Сатып алу жөніндегі маман

ЖШС «Алайгыр» бірлескен кәсіпорны Қарағанды қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Жартылай қамтылу, Қашықтан жұмыс
Ішкі іздеу
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
164

   Конкурс туралы

Міндеттері:

Шарттар жасасу

  • Сатып алуды бастамашылардың өтінімі мен өтінімге қоса берілетін құжаттарға сәйкес «Самұрық-Қазына» АҚ электрондық алаңында (бұдан әрі – Портал) ТЖҚ (тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) сатып алуды жариялайды;

  • Сатып алуды бастамашылар ұсынған құжаттардың Сатып алу саласындағы Стандартқа, Тәртіпке және Серіктестіктің ішкі құжаттарына сәйкестігіне тексеру жүргізеді;

  • Бір көзден алу тәсілімен сатып алу жүргізілген жағдайда коммерциялық ұсыныстарды жинайды және әлеуетті өнім берушілермен өзара іс-қимыл жасайды;

  • Жасалған шарттардың Серіктестіктің электрондық базасында орналастырылуын қамтамасыз етеді;

  • Порталда өнім берушілердің жергілікті қамту үлесі бойынша есептерді және электрондық актілерді ұсынуын мониторингтейді;

  • Жасалған шарттардың тізілімі мен архивін жүргізеді.

Есептілікті қалыптастыру

  • Жалғыз қатысушының сұранысы бойынша сатып алу мәселелері жөніндегі есептілікті қалыптастырады;

  • «Самұрық-Қазына» АҚ есептілікті ұсыну жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес сатып алу мәселелері бойынша есептілікті қалыптастыруға қатысады;

  • Талдамалық есептерді қалыптастыруға қатысады;

  • «Жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізен кезде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесіне есептілікті ұсыну процесіне қатысады.

Ішкі нормативтік құжаттарды (бұдан әрі – ІНҚ) әзірлеу және өзектендіру

  • Сатып алу жөніндегі ІНҚ-ны әзірлеуге және өзектендіруге қатысады;

  • Сатып алу жөніндегі ІНҚ-ны Серіктестіктің мүдделі тұлғаларымен келіседі.

Талаптар:

  • Жоғары заңгерлік, экономикалық немесе бизнес-функциямен байланысты өзге де білім;

  • «Самұрық-Қазына» АҚ сатып алу қызметі саласында кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесі.

Шарттары:

  • Әңгімелесу барысында талқыланады.

Қажетті қабілеттер

  • - исполнительность, пунктуальность, аккуратность, внимательность

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр