Жоба іске асырылуын бақылау қызметінің маманы

«Бутадиен» ЖШС Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
31

Қаралған саны:
419

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Қызметтің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпаратты дайындау, тиісті қорытындылар мен ұсыныстар әзірлеу, сұрауларға жауаптар дайындау
  • Товарищество қызметіне сәйкес жобаның кестесін бақылау бағдарламасын тиімді орындау
  • Жобаның жиынтық күнтізбелік-желілік кестелерін (MS Excel, MS Project, Primavera) жаңарту және орындалуын бақылау, оның ішінде жобалау-іздестіру жұмыстарының, жеткізілімдердің, құрылыс-монтаж және іске қосу-реттеу жұмыстарының кестелері
  • Жауапты бөлімшелер мен контрагенттерден орындалу барысы туралы нақты деректерді жинау, консолидациялау және олардың өзара қайшылықсыздығын тексеру; жобаның мәртебесі бойынша жиынтық жоспар-факт есептілікті дайындау
  • Жобаны іске асырудың барлық кезеңдерінде оның бюджетіне бақылау және мониторинг жүргізу
  • Жобаның жоспарлы, нақты және болжамды шығындарын бақылау, оның ішінде жобалау, сатып алу, құрылыс, іске қосу-реттеу жұмыстары және өзге де шығындар
  • Жобаның құны бойынша ай сайынғы және апталық есептерді дайындау
  • Жобаның іске асырылу барысы туралы тұрақты басқарушылық есептерді (апталық, айлық, тоқсандық) және презентациялық материалдарды Товарищество басшылығы, акционерлер және өзге де мүдделі тараптар үшін дайындау
  • Контрагенттердің шарттық мерзімдері мен жобаның негізгі кезеңдерінің сақталуын бақылау; ауытқуларды уақтылы анықтау, басшылықты хабардар ету
  • Жобаның тәуекелдер тізілімін жүргізу және өзектендіру, тәуекел-оқиғаларды мониторингтеу және оларды барынша азайту жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылау
  • Жоба бойынша үйлестіру жиналыстарын ұйымдастыру және сүйемелдеу, хаттамаларды рәсімдеу және қабылданған шешімдердің орындалуын бақылау
  • Аяқталған жұмыстардың кезеңдерін қабылдауға қатысу: нақты мерзімдер мен көлемдердің бекітілген жоспарлар мен есептік деректерге сәйкестігін тексеру бөлігінде
  • Жоба қатысушылары арасында жедел ақпарат алмасуды қамтамасыз ету
  • Алдағы жұмыс аптасында назар аударуды және шешуді талап ететін мәселелер тізбесі бойынша жиынтық есепті дайындау және ұсыну

Талаптар:

  • Кәсіби білім – жоғары білім
  • Білім бейіні – инженерия, техника және технологиялар, өнеркәсіптік құрылыс, экономика және қаржы, құқықтану, менеджмент, тәуекел-менеджмент, проджект-менеджмент саласында
  • Функционалдық бағыт бойынша жұмыс тәжірибесі – талап етілмейді

Шарттар:

  • 2027 жылы жоспарланған қабылдау.

Қажетті қабілеттер

  • Проектный контроль и мониторинг реализации проекта
  • Работа с MS Excel, MS Project, Primavera

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Магистр