Белгі берушісі Мақат станциясы класстан тыс "ҚТЖ "ҰК" АҚ филиалы - "Магистральдық желі дирекциясы"Атырау магистральдық желі бөлімшесі

217 760 - 283 626
Атырауское отделение магистральной сети Атырау облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Қызметкер болмаған кезде, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
10

Қаралған саны:
77

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

Күндізгі ауысым басталғанға 15 минут қалғанда демалған күйде жұмысқа келу, медицина қызметкерінен алдын ала медициналық тексеруден өту. Егер жұмысқа келу мүмкін болмаса, станция басшылығына кемінде 12 сағат бұрын хабарлау. Күн тәртібі бойынша жиналысқа кезекшілікті бастамас бұрын қатысу міндетті.
тежегіш табандықтарының нормаларға сәйкес болуын, станциялық жолдарда дұрыс орналасқанын, сөрелердегі тежегіш табандарының нөмірлер бойынша бар-жоғын және олардың құлыптарының жағдайын. Поездердің вагондарын қабылдау-жөнелту жолдарында бекітілуін және сөредегі тежегіш табандарының бар-жоғын ДСП-ге хабарлай отырып біледі
Жүк және жолаушы құрамдарын, вагон топтарын станциялық жолдарда тежегіш табандары арқылы бекітіп, оларды тазалайды.
Пойыз машинистінен  станцияға келген жүк құжаттары пакетін қолхатпен алып, ДУ-40 формасындағы кітапқа тіркеп, операторға қолхатпен жеткізеді және «Станция операторларының құжаттарды қабылдауы мен тапсыруы» кітабына тіркейді.
станция кезекшісі  нұсқаулығына сәйкес жүк және жолаушы құрамдарын, вагон топтарын тежегіш табандарымен бекітеді, локомотивті ажыратуға дейін станцияның жұп, тақ аумағында оларды жинайды, ДУ-67 журналында тіркейді және ДСП-ге хабарлайды.

Қажетті білім дәрежесі

  • Орташа білім

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Орташадан жоғары)