"Қазпошта" АҚ Атырау облыстық филиалы Бас касса Касса меңгерушісі

«Қазпошта» АҚ Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
44

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • 1. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, ҚР Ұлттық Банкінің нормативтік-құқықтық актілеріне, Қоғамның кассалық операцияларды жүргізуді реттейтін нормативтік құжаттарына сәйкес қолма-қол ақша және құндылықтармен жұмыс ұйымдастыру;
    2. банкноттар мен монеталарды қабылдау, беру, қайта санау, ұсақтау, айырбастау, сұрыптау, буып-түю және сақтау;
    3. айналыстағы банкноттар мен монеталарды сапалы қайта санауды жүзеге асыру, төлемге жарамсыз және тозған банкноттар мен ақаулы монеталарды уақтылы айналыстан алып тастау;
    4. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен жалған банкноттар мен монеталарды айналыстан алып тастау;
    5. ұлттық валютадағы қолма-қол ақша мен басқа да құндылықтардың, шетел валютасындағы ақша белгілері мен өзге де құндылықтардың касса қоймасында болуын есепке алу кітабын, банкоматтарды жүктеу және босату операцияларын есепке алу кітабын, сондай-ақ кілттерді беру журналын жүргізу;
    6. сеніп тапсырылған қолма-қол ақша қаражаты мен құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету;
    7. бекітілген құрылымдық бөлімшелер кассаларының қолма-қол ақшасын инкассациялауға (толықтыру/артық ақшаны әкету) өтінімдерді уақтылы рәсімдеу;
    8. қолма-қол ақша қабылдау және беру операцияларын (ұлттық және шетел валютасы), қатаң есептілік бланкілерін жүзеге асыру, оларды қайта санау және сақтау, сондай-ақ банкоматтарды, постаматтарды, төлем терминалдарын жүктеу және босату;
    9. бас кассадағы кассалық операциялар бойынша құжаттарды рәсімдеу және жүргізу, кассирлердің өз міндеттерін нақты орындауын талап ету;
    10. бас кассадан артық ақшаны Р(М)ППС-тің филиалдың бас кассасына, сондай-ақ ҚР Ұлттық Банкінің филиалына уақтылы тапсыру;
    11. қолма-қол ақшамен толықтыру туралы өкімдерді орындау, сондай-ақ УПС, ОПС-ке қолма-қол ақша беру;
    12. инкассацияға берілген өтінімдерді орындау;
    13. бас кассадағы кассалық операциялар бойынша құжаттардың дұрыс рәсімделуі мен жүргізілуін бақылау;
    14. «Жолдағы ақша» 1020 шоты бойынша қаражаттың дұрыс есептен шығарылуын бақылау (бекітілген құрылымдық бөлімшелер бөлінісінде);
    15. ОПС, ЦОУ, Р(М)ППС, банкоматтар, постаматтар, терминалдардан түскен қолма-қол ақшаны қайта санау;
    16. инкассаторлардан ақша салынған қаптарды (касса артықтары, контрагенттер, терминалдар) қабылдау;
    17. инкассаторлардан түскен ақша салынған қаптардың дұрыс пломбылануын және бүтіндігін тексеріп қабылдау;
    18. ҚР Ұлттық Банкінің филиалына кассаның лимиттен тыс қалдықтарын тапсыру үшін қолма-қол ақшаны дайындау және толық санау;
    19. бас кассадағы лимиттен тыс артық ақшаны ҚР Ұлттық Банкінің филиалына уақтылы жеткізу;
    20. бас касса қалдығының белгіленген лимитін сақтау;
    21. қолма-қол ақшаны жарамды, тозған деп сұрыптап, нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес буып-түю;
    22. банкоматқа жүктеу үшін ақша дайындау (кассеталарды толтыру), банкоматтан ақша алу (кассеталардан қаражатты шығару);
    23. кешкі кассаның жұмысын қамтамасыз ету;
    24. қолма-қол ақшадан (теңге, шетел валютасы) ақша салынған қаптарды ЦОУ, ГОПС, Р(М)ППС-ті толықтыру үшін уақтылы қалыптастыру (ақшаны сұрыптау, ілеспе ведомостіні 3 данада толтыру, пломбылау), инкассаторларға беру;
    25. барлық кассалық жабдықтарды жұмыс күйінде ұстау және пайдалану;
    26. қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтау, қабылдау және беру;
    27. директордың, директор орынбасарларының, бас бухгалтер–қаржы бақылаушының, операциялық басқарма басшысының бұйрықтары мен өкімдерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз ету.

Талаптар:

  • Бухгалтерлік есеп және аудит, және/немесе қаржы, және/немесе экономика, және/немесе техникалық профилі бойынша арнайы орта білім.
  • Қаржылық, және/немесе экономикалық салада, және/немесе бухгалтерлік есеп, және/немесе салық есебі саласында, және/немесе "Қазпошта" АҚ кем дегенде 1 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы. "Қазпошта" АҚ филиалдары мен пошта байланысы бөлімшелерінде кассалық операциялар мен банкноталарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты" білу.

Шарттары:

  • Бес күндік жұмыс аптасы екі демалыс күнімен - сенбі және жексенбі, күнделікті жұмыс (жұмыс күні, ауысым) ұзақтығы 8 (сегіз) сағат апта сайын дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, демалуға және тамақтануға арналған үзіліс сағат 13-00-ден сағат 14-00-ге дейін.
  • Атырау