Тәуекелдер жөніндегі жетекші маман

«КазРосГаз» ЖШС Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
46

   Конкурс туралы
Құрметті үміткер!
Вакансияға жауап бермес бұрын, конкурсқа қатысу үшін міндетті талаптармен танысуды сұраймыз:
1. Білім, жұмыс тәжірибесі, дағдылар және т.б. туралы берілген мәліметтердің дұрыстығына жауапкершілік үміткердің мойнында.
Резюмеде лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін білім және жұмыс тәжірибесі туралы сенімді мәліметтердің болмауы жағдайында, үміткер конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге 5 (бес) жұмыс күні ішінде тиісті хабарламадан бастап сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама ұсыну қажет.
Анықтама соңғы 1 (бір) айдан ерте алынбауы тиіс және актуалды ақпаратты қамтуы керек. Анықтаманы EGov электрондық порталында «Жұмысқа орналасу және жұмыс іздеу» бөлімінде алуға болады.

Сізден жеке кабинетіңізде және көрсеткен электрондық поштаңызда тиісті хабарламаларды бақылауды сұраймыз.

3. Хабарламаларға бақылау жасау және уақтылы жауап беру жауапкершілігі бос лауазымды орынға ие болғысы келетін (қызығушылық танытқан) тұлғаның мойнында.


Міндеттер:


  • Компанияның тәуекелдерді басқару жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету және тәуекелдерді басқару жүйесін, тәуекел мәдениетін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  • Тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша құрылымдық бөлімшелермен жұмысын үйлестіру, компанияның ішкі нормативтік құжаттарымен белгіленген тәртіпте тәуекелдер регистрін, тәуекелдер картасын, тәуекел аппетитін есептеу;
  • Тәуекелдерді анықтау және бағалау процесін ұйымдастыру, соның ішінде компанияның тәуекел иелерімен анықталған және мүмкін тәуекелдерді талқылау үшін тұрақты кездесулер өткізу;
  • Тәуекелдерді басқару бойынша іс-шаралар жоспарын мониторингтеу және Компанияның Басқармасы мен Қадағалау кеңесін белгіленген тәуекелдерді басқару процестерінен елеулі ауытқулар туралы хабардар ету;
  • Компанияның инвестициялық жобалары бойынша қорытындыларды әзірлеу, жобаның қаржыландыруының мақсатты бағдарламаларға, тәуекелдерді басқару саясатына және тәуекелдерді анықтау мен бағалау бойынша басқа ішкі құжаттарға сәйкестігін ескере отырып;
  • Сделкелер бойынша қорытындыларды әзірлеу және Компания органдарына тәуекелдерді анықтау мен бағалау мәселелерін қарастыру үшін ұсыныстарды келісу;
  • Тәуекелдерді басқару тиімділігі бойынша мерзімді есепті Қадағалау кеңесіне қарастыруға шығару, соның ішінде тәуекел аппетиті, тәуекелдер регистрі, тәуекелдер картасы және тәуекелдерді басқару бойынша іс-шаралар жоспары бойынша ұсыныстар;
  • Тәуекелдер бойынша есепті Қадағалау кеңесіне қарастыруға шығару, ішкі құжаттарда белгіленген мазмұн мен мерзімдерге сәйкес;
  • Компанияның тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру мақсатында сыртқы аудиттердің ұсыныстары бойынша іс-шаралар жүргізу;
  • Компанияның физикалық, ақпараттық, экономикалық және ішкі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және бақылау;
  • Компанияның қауіпсіздік жүйесін қамтамасыз ету және жетілдіру мәселелері бойынша басшылыққа ұсыныстар мен кеңестер әзірлеу;
  • Компанияның корпоративтік қауіпсіздігі мәселелері бойынша құқық қорғау, сот және басқа мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесу жұмыстарын ұйымдастыру;
  • Компания объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын жүзеге асыруды үйлестіру және қатысу;
  • Жоғары тұрған ұйымдарға Компанияның корпоративтік қауіпсіздігі мәселелері бойынша есептілікті қалыптастыру;
  • Тәуекелдер бойынша консолидирленген реестрді жаңарту және жүргізуді қамтамасыз ету;
  • Стратегиялық бастамалар мен бизнес-жоспарлау бойынша тәуекелдерді бағалауға қатысу;
  • Бизнес қолдау жөніндегі Бас директордың орынбасарының тапсырмаларын орындау.

Талаптар:

  • Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) экономикалық, қаржылық, техникалық немесе функционалдық бағытпен байланысты салаларда білім.
  • Тәуекелдерді басқару саласында, соның ішінде FRM, ISO 31000, COSO стандарттары бойынша оқуды аяқтағаны туралы сертификаттардың болуы артықшылық.

    Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануымен байланысты жұмысқа рұқсаттың болуы артықшылық.
  • Жұмыс тәжірибесі кемінде 5 жыл, оның ішінде келесі салаларда кемінде 3 жыл болуы құптарлық:

    тәуекелдерді басқару/ішкі бақылау/аудит/экономикалық және/немесе корпоративтік қауіпсіздік/құқық қорғау органдары.
  • Басқарушылық жұмыс тәжірибесі қалаулы.
  • QG компаниялар тобында / Серіктестікте немесе мұнай-газ саласында жұмыс тәжірибесі қалаулы.

Шарттар:

  • жұмыс уақыты режимі - күніне 8 сағат, 08.30-дан 18.00-ге дейін, түскі үзіліс 12.30-дан 14.00-ге дейін, демалыс күндері - сенбі және жексенбі.

Қажетті қабілеттер

  • Навыки ведения документации по управлению рисками и составление отчетности;
  • Навыки ведения деловой переписки, переговоров, организация труда и управления;
  • Навыки анализа бизнес-процессов и выявления уязвимостей (в т.ч. в части корпоративной безопасности);
  • Уверенные навыки работы с MS Excel (включая сводные таблицы);
  • Навыки деловой коммуникации и взаимодействия с регуляторами и аудиторами, государственными органами.