшердегі тежегіш башмақтармен бекітілуін бақылайды, орнатылған және алынған тежегіш башмақтардың нөмірлерін ауысымдық жоспар-графикке белгілеуді қамтамасыз етеді.
- Тежегіш башмақтардың жоғалуына жол бермеу үшін олардың МП-1, МП-2 парк кезекшілерінде болуын және есебін бақылайды.
- Станцияның ТРА талаптарына сәйкес барлық санаттағы пойыздарды кедергісіз қабылдау мен жөнелтуді, қозғалыс қауіпсіздігін және жеке қауіпсіздік техникасын қамтамасыз етеді.
- Қабылдау-жөнелту жолдарының бос еместігін есепке алуды, станциялық жолдардың техникалық құралдарын, маневрлік локомотивтерді және байланыс құралдарын тиімді пайдалануды бақылайды.
- СЦБ кітабын, ескертулер кітабын, пойыздық телефонограммалар кітабын, диспетчерлік өкімдер журналын, дрезиналардың жөнелтілуін тіркеу журналын және белгіленген нысандағы басқа құжаттарды жүргізеді.
- Негізгі байланыс құралдары істен шыққан жағдайда ДУ-50, ДУ-54, ДУ-55, ДУ-56, ДУ-64 нысандарындағы аралықты иелену құқығына рұқсат бланкілерін және жазбаша хабарламаларды толтырады.
- ВУ-14 кітабы бойынша пойыз құрамдарын және вагондардың жеке топтарын техникалық тексеруге ұсынады, сондай-ақ өз қалыптастырған және сұрыптауға келген пойыздарды техникалық әрі коммерциялық тексеруге ұсынады.
- Жүк фронттарына вагондарды уақытылы беру, орналастыру және жинауды қамтамасыз етеді.
- Пойыздарды қалыптастыру жоспарына сәйкес пойыздардың орташа салмағы мен ұзындығының орындалуын бақылайды.
- Пойыздық және маневрлік локомотив машинистері, сондай-ақ ССПС және МВПС машинистері арасындағы келіссөздер регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді.
- ССПС, МВПС және жеке локомотивтердің магистральдық желіге шығуы кезінде нормативтік-техникалық құжаттар талаптарына сәйкес құжаттарын тексереді.
- Станция кезекшісі жанындағы оператордың ескерту бланкілерін беруін және парк кезекшілерінің ДУ-61 нысанындағы ескерту бланкілерін пойыздарға тапсыруын бақылайды.
- Қалыптан тыс жағдайлар туындағанда немесе қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін өндірістік қиындықтар кезінде дереу ДНЦ-ны, станция бастығын және тиісті қызметтердің қызметкерлерін хабардар етеді, кедергілер жойылғаны туралы хабарлама алғанға дейін пойыз қозғалысын тоқтатады. Жолды (аралықты) жабу туралы бұйрықты күтпестен, көршілес станция кезекшісіне басқа пойыздарды аралыққа жөнелтуге тыйым салу туралы нұсқау береді.
- Пойызды қабылдау немесе жөнелту кезінде, сондай-ақ маневрлік қозғалыстар кезінде дауыс күшейткіш парк байланысы арқылы пойыздарды өңдеуге және маневрлерге қатысатын қызметкерлерді хабардар етеді. Жеке локомотивтер немесе маневрлік локомотивтер бірінші немесе екінші жолмен өтетін жағдайда вокзал дикторын алдын ала хабарландырады.
- Парк кезекшілеріне ДУ-50, ДУ-54, ДУ-55, ДУ-56, ДУ-64 нысандарындағы қайталанған рұқсаттарды және машинистерге тапсыру үшін жазбаша хабарламаларды береді.
- ISO 9001, ISO 14001 және OHSAS 18001 халықаралық стандарттарының талаптарына негізделген интеграцияланған менеджмент жүйесін енгізуге, оның талаптарын сақтауға және жұмыс күйінде ұстауға қатысады.
- Станция қызметкерлерінің пойыздар қозғалысы мен маневрлік жұмыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі кешенді жоспар іс-шараларын орындауын бақылайды.
- Құжаттардың, мүліктің және қатаң есептегі құралдардың сақталуын қамтамасыз етеді.
- Теміржол көлігінің объектілерінде жүк немесе материалдық құндылықтарды ұрлау фактілері анықталған кезде, сондай-ақ станциялық жолдарда, құрамдардың жанында немесе басқа объектілерде күдікті бөгде адамдар байқалған жағдайда, дереу тікелей басшысына және тиісті қызметтерге хабарлайды.
- Пойыз қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша Филиалдың басқа құрылымдық бөлімшелерінің жауапты тұлғаларымен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.
- Қажет болған жағдайда пойыз қозғалысына қатысы бар қызметкерлерге кезекшілікке кіріспес бұрын нұсқама өткізеді. Тежегіш башмақтардың және радиобайланыс құралдарының жарамдылығын тексереді. Алдағы жұмыс жоспары туралы таныстырады.
- ДУ-46 журналындағы жазбаларға сәйкес жол шаруашылығы, СЦБ, байланыс және басқа қызметтердің қызметкерлеріне технологиялық «терезелер» береді.
- Маневрлік және пойыздық бағдаршамдарды ашу мүмкін болмаған жағдайда маневрлік диспетчердің келісімімен машиниске тыйым салушы бағдаршам көрсеткішінен өтуге рұқсат береді. Маневрлік қозғалыстар кезінде немесе тыйым салушы маневрлік бағдаршамнан өту туралы бұйрық бойынша пайдаланылмайтын маршрутпен шығу кезінде бағыттамаларды қажетті қалыпқа келтіріп, қызыл қалпақшалар орната отырып маршрут дайындайды.
- Жол өлшеуіш және дефектоскоптық вагондар өткеннен кейін ескертулер беру туралы ДНЦ бұйрығы түскен жағдайда ДУ-60 журналына жазба енгізеді және жол дистанциясы қызметкерлерінен ескертудің расталуын талап етеді.
- Пойызды жөнелтер алдында парк кезекшісінде тежегіш башмақтардың жоқ екеніне көз жеткізеді.
- Пойыздарды қабылдау, жөнелту және маневрлік қозғалыстарға қатысты локомотив машинистерімен келіссөздер жүргізеді.
- Станциядағы локомотив бригадаларының жұмыс режимінің бұзылуына жауапты болады.
- Локомотивтердің пойыздарға шығуы және ұсынылуы туралы парк кезекшісіне және техникалық кеңсе операторларына хабарлайды.
- Құрам келгеннен немесе ауыстырылып қойылып, тежегіш башмақтармен бекітілгеннен кейін ОПТО операторының келісімімен басқару пультіндегі «Қоршауға келісім» батырмасын басады, содан кейін құрамды ВУ-14 кітабы бойынша техникалық тексеруге ұсынады.
- ВУ-14 кітабын жүргізеді. Онда күнін, айын, пойыз нөмірін, жеке сыныптық вагондардың, СДПМ, жол өлшеуіш вагондардың, қалпына келтіру, жүк және жолаушылар пойыздарының, өрт сөндіру пойызының және басқа жылжымалы құрамдардың деректерін енгізеді. Техникалық тексеруге ұсыну уақытын белгілейді, ОПТО операторының хабарламасы бойынша дайындықты қабылдайды және аға вагон қараушысының қолымен рәсімдейді. Құрамның техникалық дайындығы туралы хабарлама алған кезде ВУ-14 кітабының 9-бағанына уақытты жазады. Соңғы вагонның нөмірі мен қоршау сигналының болуы туралы мәліметтерді алады.
- Дрезина, мотовоз, автомотриса және алынбайтын моторлы-рельсті көлік құралдарын жөнелту алдында машинистен басқару құқығы куәлігін, локомотив депосының қорытындысын, ТРА-мен танысқанын, медициналық тексеруден өткенін, ПТЭ және нұсқаулықтар бойынша сынақ тапсырғанын, жылдық техникалық тексеру актісін және радиостанцияның жарамдылығын тексереді. Арнайы журналға барлық құжаттардың болуы мен сәйкестігі туралы жазба енгізеді.
- Пойызды қабылдау және жөнелту алдында, қабылдау немесе жөнелту маршрутына шығатын маневрлер кезінде маршрутты оқшаулау мүмкін болмаған жағдайда маневрлерді жоспарланған қабылдау, жөнелту немесе өткізу уақытынан 10 минут бұрын тоқтатады.
- Станция кезекшісі жанындағы оператор болмаған жағдайда вокзал қызметкерлерін жолаушылар пойыздарының келуі мен жөнелтілуі туралы хабардар етеді.
- Егер станцияда жылдамдықты шектеу туралы ескертулер немесе тоқтау сигналдарымен қоршауды талап ететін жол жұмыстары болса, бұл туралы маневрлік локомотив машинистеріне радиобайланыс арқылы хабарлап, көрсетілген шектеулермен ДУ-61 нысанындағы ескерту бланкін тапсырады.
- №1 және №2 посттардың парк кезекшілеріне ТРА-ның 3.10.1-тармағына сәйкес жылжымалы құрамды қажетті тежегіш башмақтармен бекіту туралы нұсқау береді. Локомотивті ағытуға тек орындаушының құрамның белгіленген нормаларға сәйкес бекітілгені туралы баяндамасынан кейін ғана рұқсат береді.
- Еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, экологиялық қауіпсіздік, электр қауіпсіздігі және өндірістік санитария талаптарын қатаң сақтайды.
- Станция қызметкерлерінің қозғалыс қауіпсіздігі мен маневрлік жұмыстарды қамтамасыз ету жөніндегі кешенді жоспар іс-шараларын орындауын бақылайды.
- ЭО постындағы жолдарды, бағыттамаларды, СЦБ және байланыс құрылғыларын тексеру журналына енгізілген ақаулардың уақтылы жойылуын бақылайды.
Біліктілік талаптары:
- Білімі, біліміне қойылатын талаптар
Білімі:
Міндетті:
- жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) немесе орта (техникалық және кәсіптік) білім.
Білуі тиіс:
Міндетті:
- Қазақстан Республикасының Конституциясын;
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін;
- Қазақстан Республикасының «Теміржол көлігі туралы» Заңын;
- Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерін;
- теміржол көлігі кәсіпорындарының экономикалық, өндірістік-шаруашылық қызметін реттейтін Серіктестіктің жергілікті актілерін;
- теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігі, экологиялық қауіпсіздік, өнеркәсіптік қауіпсіздік және электр қауіпсіздігі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін;
- Компания мен Серіктестіктің теміржол көлігі құрылымдық бөлімшелерінің қызметін, қозғалыс қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған қызметін реттейтін жергілікті актілері мен нұсқаулықтарын;
- функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті өзге де нормативтік-құқықтық актілер мен нормативтік-техникалық құжаттамаларды.
Қалаулы:
- мемлекеттік және ағылшын тілдерін білу;
- коммуникабельділік;
- іскерлік қасиеттер;
- ұжымда серіктестік қарым-қатынасты қолдай білу.
- Мамандығы
Жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білім бойынша:
- «Тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану (теміржол көлігі)».
Орта (техникалық және кәсіптік) білім бойынша:
- «Тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалысты ұйымдастыру және басқару (салалар бойынша)»;
- «Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару».
- Жұмыс тәжірибесі
Қызмет бағыты бойынша:
Міндетті:
- кемінде 2 жыл жұмыс өтілі, оның ішінде станциялық орталықтандыру бекетінің кезекшісі, парк кезекшісі, 2–3 сыныпты станция кезекшісі, 4–5 сыныпты станция бастығы, сұрыптау дөңесінің кезекшісі, пойыз құрастырушысы немесе станция операторы лауазымдарында жұмыс тәжірибесі болуы;
немесе
- кемінде 3 жыл жұмыс өтілі, оның ішінде станциялық орталықтандыру бекетінің кезекшісі, парк кезекшісі, 2–3 сыныпты станция кезекшісі, 4–5 сыныпты станция бастығы, сұрыптау дөңесінің кезекшісі, пойыз құрастырушысы немесе станция операторы лауазымдарында жұмыс тәжірибесі болуы.
Қалаулы:
- магистр дәрежесінің немесе ғылым кандидаты ғылыми дәрежесінің болуы.
Басшылық лауазымдағы жұмыс тәжірибесі:
- талап етілмейді.
- Дағдылары
Міндетті:
- менеджмент және тәуекелдерді басқару жүйесінің құралдарын меңгеру;
- даму жоспарларын әзірлеуді және іске асыруды ұйымдастыру;
- Серіктестіктің еңбек ресурстарына қажеттілігін есептеу;
- қойылған міндеттердің ерекшеліктерін ескере отырып, жетекшілік ететін бөлімшелердің жұмысын жүйелі жоспарлау;
- ұзақ мерзімді жұмыс жоспарларын іске асыру және өз жұмысында басымдықтарды дұрыс айқындау;
- жұмыс уақытын ұтымды бөлу.
Қалаулы:
- әртүрлі көзқарастар арасында өзара келісімге қол жеткізе білу және сындарлы диалог жүргізу;- командада жұмыс істеу дағдыларын меңгеру;
- көшбасшылық қасиеттерге ие болу;
- коммуникациялық дағдыларды меңгеру;
- көпшілік алдында сөйлеу дағдыларының болуы.
Қосымша талаптар:
1) еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтау;
2) Серіктестік басшылығының және тікелей басшысының тапсырмаларын орындау;
3) іскерлік әдеп нормалары мен корпоративтік мәдениетті сақтау;
4) Серіктестік пен Компанияның құпиялылық талаптарын және жергілікті актілерін бұзбай, уақтылы әрі шынайы ақпарат ұсыну;
5) өз пайдалануындағы мүлікке ұқыпты қарау және оның сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ басқа қызметкерлердің мүлкіне ұқыпты қарау;
6) жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария талаптарын сақтау;
7) бағынысты персоналдың жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау, тікелей бағыныстыларға міндеттер қоюды және олардың қызметінің тиімділігін бағалауды қамтамасыз ету, біліктілікті арттыруды ұйымдастыруды және кадрлық әлеуетті тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;
8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, комплаенс мәдениетін қалыптастыру, іскерлік беделді нығайту және Серіктестікке деген сенімді арттыру шеңберінде төмендегілерді жүзеге асыру:
а) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар мен рәсімдерді қалыптастыруға және іске асыруға белсенді қатысу;
б) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын, сондай-ақ Серіктестіктің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының қағидаттары мен талаптарын сақтау;
в) жеке мүдделердің Серіктестік пен Компанияның мүдделеріне қайшы келуіне әкеп соғатын жағдайлар мен мән-жайларға жол бермеу. Мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда (немесе оның туындау мүмкіндігі болған кезде) бұл туралы жазбаша түрде тікелей басшысына немесе Серіктестіктің комплаенс-бақылаушысына хабарлау;
г) Серіктестік қызметкері жасаған немесе жасап жатқан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы белгілі болған кез келген дерек бойынша Компанияның «жедел желісіне», не өзінің тікелей немесе жоғары тұрған басшысына және (немесе) Серіктестіктің комплаенс-бақылаушысына дереу хабарлау;
д) Компанияның қызметкерлер этикасы мен мінез-құлқына қатысты ішкі құжаттарының талаптарын сақтау;
е) Компанияның мүдделер қақтығысының алдын алу және оны реттеу жөніндегі ішкі құжаттарының талаптарын сақтау;
ж) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарының және Серіктестіктің жергілікті актілерінің сақталуын қамтамасыз ету, қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауын ескерту және алдын алу;
з) жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшенің процестеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен комплаенс саясаттарының талаптарын енгізу;
9) өзіне сеніп тапсырылған негізгі құралдар, материалдар және учаскелерде орналасқан өзге де мүлік үшін материалдық жауапкершілік көтеру;
10) «Үш қорғаныс желісі» моделіне сәйкес Серіктестіктің корпоративтік тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі шеңберіндегі функцияларды іске асыру;
11) осы лауазымдық нұсқаулықта көзделген процестер мен операцияларды сапалы және уақтылы орындау;
12) қызметтік құжаттарды қарау және шешімдер қабылдау кезінде бюрократия көріністеріне жол бермеу, бюрократия фактілері анықталған жағдайда Серіктестіктің жергілікті актілерінде белгіленген мерзімдерде қажетті шараларды қабылдау;
13) Қазақстан Республикасы заңнамасының, мемлекеттік органдар актілерінің, Жалғыз акционердің актілерінің және Серіктестік қызметіне қатысты өзге де құжаттардың нормалары мен талаптарын сақтау;
14) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, электр қауіпсіздігі және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтау.Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Техникалық және кәсіптік білім беру