«ҚТЖ-Жүк тасымалдары» ЖШС - «Ақмола» филиалының Жаңа Есіл локомотив пайдалану депосының бастығы
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
- депода еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік актілерді әзірлеу (қайта қарау), енгізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
- поездардың қозғалысына байланысты персоналдың жұмыс орындарына қатысты нормативтік техникалық құжаттардың (бұдан әрі - НТҚ) тізбелерін әзірлейді және бекітеді;
- поездар қозғалысымен байланысты депо қызметкерлерінің НТҚ-ны білуіне мерзімді тексерулер жүргізеді;
- жылдамдық өлшеу ленталары мен тіркеу кассеталарының мағынасын ашу бойынша локомотив бригадаларымен және инженерлерімен техникалық сабақтар өткізеді;
- Серіктестік пен Компанияның жергілікті актілеріне сәйкес поездар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыруға жеке қатысу нормативтерін орындайды;
- негізгі пайдалану локомотив депосында және айналым пункттерінде техникалық операциялар кезінде локомотивтердің тұрып қалу нормаларының орындалуын белгіленген нормалардан артық тұрып қалуды қысқарту жөнінде шаралар қабылдай отырып бақылайды;
- локомотивтерді ТО-2, жоспарлы жөндеу түрлері, оларға сервистік және техникалық қызмет көрсету көлемінде орындалған жұмыстардың сапасын, көрсетілген жұмыстарды жүзеге асыратын өнім берушілермен және мердігерлермен өзара іс-қимылдың ұйымдастырылуын бақылайды;
- демалыстан шыққаннан кейін, лауазымға тағайындалған немесе жұмыстағы ұзақ үзіліс кезінде, қозғалыстың басқа түріне ауысқан кезде, «бір адамға» жұмысқа машинистермен әңгімелесу жүргізеді;
- қозғалыс қауіпсіздігінің жай-күйін, өндірістік көрсеткіштерді, еңбек және технологиялық тәртіпті қарай отырып, локомотив бригадаларымен планерлік кеңестер өткізеді;
- жанар-жағармай материалдарының (ЖЖМ) шығысын бақылауды жүзеге асырады.
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
- Көлік, көлік техникасы және технологиялары (локомотивтер және локомотив шаруашылығы) саласындағы мамандығы;
- Жұмыс тәжірибесі: Мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 7 жыл, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл, оның ішінде локомотив депосы басшысының (бастығының) пайдалану жөніндегі орынбасары лауазымында.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр