**Комплаенс офицері**

«Бутадиен» ЖШС Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
32

Қаралған саны:
213

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауды жүргізуді қамтамасыз ету.
  • Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне мониторинг жүргізуді және оларды барынша азайту мен жоюға бағытталған шараларды қабылдауды қамтамасыз ету.
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері және антикоррупциялық мәдениетті қалыптастыру бойынша түсіндіру іс-шараларын қамтамасыз ету.
  • Қызметкерлерге арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту семинарларын қамтамасыз ету.
  • Ұжымда жалпыға қабылданған моральдық-этикалық нормаларға сәйкес келетін өзара қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдесу.
  • Мүдделер қақтығысын анықтау, мониторингтеу және реттеу бойынша шараларды қабылдауды қамтамасыз ету, оның ішінде жұмысқа орналастыру, сатып алу және бизнес-процестер мәселелерінде.
  • Сыйлық беру және сыйлық алу мәселелерін реттеу бойынша шараларды қабылдауды қамтамасыз ету.
  • Контрагенттердің сенімділігін кешенді тексеруді қамтамасыз ету.
  • Жүгінімдер (шағымдар) негізінде сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша қызметтік тексерулерді қамтамасыз ету және (немесе) оларға қатысу.
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы, сыбайлас жемқорлыққа байланысты істер бойынша сот тәжірибесіндегі өзгерістерді мониторингтеу және талдауды қамтамасыз ету.
  • Құрылымдық бөлімшелер мен қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды іске асыру тиімділігін бағалауды қамтамасыз ету.
  • Егер мұндай функциялар тәуелсіздікке әсер етпесе және мүдделер қақтығысын туғызбаса, комплаенс, іскерлік этика, тұрақты даму мәселелеріне қатысты функцияларды жүзеге асыру.
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органмен және мемлекеттік органдармен, квазимемлекеттік сектор субъектілерімен, қоғамдық бірлестіктермен, жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.

Талаптар:

  • Кәсіби білім – жоғары білім.
  • Білім бейіні – Құқықтану/ Экономика/ Қаржы
  • Функционалдық бағыт бойынша жұмыс өтілі – кемінде 5 жыл.

Шарттар:

  • 2027 жылы жоспарланған қабылдау.

Қажетті қабілеттер

  • Знание основ комплаенс-контроля и корпоративного управления
  • Знание антикоррупционного законодательства
  • Выявление, оценка и мониторинг комплаенс-рисков
  • Проведение проверок на предмет конфликта интересов
  • Проведение комплаенс-проверок контрагентов
  • Навыки анализа нормативных правовых актов
  • Работа с MS Office и электронным документооборотом

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр