"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Жолды диагностикалау орталығы" филиалының өндірістік-техникалық бөлімінің бас менеджері (17 Грейд)
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
- Филиалды дамытудың перспективалық, ұзақ мерзімді, орта мерзімді және жылдық жоспарларын әзірлейді;
- филиал басшылығының Бөлімнің алдағы жылға арналған жылдық жұмыс жоспарын әзірлейді және бекітеді;
- филиалдың контрагенттерімен шарттар жасасу, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету шарттары мәселелері бойынша кеңестер өткізеді;
- тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарттар бойынша өнім берушілердің көрсетілетін қызметтерін сатып алу процесін үйлестіреді және қамтамасыз етеді, өнім берушілермен жұмыс жүргізеді (бұзу туралы, өсімпұл есептеу туралы және т.б. хабарламалар жіберу);
- филиал бойынша берілетін анықтамалардың, ай сайынғы есептердің (тоқсандық, жартыжылдық, жылдық және т.б.) уақтылы және сапалы дайындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;
- өндірістік-техникалық саладағы тәуекелдер тізілімін талдайды, әзірлейді және жүргізеді (жұмыс кестесінен ықтимал артта қалу мәліметтері және оларды төмендету жөніндегі нақты шаралар және т.б.);
- компанияның құрылымдық бөлімшелері мен ЕҰ-ның, «Қазақстан темір жол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ өкілдерінің өндірістік-техникалық мәселелер бойынша өтініштерін қарау жөніндегі жұмысты жүзеге асырады);
- өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау және еңбек жағдайын бағалауды айқындау жөніндегі комиссияның құрамында жұмысты жүзеге асырады.
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Мамандығы: Құрылыс (Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы), Көлік, көліктік техника және технология; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (темір жол көлігі); Геодезия, Стандарттау, Метрология, Сертификаттау, Экономика, Менеджмент, Маркетинг
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 4 жыл жұмыс тәжірибесі, оның ішінде стратегияны/саясатты әзірлеу/іске асыру және/немесе қызмет бейіні бойынша басқару жүйелерін құру процесіне қатысу тәжірибесі
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Ұқсас вакансиялар