"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС - "Ақтөбе" филиалының жүк және багаж қабылдаушысы
- Құрылған күні:
-
22.04.2026
- Берілген өтінім:
- 7
- Қаралған саны:
- 70
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
• Теміржол арқылы тасымалданатын жүктерді қабылдауды, өлшеуді, тиеуді, сұрыптауды, қайта тиеуді, түсіруді, сақтауды және беруді жүзеге асырады;• Жөнелтушінің (алушының) құралдарымен тиеу немесе түсіру үшін берілетін жүктелген және бос вагондарды, контейнерлерді коммерциялық тұрғыдан қабылдау және тапсыруды жүзеге асырады;
• Жүкті жүк алушыға подъезд жолдарында массасын, орын санын және жай күйін тексерумен бірге береді — Ерекше ережелерде көзделген жағдайларда;
• Жүк алаңының жалпы пайдалану орындарында жүк орындарының санын және жай күйін сыртқы тексеру арқылы тексереді, ал ережелерде көзделген жағдайларда жүкті қоймаға немесе тікелей вагонға қабылдағанда, қоймадан түсіргенде және алушыға бергенде оның массасын және жай күйін тексереді;
• Ерекше ережелерде көзделген жағдайларда жүк орындарына теміржол белгілерін салады;
• Станцияның жұмысының технологиялық процесімен белгіленген тәртіп пен мерзімдерде жүктер мен контейнерлерді тиеуді, түсіруді және сұрыптауды қамтамасыз етеді;
• Жүкті коммерциялық тұрғыдан беру сәтінен бастап, беру нәтижелері бойынша ГУ 23 жалпы нысанының есеп хаты мен актісін жасайды және оны акт бөліміне вагон парағының түсірілгені туралы белгісі бар түпнұсқасымен бірге тапсырады; вагонның техникалық ақаулығы болған жағдайда — ГУ 106 нысанының актісін тапсырады;
• Жүк тиеудің Техникалық ережелерінің сақталуын және вагондар мен контейнерлердің жүк көтергіштігін барынша пайдалануды қамтамасыз етеді;
• Жүктерді тиеу және түсіру есебі бойынша көзделген барлық құжаттаманы рәсімдейді;
• Құжаттардың сақталуына жауап береді;
• Вагондар мен контейнерлерді тиеу және түсіру алдында коммерциялық тұрғыдан тексеріп, олардың берілген жүкті тасымалдауға коммерциялық жарамдылығын анықтайды;
• Жүк иелерінің құралдарымен жалпы және арнайы пайдалану орындарында жүктерді тиеу және түсіру кезінде жүктелген және бос вагондар мен контейнерлерді коммерциялық тұрғыдан тапсырып, сондай ақ тиеу мен түсірудің соңында қабылдайды. Жүкті массасы, орын саны және жай күйі тексеріліп беріледі — ережелерде көзделген талаптарға сәйкес;
• Жөнелтушілер мен алушылардың жүк тасымалдау ережелерін және Техникалық талаптарды сақтауын жүйелі түрде бақылайды, вагондардың жүк көтергіштігінің (сыйымдылығының) толық пайдаланылуын және подъезд жолдарындағы вагондардың тұру нормаларының орындалуын қадағалайды;
• Түсірілген жүктің толықтығын және вагондар мен контейнерлердің түсіруден кейінгі тазалануын тексереді;
• Теміржолға тиесілі жүктерді, вагондарды, контейнерлерді және ауыстырылатын тасымалдау құралдарын қабылдау, тиеу, сұрыптау, қайта тиеу, түсіру, беру және тапсыру есебін жүргізеді;
• Вагондар мен контейнерлерді түсіру, подъезд жолдарына беру және алу, контейнерлерді шығару, тиеу және түсіру туралы ақпаратты АСОУП, АСУ ДКР, «Winterm» жүйелеріне енгізуді және беруді қамтамасыз етеді;
• Станциялық коммерциялық есепті жүргізу жөніндегі нұсқаулықта көзделген ережелерді ескере отырып, вагондар мен контейнерлерді беру (алу) ескертпелері мен ведомостерін рәсімдейді;
• Жүктің келуі туралы жүк алушыларға, кеден және ветеринарлық қызметтерге, сондай ақ Ақтөбе станциясындағы сызықтық ішкі істер басқармасының қызметкерлеріне және Ақтөбе станциясының әскерилендірілген теміржол күзет қызметінің күзетшілеріне жүкке қол жеткізу немесе ұрлық іздері бар вагондар келген жағдайда хабарлайды;
• Есептік кітаптарды, жүкқұжаттарды, вагон парақтарын, ескертпелерді және өз міндеттеріне кіретін басқа да құжаттарды толтырады;
• Коммерциялық ақаулары бар вагондар мен контейнерлерді подъезд жолына және уақытша сақтау қоймасына ауыстырғаннан кейін коммерциялық беру үшін күзетке тапсырады, жүктері бар вагондарды қабылдау беру есебі кітабына жазба енгізеді;
• Ақтөбе 1 станциясына коммерциялық ақаулары бар вагондар мен контейнерлер келген жағдайда жүкке қол жеткізуді жояды;
• Теміржол көлігі объектілерінен жүктер мен материалдық құндылықтар ұрланғаны туралы ақпарат келген немесе анықталған жағдайда станция басшылығына және теміржол көлігіндегі сызықтық ішкі істер бөлімінің күзет бөліміне хабарлайды;
• СК 66 күзетшісімен бірлесіп, Ақтөбе станциясының маневр бригадасы қызмет көрсететін подъезд жолдарында, Альжан, Ақтөбе 2 станцияларына іргелес жатқан пойыздарды (вагондар мен контейнерлерді) коммерциялық тұрғыдан тексереді. Ақтөбе 2 станциясының 4 разрядты жүк және багаж қабылдаушысы, Ақтөбе 1 станциясының жүк және багаж қабылдаушысы қабылдайтын жүктелген вагондарды подъезд жолдарынан СК 66 қызметкерлеріне күзетке беруді жүзеге асырып, ХУ 5 (СТЦ) есеп беру кітабына жазба енгізеді. Сондай ақ, номенклатуралық жүктері бар вагондарды подъезд жолдарында иесінің күзет нарядына немесе жүк алушыға беру кезінде;
• Контейнерлерді алаңдарда дұрыс орналастыруын, олардың сақталуын қамтамасыз етуге сәйкес бақылайды;
• Келесі ауысымға тасымалдау және есеп құжаттарын, есептік кітаптарды, пломбаларды тапсырады;
• Ауысымды тапсыру кезінде 5 разрядты жүк қабылдаушыға атқарған жұмысы туралы есеп беріп, есептік мәліметтерді ұсынады;
• Техникалық сабақтарға қатысады
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж