Жобалау кеңсесінің аға инженері (кен орындарын әзірлеуші)

«KMG Digital» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
22

Қаралған саны:
420

   Конкурс туралы

Міндеттері:

Талаптар:

  • Жоғары кәсіби білім
  • Қызмет бейіні бойынша кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі
  • Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер:
  • –      Мұнай және газ кен орындарын әзірлеу теориясы мен практикасы: кен орындарын әзірлеу жүйелері, кен орындарының жұмыс режимдері.
  • –      Қабат физикасы, қабаттық флюидтердің қасиеттері (PVT), коллекторлардың фильтрациялық-кеуектілік қасиеттері.
  • –      Гидродинамикалық модельдеу әдістері: модельдер құру, әзірлеу тарихына бейімдеу, болжамдық есептеулер.
  • –      Әзірлеуді талдау әдістері: материалдық баланс, ығыстыру сипаттамалары, өндірудің төмендеу қисықтарын талдау, әзірлеу карталарын талдау.
  • –      Қабат қысымын ұстап тұру және су айдау жүйелері, олардың тиімділігін бағалау әдістері.
  • –      Мұнай бергіштігін арттыру және притокты (ГРП, ОПЗ және т.б.) күшейту әдістері, кандидат ұңғымаларды іріктеу және геологиялық-техникалық іс-шаралардың тиімділігін бағалау (ГТІ).
  • –      Ұңғымаларды гидродинамикалық зерттеу (ҰГЗ) және олардың нәтижелерін түсіндіру.
  • –      Кен орындарын әзірлеуге арналған жобалық технологиялық құжаттар (әзірлеу жобасы, технологиялық сызба, авторлық қадағалау), жер қойнауын пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптары.
  • –      Әзірлеу нұсқаларын технико-экономикалық бағалаудың негіздері.
  • –      Гидродинамикалық модельдеу үшін бағдарламалық қамтамасыз ету (tNavigator, Eclipse, CMG немесе аналогтар).
    Артықшылық болады:
    –      BPMN 2.0 нотациясы және бизнес-процестерді «қалай бар» (AS-IS) және «қалай болуы тиіс» (TO-BE) форматында сипаттау қағидаттары.
    –      Талаптарды басқару негіздері: пайдаланушы тарихтары (user stories), пайдалану сценарийлері (use cases), қабылдау критерийлері.
    –      Деректермен жұмыс істеу негіздері: SQL-сұраныстар, MS Excel (Power Query, жиынтық кестелер).
    –      Кен орынның цифрлық егізі және интеграцияланған операциялар орталықтары тұжырымдамасын түсіну.
    –      «Қабат – ұңғыма – жерүсті инфрақұрылымы» жүйесін интеграцияланған модельдеу негіздері.
  • Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
  • Гидродинамикалық модельдерді құру және бейімдеу, болжамдық есептеулерді орындау.
  •   Әзірлеудің ағымдағы жағдайын талдау, жобалық көрсеткіштерден ауытқуларды және олардың себептерін анықтау.
  • ГТІ-дің және су айдау жүйесін реттеу жөніндегі іс-шаралардың негіздемесі мен тиімділігін бағалау.
  • Кен орындарын әзірлеу процестерін сипаттау және ақпараттық жүйелерге функционалдық талаптарды тұжырымдау.
  • Ақпараттық жүйелерді функционалдық және қабылдау тестілеуіне қатысу.
  • Сараптамалық қорытындылар, аналитикалық материалдар және презентациялар дайындау.
  • Өндірістік бөлімшелермен, ғылыми-жобалау
    ұйымдарымен, ИТ-командалармен және мердігер ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау, талаптарды келісу.
  • Артықшылық болады:
    –      BPMN редакторларында бизнес-процестерді модельдеу (Camunda Modeler, Bizagi Modeler, MS Visio, draw.io немесе аналогтар).
    –      Тапсырмаларды басқару жүйелері мен білім базаларында жұмыс істеу (Jira, Confluence немесе аналогтар).

Шарттар:

  • Аутстаффинг секторында ресімдеу
  • Бес күндік жұмыс аптасы
  • Әлеуметтік пакет