Өндірістік қауіпсіздік бөлімінің бастығы
«Инкай» БК» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Вахталық әдіс
Лауазымдық жауапкершілік:
Негізгі функцияларын жүзеге асыру үшін бөлім бастығына келесі лауазымдық міндеттер жүктеледі: • Өндірістік қауіпсіздікті бақылау бойынша іс-шараларға басшылық ету • Жекелеген технологиялық операцияларға, жабдықтарды жөндеу мен сатып алуға өзгерістер енгізу үшін қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қолданыстағы мемлекеттік ережелер мен нормалар бойынша басшыларға кеңес беру; • Уран өндіруші кәсіпорындарға қатысты қолданыстағы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бағдарламаларды орындау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарын, қоршаған ортаны қорғау және сапа жөніндегі бағдарламаларды толық сақтау және озық өнеркәсіптік практикаларды енгізу; • Қоршаған ортаны қорғау бойынша перспективалық және ағымдағы жоспарларды құруды ұйымдастыру, олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру; • Техникалық-экономикалық негіздемелерге, жобаларға, сондай-ақ құрылатын жаңа технологиялар мен жабдықтарға экологиялық сараптама жүргізуді қамтамасыз ету, ұйым өнімін экологиялық таңбалау жүйесін енгізу; • Құрылымдық бөлімшелерде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын, өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік және өндірістік негізделген аурулардың алдын алу жөніндегі профилактикалық жұмыстарды, жұмыскерлерге еңбек жағдайлары бойынша көзделген жеңілдіктер мен өтемақылар беруді, қоршаған ортаны қорғауды басқару жөніндегі ішкі нормалар мен жүйелерді құруды және қолдауды ұйымдағы саламатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау; • Өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеу және жүзеге асыру, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына өндірістік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру; авариялардың, инциденттердің туындау себептеріне талдау жүргізу, қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің және олардың салдарларының алдын алуға және оларды жоюға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру; • Барлық басшы қызметкерлер, Компания қызметкерлері және тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізушілер арасында Компанияның және Қазақстан Республикасының қауіпсіздік техникасы стандарттарын тұрақты орындауға ықпал ететін қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтау мәдениетін дамыту және нығайту; • Өндірістегі қауіпсіздік мәдениетін дамытудың жаңа құралдарын енгізу және басқару; • Өндірістік қажеттілік туындаған кезде және жоспарлау мақсаттары үшін қоршаған ортаның жай-күйін бағалау туралы есептерді жасауды үйлестіру; • Төтенше жағдайлар туындаған кезде дайындау мен ден қоюдың тиімді жүйесін, сондай-ақ ҚР стандарттарына және жалпы қабылданған салалық стандарттарға сәйкес келетін дағдарыстық жағдайларда іс-шаралар жүйесін әзірлеуге қатысу, өндірістік процестің үздіксіздігін қамтамасыз ету, қызметкерлер үшін ықтимал жарақаттарды және компания активтері мен қоршаған ортаға залалды азайту; • Түзету іс-шараларының орындалуын бақылауға және олардың тиімділігін бағалауға жәрдем көрсету; • ҚР заңнамасындағы өзгерістерді қадағалау, басшылықты уақытылы хабардар ету, сондай-ақ осы талаптарды орындау; • Ықтимал салдарлар мен тәуекелдерді анықтау үшін қандай да бір жаңа жобаға енгізілетін өзгерістерді қарауды қамтамасыз ету, сондай-ақ оларды жобалау тобының және Компанияның тиісті жұмыскерлерінің назарына жеткізу; • Қазақстан Республикасының аумағында қоршаған ортаны қорғау, радиациялық қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы мәселелері бойынша Компания жұмыскерлеріне кеңес беру, сондай-ақ жұртшылықтың сұрақтарына жауап беру кезінде тиісті кері байланысты қамтамасыз ету; • Компания бөлімшелерінде радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; • Еңбек ұжымының және өңірлік билік органдарының өкілдерімен кездесулер кезінде қоршаған ортаны қорғауға, радиациялық қауіпсіздікке, техника қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға қатысты мәселелерді талқылау кезінде қолдауды қамтамасыз ету; • Менеджменттің интеграцияланған жүйесін дамытуға қатысу; • Тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін (KPI), сондай-ақ Компания қызметінің мақсаттары мен міндеттерін анықтау, келісу, мәліметке жеткізу, сондай-ақ мониторингілеу; • ҚР тиісті заңнамалық нормаларына, сондай-ақ Компания қатысушыларының саясаттарына, бағдарламалары мен стандарттарына сәйкес қауіпсіздік техникасы, радиациялық қауіпсіздік, денсаулық пен қоршаған ортаны қорғау және сапаны бақылау бойынша Компанияның ішкі қағидаларын, нұсқаулықтары мен басқа да құжаттарын және жұмыс берушінің актілерін әзірлеу мен енгізуге басшылық ету; • ESAP жол картасын іске асыруға сәйкес әлеуметтік және экологиялық тәуекелдерді анықтауға, өлшеуге, төмендетуге бағытталған зерттеулер мен іс-шаралардың жүргізілуін бақылау, кері байланыс ұсына отырып, жергілікті тұрғындар тарапынан шағымдарды қарау; • Мемлекеттік қадағалау және бақылау органдары нұсқамаларының орындалуын, өндіріс процесінде, сондай-ақ жаңа және реконструкцияланатын өндірістік объектілердің жобаларында өндірістік қауіпсіздік жөніндегі қолданыстағы нормалар мен қағидалардың сақталуын бақылау; • Бақылаушы органдарға ұсыну үшін қажетті құжаттарды қалыптастыруға бақылауды жүзеге асыру; • ҚОҚ, ЕҚ және ҚТ, РҚ бойынша есептіліктің сапалы және дұрыс жасалуын бақылауды жүзеге асыру және оны белгіленген нысандар бойынша тиісті мерзімдерде құзыретті органдарға, статистика органдарына және ведомстволық ұйымдарға ұсыну; • Мемлекеттік органдарға өтінімдердің уақтылы берілуін бақылау және кәсіпорынның жұмыс істеуі үшін қажетті ТБ, РҚ және ҚОҚ саласындағы қажетті лицензиялар мен рұқсаттарды алу; • Өндірістік қауіпсіздік бойынша тиісті есептерді қадағалау органдарына және басшылыққа қажетті мерзімде ұсыну. Жоғары тұрған басшылықтың нұсқауы бойынша белгіленген нысандар мен мерзімдерге сәйкес "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК-қа және Cameco корпорациясына есептер ұсыну; • Бөлімше штатын білікті жұмыскерлермен қалыптастыру; • Жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын зерделеуді, қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың параметрлеріне өлшеу жүргізуді, жұмыс орындары мен өндірістік жабдықтарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкестігіне аттестаттау мен сертификаттауды ұйымдастыру, жоспарланған іс-шаралардың уақтылы жүргізілуін бақылау; • Өндірістік нысандарды еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізуді ұйымдастыру. • Өндірістегі жазатайым оқиғаларды қарауға қатысу және олардың алдын алу бойынша шаралардың әзірленуін бақылау. • Өндірістегі жазатайым оқиғаларды және кәсіптік ауруларды есепке алудың бірыңғай тәртібін белгілеу бойынша жұмыстар жүргізу; • Басшылық пен жұмыскерлерді жұмыс орнындағы еңбек жағдайларының жай-күйі туралы, сондай-ақ қауіпті және зиянды өндірістік факторлардан қорғау бойынша қабылданған шаралар туралы хабардар ету, • Өндірістегі жазатайым оқиға немесе кәсіптік ауру салдарынан қызметкерлердің денсаулығына келтірілген зиянды өтеу (қажет болған жағдайда)төлеміне құжаттар дайындауды қамтамасыз ету; • Ғимараттардың, құрылыстардың, жабдықтардың, машиналар мен механизмдердің техникалық жай-күйін олардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігін, желдеткіш жүйелері жұмысының тиімділігін, санитариялық-техникалық құрылғылардың, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлардың, жұмыскерлердің ұжымдық және жеке қорғану құралдарының жай-күйін тексеруді, зерттеп-қарауды бақылау және ұйымдастыру, олардың уақтылы жүргізілуін бақылау; • Қорғаныс техникасының, сақтандырғыш және блоктау құрылғыларының, қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсерінен қорғаудың басқа құралдарының жетілдірілген конструкцияларын әзірлеу және енгізу, қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын, ұтымды еңбек және демалыс режимдерін құру бойынша іс-шараларды әзірлеу және енгізу туралы ұсыныстарды дайындауға және енгізуге бөлім қызметкерлерінің қатысуын қамтамасыз ету; • Ұйымда әзірленетін жобалық құжаттаманы келісуге, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтау бөлігінде құрылысы аяқталған немесе қайта жаңартылған өндірістік мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдау, қондырғыларды, агрегаттарды және басқа да жабдықтарды жөндеуден қабылдау жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысу; • Ұжымдық шарттың "еңбекті қорғау" бөлімін жасауға қатысу, оның орындалуын бақылауды жүзеге асыру; • Ұйым бөлімшелерінің басшыларына қызметкерлер міндетті алдын ала, мерзімдік және ауысым алдындағы медициналық тексеруден өтуі тиіс кәсіптер мен лауазымдар тізімдерін, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды, еңбек қауіпсіздігі жөніндегі ұйымның стандарттарын әзірлеу және қайта қарау кезінде қолданыстағы заңнама негізінде кәсіптер мен лауазымдар тізімдерін жасауға әдістемелік көмек көрсету; • Ішкі радиожеліні, теледидарды, қабырға газеттерін, витриналарды пайдалана отырып, ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, денсаулық сақтау мәселелері бойынша насихат және ақпарат кабинетінің жұмысын ұйымдастыру; • Компания жұмыскерлерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және радиациялық қауіпсіздігі бойынша кіріспе нұсқамаларын өткізуді, оқытуды және білімдерін тексеруді қамтамасыз ету; • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі құжаттаманы сақтауды ұйымдастыру, белгіленген нысандар бойынша есептілік жасау; • Компания бөлімшелерін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ережелермен, нормалармен, нұсқаулықтармен, плакаттармен және басқа да көрнекі құралдармен қамтамасыз ету, сондай-ақ оларға тиісті ақпараттық стенділер жабдығында әдістемелік көмек көрсету; • Денсаулық сақтау және еңбекті қорғау мәселелері бойынша медициналық ұйымдармен, ғылыми-зерттеу және басқа да ұйымдармен байланысты жүзеге асыру және олардың ұсынымдарын енгізу бойынша шаралар қабылдау; • ӨҚД-ң операциялық және күрделі бюджетін әзірлеу, сондай-ақ шығыстарды бюджетпен тұрақты салыстырып тексеру; • Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді (ТЖҚ) жеткізушілермен шаруашылық және қаржылық шарттардың шаблондарын келісу; • ӨҚД-ң қызметіне қатысты ТЖҚ сатып алу үшін техникалық тапсырмаларды, талдауларды және басқа құжаттарды уақтылы жасауды қамтамасыз ету; • Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы стандарттар мен нормативтерді сақтау жөніндегі заңнама талаптарын орындауға бағытталған іс-шараларды әзірлеуге және енгізуге басшылық ету; • Қоршаған ортаның ластануын болдырмау, еңбектің қолайлы жағдайларын қамтамасыз ететін экологиялық нормаларды сақтау, сондай-ақ авариялар мен апаттардың алдын алу жөніндегі шараларды әзірлеу; • Компанияның жаңа нысандарын жобалау, салу және пайдалану, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту және реконструкциялау кезінде тұйық цикл экономикасын құру; • Жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі хаттарын, өтініштері мен шағымдарын қарауға және олар бойынша жұмыс берушіге тексеру барысында бар және анықталған кемшіліктер мен олқылықтарды жою жөнінде ұсыныстар дайындауға, сондай-ақ өтініш берушілерге жауаптар дайындауға қатысу; • Қажет болған жағдайда, ҚР-ң қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерін, жұмыс беруші актілерінің талаптарын сақтай отырып, қажетті құжаттарды рәсімдеу, қойылған міндеттерді және мердігер ұйымдардың жұмыстарды орындауына бақылауды жүзеге асыру үшін ТЖҚ сатып алу мақсатында өзге ұйымдармен шарт құруды бастамалау; • Қажет болған жағдайда, тұрақты немесе уақытша негізде әрекет ететін комиссияға қатысу; • Бағынушыларын жұмыс беруші актілері және Компанияның басқа да құжатарымен уақтылы таныстыру; • Бөлімше жұмыскерлері арасында міндеттерді дұрыс үлестіру, бағынушылардың лауазымдық нұсқаулықтарын дайындау (бағынушылары болған жағдайда); • Компания басшылығының тапсырмасымен, немесе өз бастамасы бойынша орындалып жатқан жұмысына қатысты құжаттарды, жұмыс беруші актілерін дайындау; • Бөлімше штатын білікті жұмыскерлерімен жасақтау (бағынушылары болған жағдайда); • Бағынушылары қызметіне және бағынушыларының өз лауазымдық міндеттерін тиісінше орындауына басшылық және бақылау жасау (бағынушылары болған жағдайда); • Жұмыс уақытын есепке алу табелі, жұмыс кестелері, демалыс кестелері, вахта кестелері және т.б. (қажет болған жағдайда) секілді бөлімше жұмыскерлерін басқару бойынша алғашқы құжаттаманы жасау, әзірлеу, жүргізу; • Тікелей бастығы, Бас директордың, және қажетінше жедел, өндірістік, өзге кеңестердің және Компанияның басқа басшыларының жеке тапсырмалары мен қойылған міндеттерін өз уақытында орындау; • Өз құзыреті аясында жеке басының жұмыс беруші актілерін, саясаттар, ережелер, нұсқаулықтар және жұмыскердің еңбек қызметіне қатысты Компанияның басқа құжаттарын орындауын қамтамасыз ету; • Еңбек, ұжымдық шарттар, осы лауазымдық нұсқаулық, жұмыс беруші актілері және де Компанияның өзге бақыланатын құжаттарына сәйкес қойылған мақсаттарды, еңбек міндеттерін адал, уақтылы және сапалы орындау (тиісті көлемде және мерзімінде орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда, немесе сұрақтар туындаған жағдайда жұмыскер тікелей бастығына хабарлауы тиіс және қажет болса, міндеттердің, тапсырмалардың және т.б. орындау мерзімін создыруға тиіс). • Еңбек шартын бұзу/тоқтату барысында Компанияға тиесілі құжаттар, материалдар және т.б. меншікті еңбек шарты талаптарына сәйкес және бекітілген тәртіпте тапсыру (қажет болған жағдайда); • PRG-LEG-02 "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау жөніндегі нұсқаулық" талаптары мен ережелерін сақтау; • PP-LEG-01 "Іскерлік этика саласындағы саясат" және REG-LEG-05 "Мінез-құлық және іскерлік этика кодексінің»талаптары мен ережелерін сақтау; • RM-02 « «Инкай» БК» ЖШС-ң тәуекел-тәбетін және негізгі тәуекелдеріне төзімділігін анықтау және мониторинг жасау», RM-01 «Инкай»БК»ЖШС-ң негізгі тәуекел көрсеткіштерін анықтау және оларға мониторинг жасау» нұсқаулықтарының, REG-RM-01 «Тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау және «Инкай» БК» ЖШС тәуекелдерін басқару әдістерін айқындау қағидалары» және PP-RM-01 «Инкай» БК» ЖШС-ң тәуекелдерді басқару саясаттарының» ережелерінің талаптарын сақтау (егер жұмыскер тәуекел иесі болса);Білім:
• Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы жоғары білім немесе жоғары техникалық білім • Высшее образование в области охраны труда, техники безопасности и охраны окружающей среды, или высшее техническое образованиеДағдылар:
• Өндірістік нысандардағы еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, радиациялық қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл – міндетті; • Салыстырмалы компаниялардағы салыстырмалы лауазымдардағы басшылық тәжірибе кемінде 1 жыл – міндетті түрде немесе "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК"АҚ немесе "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ ЕТҰ-дағы басшылық/басқару позициясындағы жұмысты кемінде 1 жыл; • Өндірістік кәсіпорындарда 3 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі - міндетті. • Опыт работы в области охраны труда, техники безопасности, радиационной безопасности, охраны окружающей среды на производственных объектов не менее 3 лет – обязательно; • Руководящий опыт на сопоставимых должностях в сопоставимых компаниях не менее 1 года – обязательно или опыть работы в АО НАК «Казатомпром» или ДЗО АО «НАК «Казатомпром» на руководящей/управленческой позиции не менее 1 года; • Опыть работы на производственных предприятых не менее 3 лет - обязательно • Қазақстан Республикасының орындалатын жұмыс мәселелері бойынша заңнамасы, нормативтік құқықтық актілері; • Орындалатын жұмыстың тиісті мәселелеріне қатысты әдістемелік материалдар; • Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздері; • Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау қағидаларының негіздері; • Қауіпсіздік техникасының және еңбекті қорғаудың, өндірістік санитарияның және өрттен қорғаудың ережелері мен нормалары; • Азаматтық қорғаныс, өндірістік және радиациялық қауіпсіздік салаларындағы ережелері мен нормалары; • Менеджмент жүйелері бойынша стандарттар (яғни ISO 14001, ISO 45001); • Төтенше және / немесе дағдарысқа қарсы басқару; • Тәуекелдерді бағалау, негізгі себептерді талдау және аудит жүргізу әдістемелерін білу; • Технологиялық процестердің негіздері және өндіріс режимдері, ұйымның жабдықтары және оның жұмыс принциптері; • Жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын зерттеу әдістері; • Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жөніндегі әдістемелік және басқа да материалдар; • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; • Жұмыстың ауырлық санатын негізге ала отырып, жұмыскерлерге қойылатын психофизиологиялық талаптар, жеңіл еңбекке ауыстырылған жұмыскерлердің жекелеген санаттарының еңбегін пайдалануды шектеу; • Жабдықтың техникалық жай-күйінің жұмыстарды қауіпсіз жүргізу талаптарына сәйкестігін бақылау қағидалары мен құралдары; • Өндірістегі жазатайым оқиғаларды және жұмыскерлер денсаулығының өзге де зақымдануларын тергеп-тексеруді жүргізу тәртібі; • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы озық отандық және шетелдік тәжірибе; • Насихаттаудың әдістері мен нысандары бойынша ақпаратты еңбекті қорғау және қауіпсіздік; • Жоспарлы, жобалық және өзге де материалдарға экологиялық сараптама жүргізу тәртібі, экологиялық сертификаттау жүйесі, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды метрологиялық қамтамасыз ету, • Өрт қауіпсіздігі талаптары; • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралардың орындалуы туралы есептілікті жасау тәртібі мен мерзімдері, экономика, еңбекті ұйымдастыру, өндіріс және басқару негіздері, • Экономика, өндірісті, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздері; • ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасы • Законодательство, нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам выполняемой работы; • Методические материалы, касающиеся соответствующих вопросов выполняемой работы; • Основы трудового законодательства Республики Казахстан; • Основы правил охраны недр и окружающей среды; • Правила и нормы безопасности и охраны труда, производственной санитарии и противопожарной защиты; • Правила и нормы в области гражданской защиты, производственной и радиационной безопасности; • Стандарты по системам менеджмента (т.е. ISO 14001, ISO 45001); • Экстренное и/или антикризисное управление; • Знание методик оценки рисков, анализа основных причин и проведения аудита; • Основы технологических процессов и режимы производства, оборудование организации и принципы его работы; • Методы изучения условий труда на рабочих местах; • Методические и другие материалы по охране окружающей среды и рациональному использованию природных ресурсов; • Организацию работ по безопасности и охране труда; • Психофизиологические требования к работникам, исходя из категории тяжести работ, ограничения применения труда отдельных категорий работников, переведенных на легкий труд; • Правила и средства контроля соответствия технического состояния оборудования требованиям безопасного ведения работ; • Порядок проведения расследования несчастных случаев и иных повреждений здоровья работников на производстве; • Передовой отечественный и зарубежный опыт в области безопасности и охраны труда; • Методы и формы пропаганды и информации по безопасности и охране труда; • Порядок проведения экологической экспертизы плановых, проектных и прочих материалов, систему экологической сертификации, метрологическое обеспечение мероприятий по охране окружающей среды, • Требования пожарной безопасности; • Порядок и сроки составления отчетности о выполнении мероприятий по безопасности и охране труда, по охране окружающей среды, основы экономики, организации труда, производства и управления, • Основы экономики, организации производства, труда и управления; • Законодательство РК об административных правонарушенияхҚосымша:
• Пайдалы қазбаларды өндіру саласындағы халықаралық стандарттар мен озық тәжірибені еркін пайдалану (табиғи уранды өндіру саласында дұрысы); • Мемлекеттік органдармен байланыстарды және өзара іс-қимылды жолға қою тәжірибесі; • Қызметкерлерді басқару және бюджетті жоспарлауды қоса алғанда, бөлімді басқару тәжірибесі; • Көшбасшылық дағдылары және өзін еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау ісіне арнау; • Ауызша және жазбаша қарым-қатынастың тамаша дағдылары; • Аналитикалық ойлау, әдістеме және дамыған ақпаратты жалпылау қабілеті; • Келіссөздер мен тұлғааралық қарым-қатынастың дамыған дағдылары; • Команданы ынталандыру және басқару қабілетіБілетін тілдер:
Қазақ тілін білу (ауызша және жазбаша) – еркін; • Орыс тілін білу (ауызша және жазбаша) – еркін; • Ағылшын тілін білу-бастапқы деңгей;Ұқсас вакансиялар
Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау инженері
«Семізбай-U» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
19.06.2026 | 27
Өндірістік бақылау қызметінің инженері
«Семізбай-U» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
18.06.2026 | 82
Өндірістік бақылау қызметінің бастығы
«Семізбай-U» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
15.06.2026 | 308