Аударма секторы менеджері (аудармашы)
«Самұрық-Қазына Бизнес Сервис» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
«СК Бизнес Сервис» ЖШС-ның ішкі рәсімдерінің аясында «Самұрық-Қазына» АҚ, оның ПК/ ЕТҰ-дан, қызмет бойынша Серіктестіктен келіп түсетін барлық құжаттар мен материалдарды сапалы және уақтылы аударуды қамтамасыз етеді.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
- Шет тілдер/ аударма ісі/ филология мамандығы бойынша жоғары гуманитарлық.
- Аударма дағдыларын арттыру бойынша сертификацияның/сертификаттың болуы.
- Мемлекеттік органдарда және/немесе «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобында аударма қызметі бойынша кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.
Білім мен дағдыларға қойылатын талаптар:
- «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.
- ағылшын және орыс тілдерінің грамматикасын, емлесін, стилистикасын және пунктуация ережелерін білу;
- заманауи техникалық құралдар мен компьютерлік технологияларды қолдана отырып ақпаратты жинау және өңдеу әдістерін білу;
- ғылыми-техникалық аударма әдістемелерін білу;
- жұмыста қажетті шет тілдеріндегі мәтіндермен, анықтамалықтармен және энциклопедиялармен, оның ішінде электрондық мәтіндермен жұмыс істеу әдістерін білу;
- ғылыми әдеби редакциялау негіздерін білу;
- орыс және шет тілдерінде аударылатын мәтіндер тақырыбы бойынша терминологияны білу;
- қолданыстағы шартты қысқартуларды, сондай-ақ нормативтік-құқықтық актілерде, мемлекеттік бағдарламаларда, тапсырыс берушілердің ресми құжаттарында қолданылатын шартты қысқартуларды білу;
- түзету жұмыстарына қолданыстағы нормативтерді білу;
- аударма саласындағы отандық және шетелдік тәжірибені білу;
- тәуекелдерді сәйкестендіру және басқару қағидаттарын білу;
Дағдылар мен құзыреттер (функционалдық):
- экономика, құқықтану, мұнай және газ, байланыс, көлік, энергетика және т. б. салаларда аудармалардың түпнұсқалардың лексикалық, стилистикалық және семантикалық мазмұнына дәл сәйкестігін, ғылыми және техникалық терминдер мен анықтамаларға қатысты белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық актілерді, шарттарды, келісімшарттарды, меморандумдарды, есептерді аудару және редакциялау дағдылары;
- ағылшын тілінен орыс тіліне және орыс тілінен ағылшын тіліне жазбаша аудару дағдылары;
- сөздіктермен, терминдермен, жинақтармен және анықтамалықтармен жұмыс істей білуі;
- аудармаларды өңдеу дағдылары;
- ауызша және жазбаша қарым-қатынас дағдылары;
- сөздіктерді, терминологиялық стандарттарды, жинақтар мен анықтамалықтарды қолдана білуі;
- спичрайтинг/ копирайтинг/ аналитика дағдылары;
- MS Office тәжірибелі пайдаланушысы (MS Excel, MS PowerPoint, MS Word);
Құзыреттер (жеке):
- нәтижеге бағдарлану;
- жауапкершілік;
- командада жұмыс істеу;
- қарым-қатынас дағдылары;
- өзгерістерді басқару.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр